Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  4 класс  /  "Ұлты мақтаған Ұлы тұлға"

"Ұлты мақтаған Ұлы тұлға"

?адыр Мырза ?лиді? шы?армашылы? кешіне орай ?йымдастырыл?ан ?деби шара, шарада о?ушылар а?ынны? шы?армаларын м?нерлеп о?ып, ?здеріні? ?нерлерімен таныстырады.

09.01.2017

Содержимое разработки

Ұлты мақстаған – ұлы тұлға
(Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттауға арналған шара)


Мақсаты:
Қадыр мырза Әлидің шығармашылығымен таныстыру және ақын шығармашылығын насихаттау.


Күтілетін нәтижелері:
1. Ақын шығармашылығы бойынша үлкен мағлұмат қалыптасады.
2. Балалар ақын шығармашылығындағы мысалдармен, жұмабақтар, нақыл сөздер бойынша ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі, өз тәжірибесіндегі түрлі жағдайларда қолдана алады.

I. Сабақтың кіріспе бөлімі
Балалардың қызығушылығын ояту

«Қазақ осы...» домбырамен ашу....


Қадыр Мырза Әли келіп өлеңін оқиды:

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен
Мырзалының,үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен


Жүз демеймін-түсінеді жөнді ұққан.
Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан
Жалғыз едім өспей қойған атадан
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!


Ағайын жоқ ертелі кеш аңыздар
Бар аздаған ойнамайтын балдыздар
Бар аздаған жолдастарым,достарым
Олар да сол: Мен секілді жалғыздар

Әли айтпақшы, жарқылдаған жарым бар
Үш балам бар, құдай берген дарын бар
Момында емен көкке кетер қорлыққа
Асауда емен ала-қашып арындар

Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім
Сездім соның жүректерге жетерін
Жалғызбын деп жанға нөкер болмадым
Өзімніңде болған емес нөкерім

Сөйледім бе, сөйлемейтін бекерге
Ақылымды алмасын тек кетерде
Жағаласпай тыным жүрсем әліде
Жаман жүрек жарап қалар лекерге

Жас алып тұрып көзіме
Жырлаймын, жерім, құп алсақ
Түсемін тамып өзіңе
Тола алмай тұрған көл болсаң

Алысқа тағдыр әкетіп
Амал жоқ егер шет қонсам
Тиемін саған лап етіп
Тұтанбай тұрған от болсаң.

1-жүргізуші Құрметті қонақтар,балалар. Бүгін біз талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Ұлты мақтаған ұлы тұлға» атты кешіне қош келдіңіздер.

2-Жүргізуші:

Биік,биік самғаған
Сұңқар болғым келеді
Бір бәйгеден қалмаған
Тұлпар болғым келеді

Кемеңгерлер мықты ғой иілмеген
Кім бар бірақ ажалға күйінбеген
Есті жырлар бітуге тисті ғой
Есте қалар әдемі түйінменен

2-жүргізуші Ақындық туралы Қадыр атамыз былай дейді: «Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы, өз қара шаңырағынан»


1-жүргізуші Иә, Ақын түйінінде үлкен шындық бар. Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Қадыр атамыздың сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін,тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынған болатын.


***орындауында халқымыздың сүйікті әніне айналған «Өз елім» әнін қабыл алыңыздар.

Дәл осы сәтте Қадыр атамыздың мына жұмбақ өлеңі есіме түсіп тұр, айтып берейінші:

Көзім түсті апамның
Көзіндегі жасына.
«Белгісі ме қапаның?»
Деп келдім мен қасына

2-жүргізуші

Сұрамақпын,білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын, көрмекппін,
Пияз турап жатқанын.

 Адамның жақсы, жаман қасиеттері   

         Шындық

Ақындық шығар айыпты,

Әлі білмен себебін.

Өлеңге айтып қойыппын

Өмірдің айтпа дегенін.

Өтірік жырдың қайдағы

Болмайсың жетіп шетіне.

Ақиқат – сөздің қаймағы,

Тұрмайды шықпай бетіне.

   

                 ***

Көңілім – дос соңында ерген құлын.

Құрбымның құшағында – терген гүлім.

Мен үшін барып тұрған ақырзаман –

Біреуден бір қиянат көрген күнім.

Әділдік ауылында түстенгенмін,

Ақиқат азап шексе тістенгенмін.

Мен үшін ең ғажап күн өмірімде –

Біреуге бір жақсылық істеген күн

         

          ***

Көкейіне қонсын деп қазағымның,

Бір өлеңді бір емес, жазамын мың.

Жазып-жазып қалжырап,

Келесі күн

Рахатын көремін азабымның.

Болмай бірақ тұрмайды бір ағаттық,

Бірге тойлап қызығын жұрағаттың,

Бөсіп-бөсіп түнімен,

Келесі күн

Тартып жатамын азабын рахаттың!



 ***

Бақыт деген батырдың пырағында,

бұқараның ұранында,

өзіңнің босағаңда

жағылған шырағыңда.

Бақыт деген досыңның табағында,

домбыра шанағында,

жарыңның жанарында,

халықтың қабағында!


«Мұғалима»
Мынау менің сезгенім
Ол кластың анасы
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы

Қай кезде де,ол анық
Қайғырмайды өзі үшін

Біздер үшін қуанып

Қызарады біз үшін


Күнде бестік алсаң сен

Онда басқа жоқ арман

Ал оқымай барсаң сен

Бір тал шашы ағарған


1-жүргізуші: Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың,сүйсінесің,тамсанасың,күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді. Ендеше осы кешке қатысып отырған отбасыларына сөз берейік.


«Кәрі Қыран» өлеңі

Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бұл күнде қарауытып,
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.

Санағанмен өлімнен өмірді артық,
Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып,
Тұла бойы құрыстап,
Шабыт қашып,
Денесі де кетіпті ауыр тартып.

Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұл тартпаған.
Қайран күндер:
Қияда құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!

Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа -
Албасты басқырыңа.
Өткір еді - ау, алмас шеңгелі оның
Қайрап - қайрап алғандай тас қырына!

Бауырында таулардың пұшпағы аунап,
О, жастық - ай!
Ауылдан ұшқан аулақ!
Құрыш тырнақ қоладай қайырылып,
Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!

Сеңгір - сеңгір бұлттарды жарып өтіп,
Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп
Қалғаны ма?!
Ендеше
Бұл тірлікті
Қырандарша өтейік тәрік етіп!

*****************

О дүние, білсемші өтеріңді!
Деген оймен шау бүркіт көтерілді.
Көтерілді,
Өртенген самолеттей
Қанатының астынан от өрілді.

Көк аспанын -
Бұлт емес -
Мұң қаптаған
Кезде
Қыран қыран ба үн қаптаған?!
Шаңқ етті де шау бүркіт
Заулап келіп
Қойып кетті көк тасқа күн қақтаған!

Күрсінді тау ақ қарлы -
Ақ кебінді.
Кәрі қыран осылай тапты өлімді.
Жасын түскен дөңгелек шарайнадай -
Пай - пай, шіркін! -
Көк тасың қақ бөлінді!

Қыран еді бұл неткен құдіретті!
Найзағайдай жарқылдап ғұмыр өтті.
Көрген кезде осыны
Шіміркеніп,
Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті!

Сабақ алып шежіре көне күннен,
Бәрін көздің өткізіп елегінен,
Қыранша өмір сүргенің -
Қандай бақыт!
Қандай бақыт -
Қыранша өле білген!


«Он баласы бар ана»

Адам жаны өрілмеген таспадан.
Адам – адам.
Ұға ма оны тас надан.
Он баласы бар ананы бүгінде
Он есе сыйлау керек басқадан!

Қызыл шақа сәби үшін егесте
Көрместі де көрдіңіз - ау,
Көбі есте.
Бір он жылға қартайтқанмен,
Әрқайсысы
Он - он жылдан жасартты да емес пе?

Білмесек те дүниенің қысымын,
Шотқа қағып табысы мен түсімін,
Жаялықтан қашқан жандар бір кезде
Жүр қазір де ермек қылып мысығын!

Бесіктегі немерені «Күнім!» деп,
Отырсаңыз сіз теректің түбінде,
Қиынынан қашқан жандар сәбидің
Ит жетектеп қыдырады бүгінде!

Арасында ошақ пенен бесіктің
Айдай кездер өтіпті, рас, есіттім.
Саны қанша енді міне, күн сайын
Сізді күтіп сағынатын есіктің.

Болашақты білмейді екен еш біліп,
Бар ғұмырын өткізем деп хош қылып.
Бөбек үшін қимағандар кештерін
Баспанаға сыймайды енді кешкілік!

Жортқанменен қалмайды ғой із құмда,
Жүрмеген соң ұлың онда, қыз мұнда.
Қалтасында жүз мың қалмақ біреудің,
Бір мұрагер жоқ бірақ сол жүз мыңға!

Бесік жыры ашады адам мінезін,
Бесік жыры – ең сүйікті әуезім.
Он балаға ана болған адамға
Он бірінші бала болам мен өзім!


«Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Қадыр Мырза Әли "Данышпан" "Бұлбұл бағы" "Күміс қоңырау", атты 40-тан астам жыр жинақтарымен 200ге жуық ән мәтіндерін жазған. Оның әндері халық арасына көп тараған.


Солардың бірі отбасының жырын жырлаған «Апам үшін» әнін жазған болатын, ендеше әнді тамашалайық.

1-жүргізуші: Қадыр атамыз балаларға арнап көптеген жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар жазған. Ендеше қазір барлығымыз жұмбақтар шешіп көрелік,экранға назар аударайық.

1)Дос үйіне түстіңбе?
Түгел соның үстінде.


2)Қайнаған шілдеде оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.

3)Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті,
Қатарларын тізіп алды
Арттарында ізі қалды.


4)Екі езуі құлағына жетеді,
Тамақ жесе ызың-ызың етеді

5)Жоқ өзінде баста,
Қаста, мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында

1-жүргізуші:

Қорытынды: Қадыр атамызды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Мұндай даусыз даңқ, танымалдықтың сыры-Қадыр талантының қарапайымдылығында.Ендеше Қадыр жырлары ешқашан ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа насихатанна бермек. Барлығымыз бірге «Атамекен»әнін бірге орындайық. Бүгінгі «Ұлты мақтаған ұлы тұлға»атты кешке қатысқаныңызға үлкен рахмет.

-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ұлты мақтаған Ұлы тұлға" (24.35 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт