Білім беру саласы:таным,қатынас.
Бөлімі:Қ.М.Т.Қ.
Тақырыбы:Таңертең.Үлен-кіші.Бір-көп.
Мақсаты:1.Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру;таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші)
және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету.
2.Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
3.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:ойыншық кірпі-1дана,шымылдық,әр балаға жай қарындаштан,жұмыс дәптері,
бір зат бейнеленген суреттер,үстел,күн,ай,орындық және көп заттар,орындықтар,қасықтар,кітаптар,дәптерлер,таңертеңгілік мезгіл бейнеленген сурет.
Сөздік жұмыс:таңертең,үлкен,кіші.
Билингвальді компонент:таңертең-утро,үлкен-большой,кішкентай-маленький.
| Іс-әрект кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
| Мотивациялық Қозғаушылық
Ұйымдастыршылық- Ізденістік | Балалар,бүгін бізге қонақ келді.Ол бізге тәулік мезгілдері туралы әңгімелеп бермекші.Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер. Жұмбақ Тиіскенді түйреген, Киімі бар инеден. (Кірпі) Балалар жұмбақ не туралы?
Кірпі балалпрға бір тәулікте төрт мезгіл Болатынын,олар:таңертең,күндіз,кеш,түн деп аталатынын айтады. Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз,кешке,түнде немен айналысатынын білгің келе ме? -Таңертең үлкендер жұмысқа,ал балалар балабақшаға,мектепке барады.Күндіз үлкендер жұмыс істейді,ал балалар сабақ оқиды.Кешке бәрі демалады,ал түнде ұйықтайды.Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар. Таң Таң шапағы алаулап, Дала нұрға боялды. Мүлгіген бақ манаурап, Ұйқысынан оянды. Жүзін желдің отіне Тосты гүлдер желбіреп Жапырақтар бетіне Мөп-мөлдір шық қонды кеп.
«Үлкен және кішкентай»ойыны. Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады. -Суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Кірпілер бірдей ме? -Олар қандай екен?
Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғанын айтады:үлкен кесе үлкен кірпіге,ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.Содан соң кірпі балаларға тапсырма береді:үлкен кірпіден үлкен кесеге қарай,кішкентай кірпіден кішкентай кесеге қарай жол салыңдар. -Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді? -Кішкентай кірпі қай кеседен сүт ішеді? Сөздік жұмыс:таңертең,үлкен,кішкентай
Билингвальді компонент;таңертең-утро,үлкен-большой,кішкентай-маленький.
Сергіту сәті Жаттығу жасаймыз! Бір деп-тік тұрамыз. Екі деп-екі рет айналамыз. Үш деп-үш рет секіріп. Төрт дегнде-отырамыз.
|
Қызығушылық танытады.
Тыңдайды және жұмбақтың шешуін айтады Кірпі туралы.
Кірпінің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.
Иә,білгіміз келеді.
Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.
Тақпақты тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Кірпілерді көріп тұрмыз. Әртүрлі. Үлкен және кішкентай
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Үлкен кеседен ішеді Кішкентай кеседен ішеді Қайталайды:таңертең,үлкен, кішкентай. Қайталайды:таңертең-утро,үлкен-большой,кішкентай-маленький.
Балалар жаттығу жасайды.Бойлпрын тіктеп тұрады.2рет айналады.3ретсекіреді. Отырады. |
| Рефлексиялық түзетушілік | «Картинаны тап»ойыны | Балалар бір заттан тұрған картинаны тауып атайды. |
Күтілетін нәтижелер:Жасайды:заттардың көлемі мен санын,тәулік мезгілін.
Түсінеді:Заттардың көлемі бойынша (үлкен-кішкентай)және саны бойынша(біреу-көп)болатынын.
Қолданады:Қарындашпен жұмыс істеуді,көлеміне қарай заттарды сызық арқылы қосуды.

Таңертең.Үлен-кіші.Бір-көп. (18.02 KB)

