Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Мероприятия  /  7 класс  /  Тіл деген алып мұхит - түбі терең

Тіл деген алып мұхит - түбі терең

Тіл туралы ұғымды тереңдету. Тілге деген құрметті дәріптеу.
10.02.2020

Содержимое разработки







«Тіл деген - алып мұхит түбі терең»

(Тілдер мерекесіне орай 7 – 8 – сыныптар арасында

өткізілген тәрбиелік іс – шара)



Пән мұғалімі: А.И.Ахметжанова





















«Тіл деген – алып мұхит түбі терең »

Мақсаты : қазақ халқының ұлттық болмысын дәріптей отырып, өзінің ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және ұлттық салт – дәстүрлерді жадында сақтауға тәрбиелеу.

1 – жүргіуші

Қазақ деген халықтың баласымын,

Баласына беретін бар асылын.

Мінін көрсе қиналып інісінің,

Тілін алып өсетін ағасының .

2 - жүргізуші

Қазақ деген халықтың баласымын,

Жағасынан алмайтын данасының.

Айтқанынан шықпайтын әкесінің,

Бір сөзін де жықпайтын анасының.

1 – жүргіуші

Жұбан Молдағалиев ағамыз жырлағандай қазақ жері, қазақтың тілі мен әдебиеті, мәдениеті қарыштап дамыған бай өлкеге айналды.

2 – жүргізуші

Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды.


1 – жүргіуші

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халық даналығы. Кішкентай жасынан ана тілінде тәрбие алған сәби өз ана тілін өле - өлгенше сыйлап өтеді.

«Кімде – кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деп ұлы ғұлама Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай әр қазақ баласы өзінің ана тілін ана сүтіндей таза ұстай білуге міндетті

2 – жүргізуші

Ендеше Гүлшат сөз кезегін жыр маржандарын жүректерімен жырлайтын оқушыларға берейік ( екі оқушы шығып, өлеңді жатқа айтады)



Қазақ деген халықтың баласымын

Тұманбай Молдағалиев

Қазақ деген халықтың баласымын,

Баласына беретін бар асылын.

Мінін көрсе қиналып інісінің,

Тілін алып өсетін ағасының .


Қазақ деген халықтың баласымын,

Жағасынан алмайтын данасының.

Айтқанынан шықпайтын әкесінің,

Бір сөзін де жықпайтын анасының.


Қазақ деген халықтың баласымын,

Ағы менен көзінің қарасымын.

Халқын мақтан ететін әр жерлерде,

Салтын сақтап жүретін бабасының.


Қазақ деген халықтың баласымын,

Жолға тастап кетпейтін жан асығын.

Қарындасын қызындай еркелетіп,

Аялайтын гүліндей даласының.


Қазақ деген халықтың баласымын,

Той – думан еленер дарасымын.

Жан әпкесін көретін әулиедей,

Соған сеніп айтатын және сырын.


Қазақ деген халықтың баласымын,

Көңілдердің тілейтін жарасуын.

Айлық жерден келетін той шақырса,

Тілге ғана беретін бар ашуын


Қазақ деген халықтың баласымын,

Алда талай алынар бар асуым.

Арман жолы жүрерім, бақыт жолы,

Мүмкін емес бұл жолда адасуым,

Қазақ деген халықтың баласымын


Құрметтеймін қыздарын ибалы бір,

Ұлдарының жанында иманы жүр.

Сол халықтың күйемін қайғысына,

Сол халықты сүйемін мен жаны гүл


Шоқтан деп, жалында деп, даралан деп,

Әпкемдей қабағыма қараған көп.

Сүйемін қазағымды өмір бойы

Бабам деп, бауырым деп, жан анам деп.

1 – жүргіуші

Кезекті әнге берейік

(екі оқушы шығып кезекпен өлең жолдарын жатқа айтады)

Туған халқым – қазағым

Тұманбай Молдағалиев

Сенің арқаң жайран қағып күлгенім,

Сенің арқаң атқа мініп жүргенім.

Бата бердім бақыт тілеп өзіңе,

Түсіп жатса бір үйіңе бір келін.


Сен болған соң сол қыста мен гүл аттым,

Сен болған соң сол суық күзде – шуақпын.

Сенің берген ғажап тілің арқылы

Жыр өрнектеп достарымды қуанттым.

Келе жатыр көк жиекте бір арба,

Мен тіріде ол тоқтар ма, сынар ма.

Сен болмасаң, сүйікті елім, кіммін мен

Сен болмасаң, кім сүйейді құларда.

Сен болмасаң, мен боламын ба, болмаймын,

Үміт үнсіз, арман алыс, жол – қайғым.

Саған аппақ көңілімді бағыштап,

Саған түгел өмірімді арнаймын.

Сені шексіз сүйемін мен, ұлы елім,

Сенің ылғи тілеуіңді тіледім

Сенің атың келген кезде бәйгеден,

Көкке бөркін атқандардың бірі едім

Қазақ, қазақ, момын қазақ, ер қазақ,

Талай ғасыр көлеңкеде ерді азап.

Жыртылмайды жағаң енді, жарқыным,

Ұл қызығын, қыз қызығын көр ,қазақ.

2 – жүргізуші Кезекті әнге береміз



Ана тілім – алтын бесігім

Арда Елубаева ақынның өлеңі

Қарапайым қазақтың баласымын,

Санамен ұғып өскен дала сырын.

Бабамнан қалған мұра , қазынамсың

Тұмарымдай сақтаймын ана тілін.

Сен менің байлығымсың, бар асылым,

Жақыным да өзіңсің жанашырым.

Жаңа бір дүниеге жетеледің,

Жарық қып көкіректің қара түнін

Сөзімнің келтіретін жарсымын,

О, менің дана тілім, баба тілім!

Ең бірінші бақыты қазағымның

Жасай бер, жасай берші, ана тілім!

(осылай бірнеше ақындардың өлеңдерін оқушылар жатқа айтады)

1 – жүргізуші

Міне, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Тілдер мерекесі аясында ұйымдастырылған «Тіл деген – алып мұхит түбі терең » атты әдеби музыкалық монтажымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі оқылған өлеңдер мен айтылған әндер сіздердің жүректеріңізге жақсылық пен мейірімділік ұялатады деп ойлаймыз. Әр қазақ баласы өзінің ана тілін, өзінің ұлттық болмысын сақтайды деп сенім артамыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.







-75%
Курсы повышения квалификации

Стилистика русского языка

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тіл деген алып мұхит - түбі терең (909.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт