Разработка открытого урока на тему: "Текстовый редактор WORD PAD" на казахском языке.

Разработка открытого урока на тему: "Текстовый редактор WORD PAD" на казахском языке.

«№19 орта мектебі»КММ
WORDPAD мәтіндік реактор.
Құжат құру.
(ашық сабақ)
7 сынып
Орындаған: Сәтбаев қаласы,
№19 орта мектебі
ІІ санатты мұғалім
Э.С.Кушкумбаева
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және
WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен
жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Балалардың үй тапсырмасын тексеру үшін полиглот ойының ойнатамын. Балалар үш тілде берілген сөздерді айтып аудармасын айтады.
Жаңа түсініктер:
Жаңа сабақты баста мас бұрын оқушыларға мәтін туралы видое ролик көрсетемін.
Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD МӘТІДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы карапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі каріпті колдануға,сонымен катар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
№1 практикалық жұмыс
1. WordPad қолданбасын ашыңдар.
•2. Мәтінді тер.
•Бірнеше ондаған жыл бұрын археолог-ғалымдар ертедегі
адамдардың қонысын тапты. Ол қоныстан бұдан 30 мың
жыл бұрын өмір сүрген, елу бес жерде кертігі бар қасқырдың
сүйегі шықты. Алғашқы қауым адамдары мал шаруашылығын да,
жер (егін) шаруашылығын да білмеген. Олар жабайы аңдар
мен балық аулап, сондай-ақ бүлдірген, саңырауқұлақ, жаңғақ
жинап, жеуге болатын өсімдіктердің тамырын қазып қорек еткен.
Пілге ұқсас үлкен жануар - мамонтты аулау оларға ең мол олжа
болатын.
№2 практикалық жұмыс
1. Редакторын іске қос
•2. Төмендегі жұмбақ мәтінін теріп жаз
және не жасырылғанын тауып
суретін кірістір.
Алыста бір қара тұр, көресің бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Сүйегі ішіндегі басқа-басқа,
Бар екен жалғыз көзі төбесінде. (кигіз үй)
№3 практикалық жұмыс
Редакторын іске қос
•Берілген сурет бойынша диалог сөздерді
құрастырып жаз.

4- тапсырма. «М» сөзжұмбағын дұрыс шешсеңіз мәтінмен жұмыс кезіндегі терминдермен кездесеміз.
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||

•1. Кірістіру нүктесі
•2. Word Pad …………………………….... редакторы
•3. Тізім құру батырмасы
•4. Редактордың негізгі командалары орналасқан жол
Мәтінді көшірмелеу және ауыстыру.
5- тапсырма. Буындар жазылған қатарды алдын ала жазып, - көшіру, -қою батырмаларын пайдаланып, көп нүктенің орнына буындардан сөздерді құрастырып орналастырыңдар.

Үйге тапсырма: 5.1. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
-80%