Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Мероприятия  /  5 класс  /  Ұлттық киімдегі әшекейленген ою-өрнектің тәрбиелік мәні

Ұлттық киімдегі әшекейленген ою-өрнектің тәрбиелік мәні

Уважаемые коллеги представляю вашему вниманию доклад на тему которая поможет вам в работе над развитием у девочек на уроках трудового обучения эстетического вкуса при оформлении изделий головного убора

16.12.2016

Содержимое разработки

Ұлттық киімдегі әшекейленген ою-өрнектің тәрбиелік мәні

Қостанай облысы,Наурызым ауданы

Жамбыл орта мектебінің технология

пәнінің мұғалімі Казбекқызы Ардақ


Қазақ ұлттық киімдерінің тарихы Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер өздерінің бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт – дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті.Осы ата – бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық киіміміз қазақ этносы көшпенді өмір салтын XIX ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап қалды. Қазақ киімдерінде ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті және Қазақ мемлекетінің құрылуы, Ресейге қосылуы, революция кезеңі, Кеңес өкіметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты.

Ұлттық киім әрқашанда тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың назарында болды.Суретшілер, әдебиетшілер, театр және кино қайраткерлері, сәнгерлер дәуірлер бойы сақталған ұлттық киімдер арқылы өздері жасаған бейнелерін қорландырып отырды. Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Ұлттық киімнің барша сымбатында, ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.

Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары көп: бөрік, сәукеле, тақия, шаршы бөрік, шоқты бөрік, сәлде бөрік, айыр қалпақ, жаулық, белбеу, күміс белдік, бүрмелі көйлек, кимешек, орамал, шаршы, шалбар, бұлғын ішік, бөкебай, жамылғы, жанат ішік, жеңсіз бешпент, кәзекей, камзол, кестелі көйлек, қос етек, тон, шапан, қара тон, күпі, шекпен, шидем тағы басқа түрлері. Қазақтың ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сәнімен сан ғасырлық тарихымен, сақталған ою-өрнек әуендерімен бүкіл жер бетіне танымды. Осындай киім киген кісілерге қарап-ақ қазақ халқының қандай халық болғанын айтқызбай немесе өзін білуге болады. Оған мысал ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек халық болғанын, сол кездегі қазақ қолдарының киімдері түсіндіреді. Кіимдердің етек – жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою - өрнек элементтерін салу, үкі тағу, жын – перілерден, пәле – жаладан, ауру – сырқаудан қорғайды,магиялық күш әсер етеді деген сенімнен туған.Кейіннен үкіні қасақасын ерлер, балақ жүнінің ұлпасын әйелдер қолданған.

Киімді әшекейлеу,жағасына, өңіріне, етек – жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүргізу, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдаланған. Оның үстіне оларды қазіргі киімге де пайдалануға болатындығына күмән келтіруге болмайды. Тағы бір айта кететін нәрсе, қазақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Әр өрнекке өзіне лайық затын таңдаған. Мәселен, бас киімде кездесетін ою-өрнектер сырт киімде немесе бұт киімдерде қолданылмаған. Мұның өзіндік себептері де бар. «Ит құйрық» аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына өрнек ауд

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Оның басы сонау б.з.б. 5-3 ғасырлар арасында Алтай өңірінен Қара теңіз төскейіне дейінгі кең байтақ жерді қоныстанғантүркі халқының түп атаулары байырғы сақ, ғұндар әлем мәдениетінде өнердің өшпес асыл мұралары ою-өрнек өнерін қалдырған
атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Ою-өрнек бұл қазақ халқының қолөнер саласында кеңінен кеңінен қолданылатын көне, әрі күрделі өнер түрі. «Ою-өрнек» латын тілінен аударғанда «ornament» - әсемдеу, сәндеу деген сөзден шыққан, үйлесімділік пен бір қалыпқ түскен элементтерден тұратын нақыштар.

Ою-өрнек табиғаты бойынша поэзияға ұқсамайтын өнер түрі, соған қарамастан ырғақ зандылықтарына бағьшады. Ою-өрнек ісі ерте заманнан бастап-ақ қоленердің барлық түріне ортақ, әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді. Қоленер саласында ою-өрнек негізгі рөл атқарады. Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Ою-өрнектің бір түрі — ою, белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш) кесу (ағаш, сүйек) тілу (былғары, тері) қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ою-өрнек түрлері бүгінгі күнге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ.

Халықтың қолөнері мен ою-өрнек творчествосын ғылыми негізде арнайы жекелеп зерттеу ісі басталғалы 100 жылдан астам біздің отанымыздың ғалымдары, олармен қатар Батыс Европамен Америка ғалымдары да негізінде қызыға кірісті. ХIХ ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, Австриялық ғалым В.Куррердің бояу жәнек бояушылық өнері жайында және қазақ ғалымдары Ұ.М.Әбдіғапбарова, Ә.Масановтың, Ә.Марғұланның, Т.Басенов, М.Мұхановтың және т.б. зерттеу материалдарын айтсақ та жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді.

Ою-өрнектің киімде әшекейленуі сәнді, беретін тәрбиесі де мол. Дәлірік айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді.

Қорыта айтқанда. Ұлттық киімнің ұлағаты,кейіңгі ұрпақ үшін қасиеті мен қадірі, мәні мен мағанасы, берер тәлім тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра қазақтың ұлттық киімдері. Қазақтың ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен, сан ғасырлық тарихтың иісін сақтаған, бедерін жеткізген.Сондықтын біздің қазақ екенімізді білдіріп тұратын ұлттық нақышты яғни осы ою-өрнекті өзіміздің күнделікті киіп жүрген киімдерімізге қолодансақ. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық тәлім-тәрбие беруға, ата-бабамыздан қалған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кележатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. Рауан. 1990 ж.

2. С.Төленбаев, М. Өмірбеков. Қазақтың ұлттық

ою-өрнектерінің жасалу жолдары. Алматы.

1993 ж.

3.Ф.Әбиева, «Мектептегі технология». Алматы,

2008 ж.

4.Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері.

5. К.Матыжан - «Сен білесің бе?» тарихи

этнографиялық топтама «Ұлттық киімдер»

бөлімі. «Аруна» баспасы.

«Алматы кітап» ЖШС. 2005 ж. Т. X. Ғабитов,

И.Н.Тасмағанбетов, Р.Н.Нұрғали, И.С.

Төлендиев, Ә.А.Асқаров, Ғ.Есім,

Б. Сағыңдықұлы.

  1. С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смаилова – «Қазақ халқының салт – дәстүрі» (66 бет) Алматы «Рауан» 1994

  2. «Қазақ халқының жұмысы мен мәдениеті» 2006ж. (60-61беттер)

  3. С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері» 1969ж. Алматы «Қазақстан»



-80%
Курсы повышения квалификации

Потребление и потребительское поведение в 21 веке. Формирование грамотного отношения к потреблению посредством школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұлттық киімдегі әшекейленген ою-өрнектің тәрбиелік мәні (18.78 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт