Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Ұйымдастырылған оқу қызметі

Ұйымдастырылған оқу қызметі

В этом уроке написано про научное образование дошкольников

26.04.2017

Содержимое разработки


«Салтанат» бөбекжай-бақшасы» МКҚК











Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «С» дыбысы мен әрпі.

Ересектер тобы.




Тәрбиеші:

Б.Қ Сыздықова







Петропавл қаласы 2017жыл




Технологиялық картасы.


Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: «С» дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: С с дыбысы және оның әріп таңбасымен балалармен өткенді қайталау. С сдыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Балалардың тілдік, сөздік корына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әріп қималары, көркем сурет, жұмыс дәптері.

Билингвальды компонент: сағат – часы, тас – камень, тұз – соль.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Бір-біріне жақсы сөздер мен тілектер айтады.

Шаттық шеңберіне тұрып, тілектер айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, өткен тақырыпта сендер қай дыбыспен таныстыңдар?

- «С» әрпі неге ұқсайды?

- Естеріңе түсіріңдерші «с» дыбысынан басталатын сөздерді.

- Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл сөздердің бәрі қай дыбыстан басталады екен?


- «С» дыбысы қандай дыбыс?

Тақтаға әріптер ілнеді сол әріптің арасынан «С» дыбысының тауып алғызу.

- Енді, балалар, осы «с» дыбысын өткен дыбыстарға қосып оқиық.

Са, сана, сара, маса, сат, тас, ас т.б.

- Балалар, сөздерге дыбыстық талдау кезінде дыбыстардың несін ажыратамыз?

- Балалар, мына тақтаға суреттерге қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар?

- Осы сөздерді буынға бөліңдерші, неше буыннан жасалады екен?

- Бір буында неше дауысты дыбыс болады?






Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»

Қыздар құлағына тағады — Сырға.
Қыздар қолына тағады — Сақина.
Уақытты көрсетеді — Сағат.
Сиырдан не алынады — Сүт.
Сызуға арналған құрал — Сызғыш.
Мектепте не оқимыз — Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз — Сөмке.

Кірді немен жуамыз – Сабын

Балалар шайнайды – Сағыз

-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?

-Дұрыс айтасыңдар, С с. Олай болса біз бүгін С с дыбысы мен әрпін қайталадық.

Сергіту жаттығуы:

Домала доп домал

Балшықа тек жолама

Жеп көресін оныңды

Бүлдіресін қолыңды

Секіріп өт ойлардан

Секіріп өт жолданда

Қуса күшік жетпесін

Машина басып кетпесін.

Тіл ұстарту.

Са-са-са – Ызыңдайды маса

Ағаш болар таса.

Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап!».

Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жауабын тауып, соған сөйлем құрайды.

Мысалы: Бақшада жер қазып,

Жиып алды жез қазық.

Сізде бар,

Бізде жоқ.

Сенде бар,

Менде жоқ.

Түсі суық ызғарлы

Аузында айыр тісі бар

-Дұрыс балалар, жылан қандай дыбыс шығарады?

С с

Саусақ жаттығуы:

Сорпаға тұз себемін,

Дәмін оның көремін.

Тұз аз болса тағы да,

Азырақ тағы себемін.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі №22 тапсырма орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

- «С» дыбысымен таныстық.

- Айға, ораққа ұқсайды.

- Сағат, сабын, сағыз, сырға, сауысқан, сыбызғы.

- «С» дыбысынан басталады.

- Дауыссыз дыбыс.

Балалар тауып көрсетеді.

Балалар сөздерді хормен оқиды.

- Дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажыратамыз.

- Сағат, тас, тұз, сауысқан, сырғаның суреттерін көріп отырмыз.

- Са-ғат, са-уыс-қан – екі, үш буыннан жасалады екен.

- Бір дауысты дыбыстан болады.



- Сырға.

- Сақина

- Сүт.

- Сызғыш.

-сабақ

-сөмке

-сабын

-сағыз



С әріпінен

















Жауабы: сәбіз. Сәбізде дәрумен көп, бойды өсіреді.

(С)


(жылан


-С-С-С-С




Саусақтарымен жасайды.


Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық -түзетушілік

Қандай әріпті қайталадық?

- Қандай дидактикалық ойын түрлерін ойнадыңдар?

- «Ойлан тап!», «Дауыссыз дыбыстарды анықта».


Күтілетін нәтиже:

Қолданады: үзік сызықтарды қосып бояйды.

Түсінеді: «с» дыбысының ораққа, айға ұқсайтынын, дидактикалық ойын түрлерін.

Жаңғыртады : сөздер арасынан дауыссыз дыбысты анықтауды.









-80%
Курсы повышения квалификации

Менеджмент в образовании

Продолжительность 108 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
5900 руб.
1180 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұйымдастырылған оқу қызметі (501.18 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт