Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  11 класс  /  Теңдік ,теңсіздік ұғымдарын оқыту әдістемесі

Теңдік ,теңсіздік ұғымдарын оқыту әдістемесі

проблемалық оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау,жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау

23.05.2018

Содержимое разработки

Ф-ЦМК-21


Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» колледжі





Ашық сабақ проекті



Тақырып Теңдік ,теңсіздік ұғымдарын оқыту әдістемесі


Пән Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі


Мамандық Бастауыш білім беру


Курс IV


Топ БМ-15-3(11)










Күні 14.12.2017

орындаған Рахымжанова А.Қ.












Қарағанды 2017

I. Сабақтың тақырыбы :Теңдік және теңсіздік ұғымдарын оқыту әдістемесі

Сабақтың типі: аралас

1.Мақсаты

а)Білімділігі

Жаңа білім бағдарламасы бойынша 1 сыныпта теңдік және теңсіздік тақырыбын оқытуды ұйымдастыру, 1 сынып оқулығының мазмұнын талдай білу, ресурстарды пайдаланып әдіс тәсілдерді таңдау

ә) тәрбиелігі

Өзінің мүмкіндігін және қызметін ұйымдастыра білуге,өз ісіне жауапты қарауға үйрету. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттерге тәрбиелеу

б)дамытушылық

ақпараттың негізгісін іріктеу алу дағдысын дамыту ,презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, көрнекіліктерді дайындау ерекшеліктерін меңгеру , өздігінен ізденуіне ықпал ету,дұрыс шешім қабылдауға бағыттау

Құзыреттіліктер:

ҚҚ 2 Бастауыш мектеп математикасын оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдерді ,оқулықтың мазмұнын,міндетін ,мақсатын түсіну,

АҚ 2 Өзіндік мектеп тәжірибесінде алған білімдерін қолдану

II.Күтілетін нәтижелер:

  • оқушылар білу керек: теңдік, теңсіздік ұғымдарын оқыту әдістемесін

  • оқушылар игеру керек: әдіс тәсілдерді таңдап алу, бастауыш мектеп оқулығының мазмұнын талдай білу

  • оқушылар меңгеру керек: ұйымдастыру және оқу мақсатына жетуге бағыттайтын нақты оқу міндеттерін анықтау

III.Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері проблемалық оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау,жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау

IV. Құралдар:интерактивті тақта,1сынып оқулықтары ,табақшалы таразы,массасы бірдей монеталар,массасы бірдей көкөніс мугляждары, А4 пішіндегі қағаз парақтары,әрбір оқушыға арналған маркерлер

V. Сабақ барысы :

1)Ұйымдастыру

Сәлемдесу.Студенттерді түгендеу

Сабақтың тақырыбын ,мақсатын айту

2)Жаңа білімді белсендіру

Балалар сендер жақында ғана мектептен тәжірибе өтіп келдіңдер.Бастауыщ сыныпта қандай оқу бағдарламасы қазір қолданыста? Қай сыныптар жаңа оқулықтармен жұмыс жасайды?





1 слайд МАТЕМАТИКА Оқу бағдарламасы(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында Бастауыш мектеп (1-4 сыныптар)Наурыз 2016 ж.

  1. Бөлім

  1. Бөлімше

  1. 1

  1. Сандар және өлшемдер

  1. 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

  1. 1.2 Сандармен амалдар орындау

  1. 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер

  1. 2

  1. Алгебра элементтері

  1. 2.1 Санды және әріпті өрнектер

  1. 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

  1. 3

  1. Геометрия элементтері

  1. 3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

  1. 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

  1. 3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

4

Жиын. Логика элементтері

  1. 4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар

  1. 4.2 Пікірлер

  1. 4.3 Тізбектер

  1. 4.4 Заттардың комбинациялары

  1. 5

  1. Математикалық модельдеу

  1. 5.1 Есептер және математикалық модель

  1. 5.2 Математикалық тіл

Пәннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқыту мақсаттары бойынша білім, білікті және дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді.

Оқу мақсаттарының жүйесі 2-бөлім: «Алгебра элементтері»

Бөлімше

Оқу мақсаттары

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып


Оқушы келесі ұғымдарды меңгеруі тиіс:

2.2 Теңдік және теңсіздік.


1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті тану; тура және тура емес теңдікті айыра білу

2.2.2.1 х 􀂅 түріндегі теңсіздіктерге сәйкес келетін сандардыанықтау

3.2.2.1 қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу


4.2.2.1 қос теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу


Сұрақ:Кодтық белгідегі сандар нені білдіреді?

Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлімді үшінші сан бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны

Жаңа тақырып:

Сонымен оқу мақсаты әр сыныпта бізге белгілі.1сыныпта теңдік теңсіздік тақырыбын оқыту үшін сабақ мақсатын таңдаймыз

Сабақ мақсатын таңдау: Олар оқу мақсаттарымен (ОМ) бірдей болуы немесе нақты осы сабаққа бейімделген болуы мүмкін (ОМ қол жеткізу үшін бірнеше сабақ қажет болған жағдайда)

Сабақ мақсатын неше бағытта жасаймыз?

Топтық жұмыс

Ітоп Барлық оқушылар: Теңдік және теңсіздік ұғымдары туралы білімдерін толықтырады,теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдікті айыра біледі

ІІ топ Көптеген оқушылар: теңдіктерді = таңбасын ал теңсіздіктерді ≠ таңбасын пайдаланып жазады,дұрыс оқиды, тура және тура емес теңдікті

берілген ұғыммен сәйкестендіреді

ІІІ топ Кейбір оқушылар: Теңдік және теңсіздіктерді құрастырады, тура және тура емес теңсіздіктерге өз бетімен мысалдар келтіреді

Learning Apps бағдарламасында жұмыс жасау бойынша таңдау

Бағалауды қалай ұйымдастырымыз? Осы сабақта қарастырылатын оқу мақсаттарын бағалаудың критерийлерін көрсетіңіз. Бағалау критерийлерің өзіңіз құруға және/немесе бағалау критерийлерін әдістемелік құжаттардан («Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығы», «Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар») іріктеп алуға болады.

Бағалау критерийлері:

  • Теңдік,теңсіздікті, тура және тура емес теңсіздіктерді ажыратады.

  • =, ≠ , ,

  • Теңдік және теңсіздіктерді құрастырады, тура және тура емес теңсіздіктерге өз бетімен мысалдар келтіреді

Видео көрсету

Сұрақ: 1.Теңдік және теңсіздік тақырыбына қатысты оқушылардың бастапқы білімдері қандай тақырып?( : Теңдік және теңсіздік тақырыбы артық, кем тең таңбаларымен байланысты)

2.Теңдік және теңсіздік тақырыбын өткенде осы видеоны сабақтың қай кезеңінде көрсету тиімді болады деп ойлайсыз?

Яғни жаңа тақырыпты осы видеомен бастасақ тиімді болады

Оқулық,Бағалау парағы таратылады

І топ 1тапсырма

  • Сіздің алдыңызда таразы және монетелар жатыр.Теңдік және теңсіздік ұғымын , = және ≠ таңбаларын енгізу үшін осы құралдарды қалай пайдаланар едіңіз?

  • Қандай сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашуға бағыттайсыз?

  • Оқытудың бұл әдісі қалай аталады?

  • Бағалауды қалай ұйымдастырасыз?

Таразының әр табақшасына үш монетадан салыңыз.Оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін сұраңыз

  • Таразы қандай жағдайда тұр? (тепе теңдік ,екі жағы тең)

  • Оны қалай жазуға болады?

  • Тепе теңдік математикада «теңдік» деп аталатынын айтыңыз.Теңдікті жазу үшін «=» (тең ) математикалық белгісі қолданылады.Нәтижесі 3=3түрінде жазылады да оқуда да «үш тең үш» деп оқылады Көрсетілімді жалғастырыңыз.Енді таразының бір табақшасына үш монета салыңыз екінші табақшаға оқушылардың біреуі бір уыс монета салуын сұраңыз.Содан кейін оқушыларга мынадай сұрақ қойыңыз:

  • Сендер не байқадыңдар?

  • Таразы басы тең бе?

  • Таразының бір табақшасы екіншісінен неге төмен түсті?

  • Қалай ойлайсыңдар осы көріністі қалай жазып көрсетуге болады?

Қорытынды: Монеталарды таразыға салып салыстыру арқылы зерттеу жұмысын жүргізіңіз.Сұрақтардың жауабын тыңдап тепе-теңдік математикада «теңдік»деп ,теңдік болмайтын жағдайда теңсіздік деп аталатынын айтыңыз.

Теңсіздікті жазу үшін ≠ (тең емес) белгісі қолданылады Нәтижесі былай жазылады: 3≠5 «3тең емес 5 ке»деп оқылады

Жалпы сұрақ

Оқытудың бұл әдісі қалай аталады (Зерттеу жұмысы) «Күрделі тапсырма тәжірибеде жүзеге асқанда ғана оңай» деген қағиданы есте ұстаймыз

Бағалауды қалай ұйымдастырасыз? ҚБ:өзара бағалау

ІІ топ. І тапсырма.

1. Шар суретін пайдаланып теңдік ,теңсіздік ұғымын қалай енгізер едіңіз?

2.Тапсырманың түрін атаңыз

3.Осыған ұқсас тапсырма құрастырыңыз.

4.Қорытынды жасаңыз


Мысалы: сыныптағы ұл бала мен қыз бала саны, қатар отырған оқушының уйіндегі жанұя мүшелері саны, пеналындағы қалам мен қарындащ саны т.с.

Қорытынды:Заттардың санын салыстыра отырып теңдік немесе теңсіздік құрастыруға болады.

Бағалауды қалай ұйымдастырасыз? ҚБ

ІІІ топ.1 тапсырма.

Қораптағы кәмпит санын салыстыр.

1.Тапсырманың түрі қандай?

2. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға қандай ұсыныс жасар едіңіз?

3.Жұмыстарының нәтижесін қалай тексерер едіңіз?(ресурстарды пайдаланыңыз)

4.Бағалауды қалай ұйымдастырасыз?



1.Іс әрекетке жұмылдырушы сұрақ:

2.Оқушыларға қораптағы кәмпитер санының тең немесе тең емес екенін анықтауга ұсыныс жасаңыз.Неге олай ойлайтынын сұраңыз.Бул арада 5санының7 санының алдында келетінін айту керек.Теңсіздіктерді ламинатталған парақтарға жазып жұмыс нәтижесін сыныпқа көрсетуді сұраңыз. Жауабы: 5≠7

4 ) Бағалауды қалай ұйымдастырасыз? ҚБ

Қорытынды:Заттардың санын салыстыра отырып теңдік немесе теңсіздік құрастыруға болады

І топ

2тапсырма

Теңдік пе әлде теңсіздік пе?

  1. Оқушылар теңдік , теңсіздікті ажырату үшін қандай әдісті қолданасыз?

2. Жұмыстарының нәтижесін қалай тексерер едіңіз? (ресурстарды пайдаланыңыз)

3. Бағалауды қалай ұйымдастырасыз?

Іс әрекетке жұмылдырушы тапсырма:

Жұптық жұмыс

Қатар отырған екі оқушының біреуі а) екіншісі б) тапсырмасын орындайды бір бірін тексереді

Оқушылардан ауызша жауабын ламинатталған қағазға жазып көрсетуді сұраңыз.Олар жазған жауабын жоғары көтеріп,мұғалімге көрсетедіМұғалім осылайша кімге көмек керек екенін анықтайды.Жауабы:5=5 6 ≠ 9

3)Бағалауды қалай ұйымдастырасыз? ҚБ: Жұптасып бағалау

Тілдік құзыреттіліктерді қалыптастыру. Ойын ұйымдастыру.

ІІтоп

2тапсырма (жаңа материалды бекітуге бағытталған есеп, нақты жауапты талап етеді)

Шығарып көр.

1.Тапсырманы орындату барысында қандай әдісті қолданар едіңіз?

2.Тапсырманы талқылауға ұсыныс жасаңыз

3.Қорытынды жасаңыз

4.Бағалауды қалай ұйымдастырасыз?

Тапсырманы жұппен орындатамыз.Қандай әдіспен тең бөліп салуға болатынын талқылауды ұсыныңыз.Бірінші рет салғанда теңдік,екінші рет салғанда теңсіздіктер шығатындай орналастыруды сұраңыз. Жауап нұсқаларын екі бағанға жазуға болады теңдіктер және теңсіздіктер.Жауабы теңдіктер 6=6 теңсіздіктер 1 ≠11 2 ≠10 3≠ 9

Қорытынды.Талдау барысында қай оқушының тендік пен теңсіздік түрін көп жазғанын салыстыруға мүмкіндік туады

3) Бағалауды қалай ұйымдастырасыз?

ҚБ: Жұптасып бағалау

ІІІтоп 2тапсырма (Сыныпта да үйде де тәжірибе арқылы орындауға болатын тапсырма.Шығармашылық ізденіске баулиды,сабақ мақсатын меңгеруге түр лі дағдыларын дамытуға бағытталған)

Орындап көр. Бұл тапсырманың деңгейі қандай?

2.Оқушыларға теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін ұсынысыңыз?

3.Қандай тәсілді пайдаланып орындатасыз?

4.Бағалауды қалай ұйымдастырасыз?

Таразы табағының тең емес жағдайын бағалауды ұсыныңыз.Оларға таразы басын теңестіру үшін яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге болатынын ойланып көруді ұсыныңыз.Оқушылар өз тобында талқылайды.Топпен бірлесіп талдағаннан кейін теориялық ұсыныстарды тәжірибеде сынап көруді ескертіңіз.Ол үшін таразы табақтарының көмегімен массасы тең көкөніс муляждарын пайдаланыңыз. 4)Бағалауды қалай ұйымдастырасыз? ҚБ:өзара бағалау

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Әр топ ойын ұйымдастырады. Бір бірін бағалайды

Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту ушін сұрақтар мен тапсырмалар құрастырыңыз.

Оқушылар сабақ соңында теңдік пен теңсіздікті ажыратып үйренеді.Тақырып бойынша алған білім деңгейін анықтау мақсатында оларға төмендегі сұрақтарды қойыңыз.

  • Теңдікті жазу үшін қандай белгі қоямыз?

  • Теңсіздік жазу үшін қандай белгі қоямыз?

  • Азаматтың 3қызыл машинесі ал серіктің5 жасыл машинесі бар.Теңсіздік құрып жаз?

  • Айгүлдің жануарлар туралы 5 кітабы ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар.Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр

Сабақ соңында рефлексия жасатыңыз


Бағалау: Топ мүшелері бағалау парақтары арқылы бағалайды

Рефлексия«Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы оқушылардың басқа топтарды бағалауын жүзеге асырыңыз



-80%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Теңдік ,теңсіздік ұғымдарын оқыту әдістемесі (31.17 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт