Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  1 класс  /  "Ұлттық тағам" мәтін

"Ұлттық тағам" мәтін

"Ұлттық тағам" мақсаты:Оқушыларға ұлттық тағамдардың құрамын түсіндіру.

Нәтижесінде:Әр түрлі тағамдардың құрамын біліп,ұлттық тағамдарды білді.

24.04.2019

Содержимое разработки

Пәні:Сауат ашу

Мектеп: Қайназар ауылындағы №1 ОМ

Қайназар бастауыш мектебімен

Құрастырған

Талканбаева Зинайда Омирбаевна

Ортақ тақырып

Тағам және сусын



Бөлім

Тыңдалым және айтылым.Жазылым


Бөлімше

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту


Сабақ тақырыбы

Ұлттық тағамдар.Мәтін

Сынып 1

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.2.1.2 оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді(сөйлеу,сөз,сөйлем,мәтін) ажырату,тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.3.8.1 жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді оқу,мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру,мәтінді мазмұндау

Көптеген оқушылар: сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазу,мәтінге ат қою,сурет бойынша әңгіме құрап айту

Кейбір оқушылар: тілдік бірліктерді ажырату,өз бетінше шағын әңгіме құрастыру

Ойлау деңгейлері

Білу.Түсіну.Қолдану.

Бағалау критерийлер

-мәтінді түсініп оқиды

-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

-мәтінді басқа тілдік бірліктерден ажыратады

-сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады

-берілген сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастырады

-сөздерді топтастырады

-тірек сөздерді пайдаланып,сөйлем құрастырады

Тілдік мақсат


Оқушылар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-мәтін дегеніміз не?

-мәтін нелерден құралады?

-мәтінге тақырып қоюға болама?

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, ашықтық.

Пәнаралық байланыстар


Дүниетану. «Дәмді әрі пайдалы»

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Мәтінге ат қоя алады, мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Жоспар

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


5-мин






Ұйымдастыру

Балалармен үш тілде амандасу

Сәлеметсізбе-Здраствуйте-Good morning

Балалардың көңіл күйін сұрау

Белсенді оқу: нұсқау беру және айту.


Балалар,тақтада берілген тапсырмаларға назар аударыңдар.Не көріп отырсыңдар?

Бұл үш тапсырманың ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма?


Көктем Көктем келді Көктем келді.Күн жылынды.

Балалар далада ойнады.


Оқушыларды үш топқа бөлу.(Жіктеу арқылы жасырын саралау)

1-топ –Сөз Көктем

2-топ- Сөйлем Көктем келді.

3-топ- Мәтін Көктем келді.Күн жылынды.

Балалар далада ойнады.


-ұқсастығы үшеуі де көктем туралы

-айырмашылығы:1- тапсырма сөз.

-неліктен сөз деп ойлайсың?

-сөз әріптерден тұрады,1 нәрсенің атын білдіреді

-2 тапсырма сөйлем

-неліктен сөйлем деп ойлайсың?

-сөйлем сөздерден тұрады.Бас әріппен басталып,соңына нүкте қойылады.Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.

-3 тапсырма мәтін

-мәтін нелерден тұрады?

-мәтін сөйлемдерден тұрады

-бұл мәтінде қанша сөйлем бар?Санап көрейікші.3-сөйлем

-балалар,қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Оқушылар:

-мәтін

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Біз бүгінгі сабақта мәтіннің не екенін білетін боламыз.Сөздерді пайдаланып мәтін құрастыруды үйренеміз.Олай болса біз мақсатқа жеткен\жетпегенімізді қолшатырдың бөліктерін бояу арқылы білеміз.Әр тапсырманы орындап біткенде,қолшатырдың бір бөлігін бояңдар.Тапсырманы толық түсінген оқушылар жасыл түспен бір бөлігін бояңдар,толық түсінбесеңдер жасыл түспен,ал мүлдем түсінбеген оқушылар қызыл түспен бояңдар.







Слайд




































Сабақтың ортасы

8-мин































5-мин














3-мин




















8-мин





























8-мин






















1-жаттығу.Топтық жұмыс.\Тыңдалым.Оқылым\.

Белсенді оқу: сұрақ қою және талқылау

Саралау тәсілдері: диалог және қолдау

Әдіс-тәсіл: «шынжыр үзбеу»

Әр топқа «шынжыр үзбеу»әдісі бойынша мәтінді оқыту.

Мәтінді түсініп оқы.

Уыз деген не,сен білесіңбе?Ол-жаңа туған малдың:сиыр,қой,ешкі,түйенің алғашқы сүті.Ол өзі қою,тәтті болады.Сиырдың уызынан уыз көже жасап,бүкіл көршілерді шақырады.

Малдың төлдеріуызға әбден тоюы керек.Уызына тоймаған төл жүдеу болады.Сондықтан да үлкендер мал төлін әбден емізіп,уызына тойдырады.

Шынжырды үзбеген топ шапалақтау бойынша бағаланады.

-мәтінде неше сөйлем бар?

-мәтінге ат қояйықшы.Неге олай атадың?

-өйткені мәтінде уыз туралы айтылған

-мәтіндегі жеке әр сөйлемге ат қоюға болама?

-жоқ

-балалар,тақырыпты барлық сөйлемге ортақ,яғни мәтінге қоямыз.

-өйткені мәтіндегі сөздер мағына жағынан байланысады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Құс тұмсығы

Мәтінді түсініп оқиды

Мазмұнын түсінеді


Мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді

Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады


Мәтінді басқа тілдік бірліктерден ажыратады


Сөз,сөйлем,мәтіннің айырмашылығын біледі




ҚБ:қолшатырды бір бөлігін бояу

ЫБ:қолшапалақ

2-жаттығу. Жеке жұмыс\жазылым\Көркем жаз.

Белсенді оқыту:түсіндіру және сипаттау

Саралау тәсілдері:қарқын

Уыз-жаңа туған малдың сүті.

Ол қою,тәтті болады.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Құс тұмсығы

Сөздерді каллиграфиялық талаптарға сай жазады

Сызыққа жеткізіп,сызықтан шығармай жазады



Сөйлемдерді қатесіз,көркем жазады


ҚБ: қолшатырды бір бөлігін бояу

ЫБ:қолшапалақ

«Артығын тап»ойыны

Суретте ұлттық тағамдардың суреті көрсетіледі.Оқушылар артық суретті табады.



3-жаттығу.Жұптық жұмыс\тыңдалым және айтылым\

Сурет бойынша әңгіме құрап айт.

Белсенді оқыту:зерттеу мен зерделеу

Саралау тәсілдері:қорытынды

Әдіс-тәсілі:ойлан-жұптас-бөліс




Бағалау критерийлері

Дескриптор

Құс тұмсығы

Берілген сурет бойынша әңгіме құрайды

-Сурет бойынша әңгіме құрастырады



-Құрастырған сөйлемдерді оқиды


ҚБ: қолшатырды бір бөлігін бояу

ЫБ:қолшапалақ


5-жаттығу.Топтық жұмыс

Белсенді оқу: бекіту және қолданысқа енгіз

Саралау тәсілдері:тапсырма

1-топ: ұлттық тағамдарды ата

2-топ: Суреттегі тағамдарды «ішемін», «жеймін» қатарына бөліп жаз.

Ішемін: шай,

Жеймін: ет

3-топ: тірек сөздерді пайдаланып,мәтінге сүйене отырып,сөйлем құрастыр.

Тірек сөздер:жаңа туған,уыз,қою,тәтті уыз көже,көршілер,тойдыру,жүдеу.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Құс тұмсығы

Сөздерді топтастырады

Тірек сөздерді пайдаланып,сөйлем құрастырады

Сөздерді топтастыра алады


Тірек сөздерді қолданып,сөйлем құрастыра алады


Ұлттық тағамдарды атайды


ҚБ: қолшатырды бір бөлігін бояу

ЫБ:қолшапалақ





Оқулық




































Тағамдардың суреті

























Оқулық





















Ұлттық тағамдардың суреті

























Сабақтың соңы

3-мин








Белсенді оқу кезеңі: қорытынды шығару және есте сақтау.

Кері байланыс: «Бес саусақ»

1.Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты болды..........

2.Сұқ саусақ-мен бүгін .............түсіндім

3.Ортаңғы саусақ-мен үшін...........қиын болды

4.Төртінші саусақ-менің бағам..........,өйткені

5.Шынашақ-мен........................ білгім келеді

«Сыныптан шығу билеті» әдісі

-мәтін дегеніміз не?

-мәтін неден құралады?

-ұлттық тағамдарға не жатады?


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы


-жіктеу арқылы жасырын саралау

-диалог және қолдау

- қарқын

- қорытынды

-тапсырма арқылы саралау

Оқушыларды жіктеу тәсілімен жасырын саралау түрінде 3-топқа бөлдім.

1-топ-сөз

2-топ-сөйлем

3-топ-мәтін

1-тапсырма.

«Диалог және қолдау» арқылы саралауды қолдандым.

Тапсырмамда кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек қажет болды.Оқушыларды ойландыру үшін және бірқатар жауаптар алу үшін сұрақтар қойдым.

-мәтінде неше сөйлем бар?

-мәтінге ат қояйықшы.Неге олай атадың?

-өйткені мәтінде уыз туралы айтылған

-мәтіндегі жеке әр сөйлемге ат қоюға болама?

2-тапсырма.

Тапсырманы орындауда «Қарқын» арқылы саралау тәсілдері арқылы жүзеге асты.Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.Берілген сөйлемдерді қатесіз,көркем ,әдемі жазды.Тапсырманы жазып үлгермей отырған оқушыға қосымша уақыт бердім.


3-тапсырма

Тапсырманы орындауда «Қорытынды» арқылы саралауды іске асырдым.Мен оқушылардың барлыңына бірдей тапсырма бердім.Олардың нәтижелері әр түрлі болды.Осы тапсырмада өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап берді және олардың әрқайсысың өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізді.


4-тапсырма

«Тапсырма»тәсілі арқылы жүзеге асты.Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар бердім.Барынша қолдау көрсететін оқушыларға қолдауды көбірек көрсеттім.Ал орташа қолдау көрсететін оқушыларға қолдауды орташа көрсеттім,ал қолдауды аз көрсететін оқушыларға өз қабілеттерін толықтай ашуға мүмкіндік жасадым

1-топ: ұлттық тағамдарды ата

2-топ: Суреттегі тағамдарды «ішемін», «жеймін» қатарына бөліп жаз.

3-топ: тірек сөздерді пайдаланып,мәтінге сүйене отырып,сөйлем құрастыр.



Сабақ барысында бағалаудың түрлері «Қалыптастырушы» бағалаумен «Ынталандырушы» бағалауды сабақ бойы қолдандым


Қалыптастырушы бағалауды әр тапсырма сайын қолшатырдың бір бөлігін бояу арқылы бағаладым.Тапсырманы толық түсінген оқушы қолшатырдың бір бөлігін жасыл түспен,ал толық түсінбегендер сары түспен,ал мүлдем түсінбегендер қызыл түспен бояу арқылы бағалап отырды.


Ынталандырушы бағалауды әр тапсырма сайын оқушының ішкі уәжін көтеру мақсатында оқушылар қолшапалақпен бағалап отырды.




Кері байланыс: «Бес саусақ»



1.Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты болды..........

2.Сұқ саусақ-мен бүгін .............түсіндім

3.Ортаңғы саусақ-мен үшін...........қиын болды

4.Төртінші саусақ-менің бағам..........,өйткені

5.Шынашақ-мен........................ білгім келеді





Қалыптастырушы бағалау тәсілі «Сыныптан шығу билеті» әдісі

-мәтін дегеніміз не?

-мәтін неден құралады?

-ұлттық тағамдарға не жатады?



Оқушыларға партада отыру ережелері,денені түзу ұстау ережелері айтылды.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?


Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?


Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?


Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

-сабақ мақсатын оқу мақсатымен сәйкес бағыттап алдым.Мақсатты оқушылардың ұажеттіліктерін ескере отырып құрастырдым.Оқыту әдістері оқу мақсатына қол жеткізуіне ықпалын тигізді.


-бүгінгі сабағымда оқушыларға қалыптастырушы бағалау әдіс-тәсілдерін қолдандым.Оқушылар бүгінгі сабақта мәтіннің құрылымын түсінді.Суретке қарап әңгіме құрастыра білді.


-сыныбымда ынтымақтастық ахуал орын алды.Оқушыларымда жұптық,ұжымдық жұмыстарды бірлесе отырып орындау дағдыланған.Бүгінгі сабақта сыныптағы оқушылар жұптық,ұжымдық,жеке жұмыста белсенділік танытып,тапсырмаларды орындап шықты.


-мен бүгінгі сабақта дереккөздер,диалог және қолдау,қорытынды арқылы саралау тәсілдерін алдым.Дереккөзден мәтінді түсініп оқып,оның құрылымын біліп,мәтін бойынша сұрақтар қоя білді.Бұл сабақ 1-сыныптың II жартыжылдығын қамтығандықтан оқушылардың жазылым,оқылым дағдылары толық қалыптасты деп ойлаймын.

-бүгінгі сабақта жоспарлаған әр минутты тиімді қолданып,уақытты тиімді жүзеге асырдым.









-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ұлттық тағам" мәтін (1.1 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт