«Талица жалпы негізгі білім беретін мектебі»КММ
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы:


«Бүлдіршін» 2 - кіші тобы.
Өткізген: Аскар.С.А
Шағын орталық тобының
тәрбиешісі.
2013жыл.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың төлдерін бір – бірінен ажырата білуге, дыбыстарын айыра білуге үйрету. Үй жануарларының беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Үй жануарлары – домашные животные, сиыр- корова, жылқы – лошадь, түйе – вервлюд, қой – баран, ешкі – коза.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, үнтаспа.
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық - қозғаушы | Ұйымдастыру кезеңі: Қонақтармен сәлемдесу. «Шаттық шеңбер». Армысың асыл күн! Армысың асыл нұр! Армысың асыл досым! Міне,менің қолым! Жылуыңа жылу қос!
| Балалар сәлемдеседі. Шаттық шеңберін орындайды.
|
| Іздену – ұйымдастырушылық
| - Балалар үй жануарларына нелер жатады? - Оларды не себепті үй жануарлары деп атайды? - Үй жағдайында ұстайтын, оларға адамдар қамқорлық жасайтын ол – үй жануарлары. Түйенің төлі-бота. Түйенің төлі-бота. Бұл жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады. Төлдері енесі өріске кеткенде, қарны ашқанда дыбыс білдіреді. «Не қалай дыбыстайды?» Үнтаспадан жануарлардың дыбыстарын келтіру. - Үй жануарларын қалай шақырады?
- Балалар, енді осы үй жануарлары туралы тақпақтар білеміз бе?
Сергіту сәті: Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Томпиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?
Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап та, көрсет» Шарты: тақтада көсетілген жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы көрсету. Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
- Балалар үй жануарларына нелер жатады екен? Сиырдың дыбысы қалай екен? Ал қойдың ше? -Үй жануарларына әрдайым қамқор болып жүріңдер! - Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіне барлығың жақсы қатыстыңдар, сендерге көп рахмет! Ал енді қонақтармен қоштасайық.
| Балалар үй жануарларын атайды. Балалардың жауабы.
Балалар дыбыстарды ажыратып айтады. - Қой – қозы: Пұшайт – пұшайт. Сиыр-бұзау: Аухау – аухау. Ешкі – лақ: Шөре – шөре. Жылқы –құлын: Құрау – құрау. Түйе – бота: Көс-көс.
Ажар: - Әукім-әукім әукешім! Қасиыншы әукесін. Енең әне келеді, Ақ мамасын береді. Айзере: - Кіп-кішкен момақан, Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам «қозым»-деп, «Қошақаным-өзің» деп!
Балалар сұрақтарға жауап береді. - Сау болыңыздар!
|
|
Рефлексивті - қорытындылау
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін, пайдасын, қажеттілігін біледі. Оларды бір – бірінен ажырата алады.
Қалыптасқан әдет: Барлық іс –әрекетке жақсы қатысып, жақсы орындайды.
Істей біледі: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері қалыптасады. Төлдерді шақыру туралы тақпақтарды мәнерлеп айтады. Үй жануарларын айыру, олардың дауысын, жүрісін бейнелеуге шығармашылықпен қарайды





Балалар ойынға белсене қатысады.
"Үй жануарлары" (577.63 KB)

