Пәні: дүниетану
Тақырыбы: Туған-туысқандар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған-туысқандар, ағайындар туралы, туыстық атаулар
туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың ой-өрісін, танымдық процестерін, тіл байлықтары
мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды бауырмал, кішіпейіл, қонақжай, үлкен кішіні сыйлай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, слайд
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу
Ә) түгендеу
Б) құрал-жабдықтарын алғызу
В) Зейіндерін ортаға аудару
Қуанамын мен де,
Қуанайық, достарым,
Қуанасың сен де
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген «Отбасы – шағын қоғам» тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау
Шығармаларын талдау
ІІІ. Білімдерін тексеру
Отбасы құрылымын көрсету (2 слайд)
Ауызша сұрақтар қою:
Отбасын неге «шағын қоғам» дейді?
Отбасында басшы қандай қызмет атқарады?
Туыстармен қарым-қатынасты кім реттейді?
Үлкен тойлар, соғым басы, шілдехана сияқты тойлардың пайдасы бар ма?
Туған-туыстан басқа тағы кімдермен араласасың?
Өзің отбасыңа қандай көмек бересің?
ІV. Мақсат қою кезеңі
Балалар, мына мақалдардың жасырын сөзін тауып көрейікші:
... тату болса — ат көп, (ағайын)
... тату болса — ас көп. (абысын)
... — туырлығым, (туғаным)
... — казынам. (қарындасым)
Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда біз «Туған-туысқандар» -мен танысамыз!
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
- Балалар, туыс деп кімдерді атайды?
- Оларды не үшін туыс деп атайды? (Оқушылар өз бетімен әңгімелейді)
Мұғалім:
Қазақта жігіттің үш жұрты бар болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұрты - өзіңнің ата, әжесі, әке-шешесі, аға-жеңгесі, әпкесі, іні-қарындастары, т.б.аталас туыстары жатады. Нағашы жұрт - өзіңнің анаңның туыстары, яғни, төркіні. Анаңның туыстары саған – нағашы, ал сен оларға – жиен боласың. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген мақал да бар, ол нағашы жағынан біреулердің ренжітуіне тыйым салынады. Жігітке ең жақын жұрт – нағашысы. Жиеншар деген туыстық атау бар, жиеннен туған бала жиеннің нағашыларына жиеншар болады. Бажа, бөле дегенді естігендерің бар ма? Апалы –сіңлілі немесе туыстас қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне «бажа» болады. «Төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бажа тату» дейді. Апалы –сіңлілі қыздардан туылған балалар бір-біріне «бөле» болады. Бөле жақын жүріп, тату болады.
Жігіттің бір жұрты – қайын жұрты. Әйелдің төркіні жігітке қайын жұрт,ал жұбайы оларға «күйеу» болады. Жезде, балдыз, қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайынбике деген атаулар бар.
Оқулықпен жұмыс.
Дауыстап тізбектей оқу.
VІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру
Күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы (қайын ата)
Туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі (жезде)
Бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы (бөле)
Бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені (әпке)
( Оқушыларға туыстық атауларға байланысты рөлдер ойнату)
VІІ. Сабақты бекіту
Үлестірмелі кесте толтыру
Жігіттің үш жұрты | ||
1. Өз жұрты | 2. Нағашы жұрты | 3. Қайын жұрты |
|
|
|
VІІІ. Үйге тапсырма беру
134-136 беттерді оқу, мазмұны. Өздерінің туыстары туралы әңгімелеу
Бағалау