Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Разное  /  Прочее  /  Урочище Тынышбай сай

Урочище Тынышбай сай

11.05.2020

Содержимое разработки

Халқымыздың ерте заманнан бері ел болып,еңсе көтеруінің ерекше еңбек еткен азаматтарды ардақ тұтатының жақсы білеміз.

Біздің Жетісу тарихында елім деп еңіреп өткен ерлер,халық қамын ойлаған қайраткерлер аз болмаған. Жетісу өлкесінде әлі де болса зерттелмей жатқан жер-су атауларының өзі бір тарих десе болады. Сонының бірі –Тынышбай сай.

Жетісудың екі өзені: Лепсі мен Ақсу бойын ерте заманнан Найман-Садыр елі мекен еткен. Осындай табиғаты жомарт тарихы өлкеде 1879 жылы Садырдан тарайтын Тәуімбет Әлдекеннің Тынышбайының шаңырағында қара домалақ ұл өмірге келеді. Шілдеханасын өткізіп ақсақалдар азан шақырып есімін Мұхамеджан деп қояды. Садыр елінің дәстүрі бойынша жарық дүниеге келген сәбиге өз жайлауында бір-бір тұм қазып,бұлаққа қосуды әдетке айналдырған. Жайлауға шығып,ел орныққан соң, молдаға құран оқытып, мал шалдыртып, бастаулар мен қайнарлардың көзін ашып, жылғалардың арналарын тазалау мейрам тойға ұласатын. Сол жылы Шәугімкеткен мен Қоратастың арасындағы Қазыққанда Мұхамеджанның атына да тұма қазылып, Лепсіге құятын тарау-тарау бұлақтың сағасына қосқан.

Мұхамеджанның әкесі –Тынышбай кісілікті ел –жұртына беделді отағасы болған.Көнекөз қарттардың айтуы бойынша ,патша өкіметі зорлықпен шұрайлы жерлерді казак-орыстарға тартып алып бере бастағанда намысқа шыдамай соның соңынан дау айтып ояз бастықтардың есігін тоздыртып, қуынғандардың алдыңғы легінде Тынышбай да жүрген-ді. Анасы-Шаһизада бану келбетті ақжарқын жан болған. Тынышбай мен Шаһизадабанудан екі ұл,үш қыз туған. Олар : Ахметжан,Мұхамеджан, Салмақты,Қадиша, Қампаш.Мұқан әуелітінң ата –қонысы Ешкіөлмес , жайлауы-Суық,қыстауық –Сарқарын, Басқан. Заманның құйындай соққан зуалы мен зұматында бүгежектеп бүгежектеп,бар ғұмырын халқының болашағы үшін арнаған.Сол жолдытабаны таймай алдына қойған мұрат –мақсатынан әсте таңбаған,адал жүрек,нар тұлғаның балалық жас дәурені –осындай шөбі шүйгін,суы шәрбәт,әсем табиғатынын аясында өтті.

Патша өкіметі Думаны басып-жаншып таратқан соң 1914 жылы Түркістан Әулие -Ата теміржол құрылысына бас инжинер болып ауысты. Осы жылы 96 түтін Тасболат ұрпағы Суық жайлауында осы Ешкіөлмес тауының арғы жағында Қаракерей,Матай, Садыр елін жиып, демалысқа келген Мұханның жаңа қызметі құрметіне Шыңбұлақ түбіндегі той жасайды. Той өткен соң Тәуімбет руынан Жалғасбайды би сайлап, ана көрініп тұрған Тынышбай сайына бір-бір ағаш тал отырғызады. Сол отырғызған ағаштың жұрнағы әлі күнге дейін жарқырап өсіп тұр.

Міне, осы Тынышбай сайы деген жерге Мұхаметжанның әкесі Тынышбайдың сүйегі жатыр, ал Тынышбай туып-өскен үйдін орнының белгісі әлі бар.




-80%
Курсы повышения квалификации

Теоретические аспекты и методика преподавания курса «История российского государства и права»

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Урочище Тынышбай сай (27 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт