Меню
Разработки

"Ұлттық ою - өрнек"

?аза?ты? ?лтты? ою ?рнектерін к?рсете отырып, ?иып жапсыруды ?йрету

09.05.2017

Содержимое разработки

«Айгөлек» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Тәрбиеші: Шадманова Ж. Б

Күні: 06.04.2017

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Ою-өрнек»

Мақсаты: Б:Наурыз мерекесі туралы әңгімелесу және сол мерекеге дайындалатын тағамдар түрлерімен таныстыру.

Д:Наурыз жыл басы, ұлттық киімдер туралы ондағы ою -өрнек түрлері туралы дағды қалыптастыру.

Т: Достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: қазақтың ұлттық киімдері, үлестірмелі материалдар, желім, қайшы, сулық, қуыршақ Айсұлу.

Алдын ала жұмыс: қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру.

Әдіс -тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, ойын.

Билингвалды компонент: Өрнек-орнамент- Ormament. Киім-одежда-clothing. Жаңа жыл – новый год – new Year,

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын

ояту кезеңдері

Шаттық шеңбері:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?


-Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?

Қандай мерекелерді тойладық?




-Наурыз мерекесі қандай мереке? Наурыз меркесінде біздер қалай киінеміз?


-Көктем.

-Жылы, қар еруде, жаңбыр жауады, құстар ұшып келеді.

-8 наурыз аналар меркесі, 22 наурыз жаңа жыл, достық күні, жеңіс мерекесі, отан қорғаушылар мерекесі.

-Ұлттық әдемі киімдер киеміз.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

-Балалар наурыз мерекесі ол біздің жаңа жыл. Бұл мерекеде ұлттық киімдер киіліп, ұлттық ойындар ойналады, ұлттық тағамдар дайындалады, киіз үйлер тігіледі. Наурыз мерекесінде бұлақтар тазартылып, теректер отырғызылады. Бұл күні адамдар төс қағыстыра амандасып, бір-біріне жылы лебіздер сыйлайды.

-Балалар сендер қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

Сандықтан киімдерді алып, балаларға көрсетемін. Ою-өрнектерге көңіл бөлейікші.

-Қараңдаршы, киімде қандай ою-өрнектер салынған. Қандай әдемі!

-Мынау-тақия, мынау-қамзол.

-Балалар қазір осындай киімдер кие ме? -Қазақтың ұлттық киімі екенін қалай білеміз?

-Бүгін мұражайда қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесі болады екен, сол мұражайға ою өрнектер қажет екен. Ендеше балалар мұражайға арнап ою өрнектер жасап жапсырып беріп жіберейік. Ою өрнек жасағыларың келе ме?

Жұмыстың жасалу ретін түсіндіріп, көрсетемін. Қамзолды әшекейлеу үшін «сүйек», «қошқармүйіз» өрнектерін таңдаймыз. Қағазды бірнеше бөлікке қиіп, «сүйек» өрнегін қамзолдың шетіне желімдейміз.

-«Қошқармүйіз» өрнегіне дайын жапсырмаларын өздеріңнің қалауларың бойынша жапсырасындар.

Осы өрнектерді тақияға да желімдейміз.

Билингвалды компонент:

Өрнек-орнамент- Ormament.

Киім-одежда-clothing.

Жаңа жыл – новый год – new Year,



-Балалар берген мәліметтерді зейін қоя отырып тыңдайды.



-Кимешек, сәукеле, қамажай көйлек, етік, тон, шапан.

-Тақия кигізбек, тақия тастамақ, ақ терек-көк терек.

-Ойнаймыз.

Жоқ кимейді.

Киімдерде, ою-өрнектер болады.


-Иә, осындай киімдерді әжелер мен аталар, әртістер мен әншілер киеді. Жасағымыз келеді.


Ою өрнек жапсырмас бұрын мұқият тыңдап, үлгіге қарап қиып жапсырады.






Өрнек-орнамент- Ormament. Киім-одежда-clothing. Жаңа жыл – новый год – new Year,

Ұйымдастырылған

оқу қызметін

бағалау

кезеңі

-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

-Балалар ойын ойнаймызба?

Қимылды ойын: «Тақия тастамақ»

Мақсаты: Балалардың дене қимылын дамыту. Ойын шартын балаларға меңгерту.

-Жұмыстарымыз көрмеге жіберуге жарай ма, қалай ойлайсындар?

Балаларды мақтап, мадақтау.


Ойынға топ балалары түгел қызығушылықпен қатысты. Балалар өз жетісіктеріне қуанып қалды.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: Наурыз мерекесі туралы әңгімелеуді және сол мерекеге дайындалатын тағамдар түрлерін;

Түсінеді: ұлттық киімдер туралы ондағы ою -өрнек түрлері туралы дағды,

қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін;

Қолданады: ою-өрнектерді орнымен жабыстыруды, қауіпсіздік техникасын сақтап, қайшымен жұмыс жасауды;




-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Педагог дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ұлттық ою - өрнек" (24.03 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели