Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  3 класс  /  Теңдеулер, теңдіктер,теңсіздіктер,өрнектер.

Теңдеулер, теңдіктер,теңсіздіктер,өрнектер.

Есепті теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру,есептеу дағдысын жетілдіру, жазбаша қосу және азайту; теңдеулер,теңдіктер,өрнектер шығару; фигуралардың ауданын есептеуді қалыптастыру,пәнге қызығушылығын арттыру.

27.12.2017

Содержимое разработки

Каденова А.А.

Бастауыш сынып мұғалімі

№56 мектеп-лицейі, Астана қ.

(Сабақ жоспарының үлгісі)

Математика




Сабақтың атауы

Теңдеулер, теңдіктер,теңсіздіктер,өрнектер.

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар

Жалпымақсаттар

Білімділі: Есепті теңдеу құру арқылы шығару қабілетін

қалыптастыру,есептеу дағдысын жетілдіру. Дамытушылық: жазбаша қосу және азайту; теңдеулер,теңдіктер,өрнектер шығару; фигуралардың ауданын есептеуді қалыптастыру,пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мәні:өздігінен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, ұжымдық жұмысқа ,шапшаңдыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ойындар, ойыншықтар, «математика ассоциациясы», математикалық жұмбақтар, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың түрі: қайталау, практикалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: пысықтау, сұрақ-жауап, озық технологиялар элементтері,танымдық тапсырмалар, ойын

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

- Топ-топқа бөлінеміз (Геометриялық фигуралар арқылы) «Білгірлер» тобы.

«Тапқырлар» тобы.

«Алғырлар» тобы.

«Зеректер» тобы.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық

Мынау менің –жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің- оң қолым,

Мынау менің – сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Өткен сабақты пысықтау. Ойын . «Дұрыс және дұрыс емес пайымдау» 7-тапсырманы тексеріп шығу.

Р= 6+4+6+4=20см

(6+4)*2=20см, Белгі карточкаларын пайдалану . Қызыл-жоқ, жасыл-дұрыс, сары-білмеймін.

Математика сөзжұмбағын шешу.

- Бәріміз бірігіп «Математика» атты сөзжұмбақты шешіп қақпаны аша аламыз.

1. Ең кіші төрт таңбалы сан.

2. Қосуға қарсы амал.

3. Бестен кейінгі сан.

4. Бірдей екі санның арасына қойылатын таңба.

5. Ұзындық өлшем бірлігі.

6. 100 жыл неге тең?

7. Тоғыз ондық неге тең?

8. Фигураның барлық қабырғасының қосындысы неге тең?

9. 79,..., 81 жоғалған санды тап.

10. 30 бен 2нің көбейтіндісі нешеге тең?

- Сонымен бізде «математика» сөзі шықты.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Біз бүгінгі сабағымызда топтар арасындағы жарыс түрінде өткіземіз. Жарыс барысында сендер ауызша, жазбаша есептерді жарыса шығара отыра сендердің танымдық білімдерін дамытылады. Балалар, сендер «Әлемдегі жеті кереметті» естіген, білетін шығарсыңдар. Оларды еске түсірсек:

1.Мысыр пирамидасы

2.Семирамида аспалы бақ

3.Галикарнас кесенесі

4.Артемида ғибадатханасы

5.Родос алыбы

6.Зевс мүсіні

7.Александрия шамшырағы

Әлемдегі осы 7 кереметті біз естіп, көріп, біліп жатырмыз. Ал балалар, бүгінгі күні адамға ең қажет, адам үшін өмірдің 7 кереметі бар екен, сол 7 кереметті сендер білесіңдер ме? Енді адам үшін өмірдегі 7 кереметтің қалай аталатынын сабақ барысында біз таныса отыра, топтар арасындағы жарысымызды бастаймыз.

1.Адам үшін өмірдің бірінші кереметі – бұл «КӨРУ»

1 – тапсырма: а .Жүзден жүйрік» «Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан» Жасырынды сандарды тап

840:4= 210---------- 69:3=23-----------40*8=320----------- 25*3=75

550: 11=50--------- 620:2=310 ----------- 7*50=350----------- 34*20=680

440: 2=220--------------------- 9*70=630 -----------

«Білгірлер» «Тапқырлар» «Алғырлар» «Зеректер»

2.Адам үшін өмірдің екінші кереметі – бұл «ЕСТУ»

2 –тапсырма:«Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Белгісіз санды х әрпімен белгілеп, теңдеулер жаз және оларды шеш.

А) Егер белгісіз 25-ті қосса, 635шығады.х+25=635

Ә)егер белгісіз санды 6есе арттырса, 96 шығады. У*6=96

4-тапсырма.Теңдеу құрастыру.

а) х:80=480 б) у+90=110

х=480:80 у=110-90

х=6см у=20


3.Адам үшін өмірдің үшінші кереметі – бұл «СЕЗІНУ»

Сергіту сәтін өткізу: (музыка әуенін сезіну)

Музыка әуенімен би қимылдарын жасау.

4.Адам үшін өмірдің төртінші кереметі – бұл «СИПАП СЕЗУ»

5– тапсырма.

-Балалар біз әр заттарды көзімізді жұмып қойсақ қалай біле аламыз?

- Сипап көрсек таба аламыз ба?

«Білгірлер» «Тапқырлар» «Алғырлар» «Зеректер»

«Жолың болсын, балақай» .Берілгендерді қойып, өрнектердің мәнін тап.d+b d: 25,9,70,8,100 b*d Б: 8,61,5,90,4

25+8=35 9+61=70 70+5=75 8+90=98 100+4=104

25*8=200 9*61=549 70*5=350 8*90=720 100*4=400

5.Адам үшін өмірдің бесінші кереметі – бұл «ДӘМ СЕЗУ»

  • Біз дәмді қалай сеземіз? Дәмнің қандай түрлері бар? 6 – тапсырма:

«Білгірлер» 65+32+х=500 «Тапқырлар» 455-х=650:5

97+х=500 455-х=130

Х=500-97 х=455-130

Х=403 х=325

«Алғырлар» 500:х=600:6 «Зеректер» 150+х=97+540+62

500:х=100 150+х=699

Х=500:100 х=699-150

Х=5 549

Семантикалық карта



636

988+63-36

У:100=900+100

255-55=20*10

Теңдеу





Теңсіздік





Өрнек





Теңдік






6.Адам үшін өмірдің алтыншы кереметі – бұл «ҚУАНУ»

6 – тапсырма: «Тапқыр болсаң ұтып көр» ойыны (дұрыс жауапқа қол шапалақтау)«Кім жылдам» сайысы

ә)Логикалық тапсырмалар орындау: (қарап тұрып тез жауабын беру)

1.Тауық 1 аяғымен тұрса 3 кг болады, екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3кг)

2.Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 )

3.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды. (түйеқұс ұша алмайды)

4.Бір- бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді? /сегіз/

№7.Фигуралардың боялған бөлігінің ауданын тап.

А ) 8*4=32 см2 Б) 8*6=48см2

32:2=16см2 48:2=24см2

7.Адам үшін өмірдің жетінші кереметі – бұл «ЖАҚСЫ КӨРУ»

(мұғалім дұрыс тапсырмаларды оқушыларға жақсы сөздер айтады)

8-тапсырма.

А)36+9=45патер

Б) 526-328=198туйме 526+198=724 т

Сергіту сәті

Сергіту сәтін өткізу: (музыка әуенін сезіну)

Музыка әуенімен би қимылдарын жасау.



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Қорытынды:

Сабаққа қорытынды жасау.

-Сабақ сендерге ұнады ма? Сабақтың қай кезеңдері ұнады?Не ұнамады?

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Жеңімпаз топты жинаған ұпайларына сәйкес анықтау.

Мұғалім: Сонымен сабағымызды қорытындылай келе, сөз соңында айтарым адам өмірі қызығы мен қайғысы, қуанышы мен реніші бірдей өтетіндіктен, адам өз өміріндегі осы 7 кереметін бағалап, сақтай отыра дұрыс өмір сүре білсе, ал сендер де өз бойларындағы осы 7 кереметті күнделікті өмірде бағалай алыңдар. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыңа өз алғысымды білдіремін.

Кері байланыс. Бағдаршам

Үй тапсырмасы

№6 (2), №3 164бет

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Балалардың білімдерін сабақ барысында топтардың алған ұпай сандарын есептей отырып бағалау.









































-80%
Курсы повышения квалификации

Арт-математика - эффективный инструмент эстетического воспитания обучающихся

Продолжительность 16 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
2500 руб.
500 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Теңдеулер, теңдіктер,теңсіздіктер,өрнектер. (25.16 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт