Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Разное  /  Прочее  /  Ұстаз деген сан қырлы

Ұстаз деген сан қырлы

Ұстаз. қандай қасиетті есім.
14.05.2020

Содержимое разработки

ҰСТАЗ ДЕГЕН САН ҚЫРЛЫ

Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушысы Байжуменова Айгерім Қайратовна

Ұстаз...... қандай қасиетті есім. Менің ойымша кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер тағылымы терең өнер. Ал, өнерлі болу кез келген адам, қанына бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғы дарын, ізгілікті, ізденіс пен ерең еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам ұстаз. Себебі шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгенен кейін аруағын сыйлап ардақтап өтеді.

Шын ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім қана беріп қоймай, тәлім-тәрбие беру, өмірге икемдеу адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кездерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрсып, жекітіп, кейімей- ақ олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау»- деп Мұхтар Әуезов айтқандай уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейдідеп түсінемін. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»- деп Абай атамыз айтып кеткендей, ұстаздық жолда жалығуға хақым жоқ деп есептеймін.

Ұстаз болу үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі ата-аналар өздеріне  ең қымбаттысын яғни балаларын бізге табыстайды. Менің күнде көретінім балалар. Мен оларды шексіз сүйемін.Мені өз сүйіспеншіліктерімен рухани сауықтырады, қолдайды, тыңдайды, ойларын ашық айтады, сенімдерін білдіреді, сырласады. Әрбір бала керемет рухани күш иесі. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі деп қараса, баланың белсенділігі арта түседі. Өмірге, білімге деген құштарлығы жоғарылайды. «Балаға сеніммен қарау – баланы тек қуаттандыра түседі» -деген белгілі педагог Ш.Амонашвили. Яғни балалармен қарым-қатынасқа түскен кезде: үйрете отырып, өзімізді үйрету, тәрбиелей отырып, өзімізді тәрбиелеу, білім беру арқылы өзіміздің білімімізді меңгерту заңдылығын сақтауымыз керек.

Сіздердің алдарыңызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр дегім келеді. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.


-80%
Курсы дополнительного образования

Авторская песня: жанровые особенности

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұстаз деген сан қырлы (13.6 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт