Ортаңғы топқа ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің
технологиялық картасы
Мерзімі:04,06.04.2016
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:«Музыка»
Тақырыбы:«Орманға саяхат»
Мақсаты:Музыкалық шығармалардың сезімдік мазмұнын, сипатын ажаратуға уйрету. Нәзік, сабырлы, көңілді де ойнақы, көңілсіз әнді сезіне айтуға үйрету.
Көрнекілік:Ағаштар, билеп тұрған аюлар, вальс, марш, ырғағымен тұрған қасқырлар, көңілді секірген қояндар. Тапсырмасы бар текшелер.
Сөздік жұмыс: Көңілді, көңілсіз, жігерлі.
Іс-әрекет кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
| Балаларды көңілді музыкамен қарсы алады. Амандасады. Шаттық шеңбері: «Табиғат-Ана!» 01-«Г»-№34 Қоршаған өмір әлемі, Не деген көркем, әдемі! Сол сұлулықты сақтайық, Мадақтайық, мақтайық!
Жүгірту,би қимылдарынан үзінділер жасату(серіппе,аяқты топылдату) |
Балалар тізбектеліп,көңілді музыкамен залға келеді. Амандасады.
Шаттық шеңберіне жылы лебіздер бәрі бірге айтады.
Музыка ырғағымен қимылдар жасайды. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Балаларды отырғызып, «Вальс» (Ш.Шілдебаев) шығармасын демала отырып тыңдауды ұсынады. Балаларға орман ішіндегі аялдамада кездескен ағаштарда тапсырма болатының айтады. Бірінші кездескен ағаштын бұтағынаң Аңдардын вальс билеген суреті.Тапсырмасын алып үйге келгенен кейін ашатынын түсіндірді. Көлікке бірге мінейік, Әрі қарай кетейік. Жылдамдатып жетейік. Келесі аялдамадағы ағашта қояндардың билеп тұрған суреті. Жетекші: Балалар қояндар қалай билейді? «Көңілді би» (Ө. Байділдаев) шығармасын тыңдауды ұсынады.
Көлікке бірге мінейік, Әрі қарай кетеміз –деп тағы сапарларын жалғастырады. Үшінші ағаштағы тапсырма –қасқырдың маршырғағымен жүріп бара жатқан суреті. «Мерекелік марш» (И.Леан) шығармасын тыңдауды ұсынады. -Балалар, қасқыр қалай жүріп бара жатыр? -Осымен саяхатымыз аяқталды. Ал енді, балалар, суреттегі шығармалардың түрлерін қайталап беріндерші. Біріншіаялдамада аюлар баяу, созыңқы, сабырлы сипатта билегенін түсіндіреді. Екінші аялдамада қояндар шапшан,жеңіл секіргенің, көңілді билегенін түсіндіреді. Үшіншіаялдамадақасқырлар марш ырғағы жігерлі жүріп бара жатқаның түсіндіреді. Әңдетейік –жырлайық, Әсем әңге салайық. Дауыс жаттығуы. «Көктем» Ән үйрету: «Бақшаға келемін» (Ө.Байділда, Қ.Сулейменова)
Би билейік ырғала, Секірейік жұптаса. Кезек-кезек оңға-саолға, Аяқтарды соғайық.
Би: «Қосарланып билеу» (Литваның халық әні, өңдеген Г.Потапенко) «Жемтік аулау» қимылды ойыныАңдар маскасын таратады, қасқыр оларды ұстауға тырысады- Бұл аңдар ертегілерде, мультфильмдерде мейірімді, қайырымды болып келуі мүмкін. Бірақ бұл аңдар бір сөзбен айтқанда - жабайы жыртқыш аңдар. -Қандай аңдар екен? Орысша жыртқыш аңды - дикие животные дейді.
|
Балалар жайғасып отырады, музыканы тыңдайды.
Балалар шеңбермен жүріп айтып келеді.
-Қояндар көңілді билеп жатыр.
Балалар ұмтылып тапсырмаға қарайды.
Қасқыр маршпен жүріп бара жатыр.
«Вальс» ырғағы баяу, созыңқы, сабырлы болатының айтады.
Балалар дауыс ырғағын жоғара –төмен орындайды.
Балалардан ән туралы жауаптар алу.Балалар әннің не туралы екенін түсініп,көңілді айтуға тырысады.
Балалар жұппен шеңбер бойымен би ырғағын табуға тырысады.Әуенніңөзгеруіне сай қимылды да өзгертеді. Қарама – қарсы тұрып дөңгелене билейді.
Ойынды қызығушылықпен ойнады.
-Жыртқыш аңдар Қайталап айтады.
|
Рефлексивті- түзетушілік | Қорытынды: -Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік? -Қандай аңдардың орманда кездестірдік? «Жүректен жүрекке» шеңбері «Табиғат-Ана!» 01-«Ж»-№34 Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет! Ауа, таза аспаның үшін рақмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рақмет! Ағаш, көлеңкең үшін рақмет!
|
-Жабайы аңдар туралы.
-Қоян, аю, қасқыр.
Шеңберде тұрып, бәрі бірге айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Музыкалық шығармалардысезінуді, сипатын ажыратуды,әнді сезіне айтуды.
Игереді: Музыкалық шығармаға, мазмұнына бейнеленген суреттердің сипатын ажыратуға, музыкалық-қимылды ойындарды, музыканы тыңдап ырғағын сезінуін игерту.
Меңгереді: Музыкалық шығармаларды тыңдап,ырғақтарды сезіне би қимылдарын жасауды.
Жетекші: Қаратаева А.Қ
Тексерді:___________