Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  5 класс  /  Урок для 5 класса на тему: Уақыт өлшемдері

Урок для 5 класса на тему: Уақыт өлшемдері

Урок для 5 класса с новыми подходами у обучению.

06.05.2017

Содержимое разработки

Күні:

07 сәуір .2017ж.

Пән:

Қазақ тілі

Сынып:

5 «В»

Сабақтың тақырыбы:

Уақыт өлшемдері


Сабақтың мақсаты:

Оқушылар уақыт өлшемдеріне байланысты түсініктерді білуге, дұрыс пайдалануға жағдай жасау.

Сабақтың міндеттері:

Уақыт өлшемдерін мәтін, тапсырмалар арқылы үйренуіне мүмкіндік беру;

Тақырыпқа байланысты білімдерін жетілдіруге түрлі тапсырмалар дайындау;

Жеке, жұптық,топтық жұмысты ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар уақыт өлшемдеріне байланысты түсініктерді дұрыс пайдалануға үйренеді.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің рөлі

Оқушының белсенділігі.

І.Ұйымдастырушылық кезеңі

1. «Қуаныш шеңбері»


1. Оқушылар ортаға шығып

Қуаныш шеңберін жасап, бір-біріне сәттілік тілейді.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Жаңа сөздер (132 бет)



Сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Презентация «Уақыт». « Миға шабуыл»

Балалар, презентация не туралы?

-Дұрыс, сабақтың тақырыбы «Уақыт өлшемдері»

Уақыт туралы.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Балалар, бүгін сабақтың барысында сендер жұпта, топта, жеке жұмыс істейсіңдер. Бір –бірінді бағалайсыңдар. Сабақ барысында кластер құрастырасыңдар. Сабақтың соңында сабақтан алған әсерлерің туралы айтасыңдар.

Мұқият тыңдайды.

«Ой қозғау» стратегиясы

Ассоциация.

Уақыт деген сөзді естігенде сендердің ойларына не түседі?
(оқушылар сызбаны  толтырады)
Уақыт өлшемдеріне қандай сөздер жатады?

Уақыт өлшемдеріне жататын сөздерді жазғыздырады.

  • Тәулік

  • Уақыт өлшемдері

  • Жыл, минут

  • Ғасыр

- ай

Оқушылар жауап арқылы өз ойларын айтады.




Уақыт өлшемдеріне жататын сөздерді жазады.


Сөздікпен жұмыс

  • Тәулік-сутки

  • Уақыт өлшемдері –измерение времени

  • Жыл -год

  • Ғасыр –век

  • Ай –месяц

  • Апта- неделя

Сөздерді дәптерлеріне жазады.

Мәтінмен жұмыс

Бір ғасырда 100 жыл бар. Бір жылда 365 күн бар.

Бір жылда 12 ай бар: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қарашы, желтоқсан.

1 жылда 4 мезгіл бар:қыс, көктем, жаз, күз.1 жыл мезгілінде 3 ай бар. Бір айда 4 апта бар. Бір аптада 7 күн бар:дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.Бір күнде 24 сағат бар. Бір сағатта 60 минут бар.Бір минутта 60 секунд бар.


Мәтінді оқиды, аударады.

Топпен жұмыс

А) топқа бөлу.Түстер арқылы (жасыл,қызыл,сары)

В) тапсырмалар орындау.

І-топ: сөздерді сәйкестіріңдер.

1.Тәулік - 1.мезгілі

2.Уақыт - 2.Ақпан

3.Жыл – 3.Дүйсенбі

4.Ғасыр – 4.Жиырма төрт сағат

5.Ай – 5.Өлшем

6.Апта - 6.Жүз жыл

ІІ-топ Көп нүктенің орнына керекті сандарды қойып, сөйлетіңдер

Бір тәулікте - ... сағат бар. 
Бір жылда - ... күн бар. 
Бір жылда - ... ай бар. 
Бір айда – ... күн бар. 
Бір аптада - ... күн бар. 
Бір сағатта- ... минут бар. 
Бір жылда - ... мезгіл бар. 
ІІІ-топ: Уақыт өлшемдерін кластер арқылы көрсетіңдер.

Оқушылар сөздерді сәйкестіреді .








Оқушылар көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқиды.





Оқушылар кластер құрастырады, қорғайды.

Рефлексия (формативті бағалау

«Бас бармақ» әдісі арқылы

«2 шындық,1 өтірік» стратегиясы

1 топ

1.Бір ғасырда жүз жыл бар.

2. 1 жылда 4 мезгіл бар.

3.Қыс айлары:сәуір, мамыр, маусым.

2 топ

1.Бір жылда 12 ай бар.

2. Бір аптада 6 күн бар.

3. Бір айда 4 апта бар.

3топ

1.Бір сағатта 59 минут бар.

2.Бір минутта 60 секунд бар.

3.Жыл мезгілдері:көктем,жаз,қыс,күз.


Әр топтың жауабын тыңдаймыз, «бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймыз

Грамматикалық бөлім

Сан есім

Мәтінде қара түспен нелер белгіленген?


Оқушылар жауап береді.

-Сандар

Ережені еске түсіру

  • Сан есім деген не?

  • Сан есім – заттың санын білдіреді.

  • Сұрақтары қандай?

  • Неше?қанша?нешінші?

Дұрыс балалар,келесі сабақта сан есім туралы білімдерді жалғастырамыз.

Ережені меңгереді.

Грамматикалық тапсырма

(формативті бағалау «бағдаршам» әдісі арқылы)

1топ- Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.(төрт,алты)

2 топ- Берілген сан есімдерді екі бағанға жазыңдар.

Дара сан есім

Күрделі сан есім



24,7, 10, 15, 297, 5.

3 топ- «Уақыт» сөзіне «Синквейн» әдісін пайдалана отырып «5 жолды өлең» құрастыр .

Әр топ берілген тапсырмаларын орындайды. Топтардың жұмысы нәтижесін

«бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймыз.

Қорытынды:

Тест

1.Бір ғасырда неше жыл бар.

А)10 В) 12 С)100

2.Бір жылда қанша ай бар.

А)14 В) 15 С)12

3.Қыс айлары....

А) қаңтар, ақпан, желтоқсан

В) сәуір, мамыр, желтоқсан

С) шілде, тамыз, қыркүйек

4. 1 жылда неше мезгіл бар.

А)4 В) 5 С)3

5.Бір айда қанша апта бар.

А)7 В) 8 С)4

6.Бір аптада неше күн бар.

А)9 В) 7 С)8

7. Бір күнде неше сағат бар.

А)24 В) 30 С)29

8.Бір сағатта неше минут бар.

А)50 В) 60 С)70

9.Бір минутта неше секунд бар.

А)59 В) 58 С)60

10.Реттік сан есім

А)екінші В) екеуі С)екі

Бағалау криттериясы:

«5» 1-10 дұрыс

«4» 8-9 дұрыс

«3»- 5-7 дұрыс

«2» -1-4 дұрыс

Жауаптары:

1.С 2.С 3.А 4.А 5.С 6.В 7.А 8.В

9.С 10.А


Тест тапсырмасын орындайды.

Бағалау


«5» 1-10 дұрыс

«4» 8-9 дұрыс

«3»- 5-7 дұрыс

«2» -1-4 дұрыс


Бір- бірін бағалайды.

Оқушылар бағалау криттериясын пайдалана отырып бағаларын қояды.


Үйге тапсырма

  1. Жыл мезгілдеріне байланысты шағын әңгіме жазу.

  2. Жыл мезгілдеріне байланысты мақал-мәтелдер жазу.

  3. 5.7 сандармен сөйлем құрастыру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Кері байланыс

Сабақ ұнады орташа болды ұнамады

Өздері қалаған нұсқасын белгілейді.


-80%
Курсы дополнительного образования

Основы языка программирования C#

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Урок для 5 класса на тему: Уақыт өлшемдері (52.25 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт