Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  6 класс  /  Ұқсас қосылғыштар

Ұқсас қосылғыштар

Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

04.01.2018

Содержимое разработки

Пәні: Математика Күні: 26.12.17 ж

Сыныбы: 6 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.
Мақсаты: 

1. Білімділік. Оқушыларға жақшаларды ашу ережесін қолдана отырып, ұқсас қосылғыштарды біріктіріп өрнекті ықшамдауды меңгерту.

2. Дамытушылық. Оқушылардың оқу-таным белсенділігін, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Тәрбиелік.Оқуға өз бетінше еңбектеуге тәрбиелеу.Өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Ойын, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, сурет салынған плакат, слайдтар, лоторея билеттері, сыйлықтар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды аралап жүріп тексеру, жазбаша

жұмыстарын жинап алу.

3.Жаңа сабақта өтілген материалды қайталау.

-Жақшаның алдында “+” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

-Жақшаның алдында “-” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

-Ұқсас қосылғыштар деп қандай қосылғыштарды айтады?

-Ұқсас қосылғыштарды қалай біріктірді?

Анықтама. Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.

1-мысал. 5а-9а+4а-11а алгебралық қосындысы берілген. 5а, -9а, 4а, -11а қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды. Тек қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.

Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

  1. олардың коэффициенттерін қосу керек;

  2. алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Алгебралық қосындыда ұқсас қосылғыштардың әр түрлі ұқсас қосылғыштардың тобы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда әр түрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып, соған қарап біріктіреді.

2-мысал. Ұқсас қосылғыштары бар 3х -8х+7х алгебралық қосындысын ықшамдайық.

3х-8х+7х=(3-8+7)х=

3-мысал. 2,8х-7у+5,6+3у-4х-2 өрнегіндегі ұқсас қосылғыштарды біріктіріп, өрнекті ықшамдайық.

Берілген қосындыдағы 5,6 және -2 қосылғыштары бос мүшелер деп аталады. Бос мүшелердің әріп бөліктері болмайды.

2,8х-7у+5,6+3у-4х-2=(2,8-4)х+(-7+3)у+(5,6-2)=-1,2х-4у+3,6

4-мысал

Сабақты бекіту. “Бинго” ұтыс ойыны.

Оқушылардың үй жұмысын орындауына қарай билеттер таратылып беріледі. Үй жұмысын көрсетіп лоторея билетін алады.

Сонымен бірге тапсырмалар жазылған таратпа матриалдар беріледі. Тапсырмаларды орындай отырып, дұрыс жауапты тауып билетке белгілейді. Лоторея билетіндегі ұяшықтарды толтыру үлгісі проектормен экранда көрсетіледі. Алдыңғы орындарда және дұрыс орындап шыққан оқушылар анықталады.Ойынның қорытындысы «Бинго» ұтыс

ойыны ережесі бойынша жүргізіледі.

Тасырмалар “А”, “В”,”С” үш деңгеймен беріледі. Оқушы қай деңгейден бастайтынын өзі қалайды. Бағалауда тапсырма деңгейлері есепке алынатын болады. Әр деңгейдің күрделілігіне байланысты ұтыстарда әр түрлі деңгейде болады.

Тапсырмалар:

А деңгей:

1.6х-10х+3х; 2. 1,5(х-6); 3. -2(а-0,9); 4. а-(2,7+а); 5. -8(а+1)-0,3;

6.1,7(2-в)+0,3в; 7. а+в -(а-в); 8. 1 +(в-2 );

9. Кітап сөресіндегі кітаптар  үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда а кітап бар, Екінші қатарда бірінші қатардағыдан 6 кітап артық. Үшінші қатарда  екінші қатардағыдан 2 кітап кем. Кітап сөресінің үш қатарында барлығы неше кітап бар?

В деңгей:

1. (3х+у) – (х-4у); 2. (х-у)+ (х-у) – (2х+у); 3. 3х(а+1,5)- 4ах; 4. -6(х+у)+3(2х+у);

5. -5(1,8-у)+7; 6. 3х-4у және 5х-7у+6 өрнектерді азайтып, айырманы ықшамдаңдар.

7. Өрнектің мәнін тап: -3у +5(2у-3); 8. Ұзындығы а см, ені в см, биіктігі с см тік бұрышты параллелепипедтің қаңқасын жасау үшін ұзындығы неше сантиметр сым керек?

С деңгей:

1. 1,4+а+в және а+1,3-в өрнектерді қосып, қосындыны ықшамдаңдар.

2. -3,6 х-1,7у және 2,9х+3у+ өрнектерді азайтып, айырманы ықшамдаңдар.

3. -12,7+(х-5,3)=0,9 теңдеуді шешіңдер.

 

4. 35 м қашықтықтан мысық итті а м/с жылдамдықпен қашты, ит оны в м/с жылдамдықпен қуды. t секунттан кейін ит пен мысықтың арасы неше минут болады? Есепті шығару өрнегін жазып, оның мәнін табыңдар.

а=6; в=9; t=10

 

5.Қорытындылау.

-Жақшаның алдында “+” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

-Жақшаның алдында “-” таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

-Ұқсас қосылғыштар деп қандай қосылғыштарды айтады?

-Ұқсас қосылғыштарды қалай біріктірді?

 

6.Бағалау. Жарыс қорытындысы бойынша.

7.Үйге тапсырма беру. Таратпа материалдар.

-80%
Курсы повышения квалификации

Методы решения функциональных уравнений и неравенств

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұқсас қосылғыштар (19.94 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели