«Әулиекөл ауданы әкімдігінің №2 Аманқарағай орта мектебі»ММ

Өткізген:Куанышова А.Б.
№2 Аманқарағай орта мектебі ММ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:Куанышова А.Б. 23.11.2016ж.
Білім беру саласы: Таным
Бөлемдер :Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы : «Ұзын-қысқа.Салыстыру.»
Мақсаты: Балалардыңқарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын- қысқа заттарды, үлкен- кіші ,бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер , түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Билингвальді компонент :Длинный – ұзын, короткий – қысқа.
Әдіс тәсілдері:сұрақ- жауап,тірек -сызба, салыстыру, көрнекілік.
| Қызмет кезеңдері | Тәрбиеші қызметі | Балалар қызметі |
| Мотивациялық – қозғаушы | -Амандасу Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз • Балалар далада ауа-райы қандай? Күз мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді: (аз,көп ұғымдарына суреттер балаларға үлестірмелі кеспе қағаздар.) | Балалар тәрбиешімен бірге қайталап жасайды.
- Суық.
-Күз мезгілі.
-Қыс мезгілі Балалар үлестірмелі қағаздағы тапсырмаларды орындайды. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс | Жұмбақ. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады Тәрбиеші:- Балалар бізге қояндар қонаққа келіпті, қояндар жолдың бойымен секіріп келеді. Кәне қояндардың түсін айтыңдаршы қандай? Тәрбиеші:-Ал балалар алдарыңда екі жол жатыр, кәне салыстырайық
Тәрбиеші:- Ал біздің ақ қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?
Тәрбиеші:- Ал біздің көк қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?
Салыстыру әдісі Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы кәне сластырып көрейік қай қоян бірінші келді? Себебі неде? Сергіту сәті. «Аяқпенен топ -топ» Билингвальді компонент :Длинный – ұзын, короткий – қысқа.
Ойын: «Сиқырлы қарындаштар» Балалар мен сендерге қарындаштар беремін,сендер бір қарындаштан алып,кандай қарындаш алғандарынды айтасындар.Ұзын қысқа және түсін айтасындар. «Суреттер сөйлейді» ойыны.Ұзын-қысқа ұғымын ажыратып,салыстырды.
д/о «Қоянның үйі» Балалар мен сендерге геометриялық пішіндер беремін.Кане,бәрін маған қарандар. Сендер қандай пішіндерді білесіңдер?
Пішіндердің түстері қандай?
Тәрбиеші:- Балалар үйді әдемі құрастырдыңдар, енді қояндар осы үйде тұрады, рахмет | Жауабы: Қоян.
-Ақ қоян, көк қоян.
Жолдарды салыстырады Ұзын жол, қысқа жол.
Ұзын жол,түсі қызыл.
Қысқа жол, түсі сары.
Балалар жолдарды салыстырып, көк қоян бірінші келгенін айтады
Себебі: жол қысқа.
Длинный – ұзын, короткий – қысқа Қарындаштарды салыстырады, түсін айтып ажыратады.
Тақтадағы суреттерге байланысты сұрақтар қойылып, балалар ұзын-қысқа ұғымын ажыратып,салыстырды.
Геометриялық пішіндерден қояндарға үй құрастырады.
Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Қызыл , жасыл, сары.
|
| Рефлекстік түзету | -Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма? -Бүгін қандай тақырыппен таныстық? -қандай тапсырмалар ұнады? Балаларды мадақтау. Сабақты қорыту |
-Ия
-ұзын қысқа
-барлығы |
Күтілетін нәтеже
Білу керек:Ұзын- қысқа,үлкен- кіші ұғымдарды. .
Қалыптастыру керек: тапсырманы орындау барысында жылдамдық пен тапқырлықты, тыныш отырып тыңдауды, достық қарым - қатынасты.
Меңгерді:. Пішіндерден үй жасауды, түстерді ажыратуды



"Ұзын - қысқа .Салыстыру" (206.15 KB)

