Ересек «Бәйшешек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілген күні: 05.04.2018 ж
Тәрбиеші: Ертас А.Б
«Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері Тақырыбы: (ш) дыбысы мен әрпі Қ
Мақсаты:Қ мен (Ш ) дыбысының дұрыс және анық айтылуын үйрету, дыбыс артикуляциясын пысықтау, буында, сөздерде, сөйлемдерде дыбыстық орнын белгілеу, түзету жұмыстарына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауды қадағалау артикуляциялық аппараттарын дамыту, дұрыс дем ала білуге дағдыландыру, ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, бір – біріне деген бауырмалдық сезімдерін нығайту.
Педагогикалық технологиялар:Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, жұмбақ шешу, таңғаларлық сәт, қорыту Ресурстармен қамтамасыз ету: айна, сюжетті суреттер, ойыншықтар, хош иісті шайлар, дыбыстың сұлбасы, слайдтар, жұпар иісті гүлдер, плакаттар.
Билингвалдық компонент: Құлыншақ – жеребенек қуыршақ-кукла
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Саламатсыздарма, балалар!
Балалар, бүгін бізде қызықты сабақ болады.Ол үшін балалар барлығын мына компьютерге жақын келіңдер.
Қазіргі заман талабына сай барлық жұмыс түрі жеңілдетіліп, компьютерленген, автоматтандырылған заман. Қазіргі кезде көптеген отбасында компьютерлер бар. Енді осы компьютерден біздің топқа келетін балаларды көріп, олармен таныс болыңыздар.
Қане, Мерей , сен мына басқыштарды басып, онда кім отырғанын айта ғой. Дұрыс. Енді Әнуар сен баса ғой, мұнда кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? Кім айтады? Қане, Әсел , сен айта ғой. Дұрыс балалар барлығын дұрыс атадыңдар.
Міне, балалар, бұл орталық аз да болса да осындай жарымжан жандарға қуаныш сыйлау үшін қызмет етеді.
Негізгі кезең Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой. Қане, кім айтады дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты біз естиміз, айтамыз, ал әріпті біз жазамыз, көреміз. Қазір біз дауыссыз дыбыстарды өтіп жатырмыз. Балалар тақтаның алдында нені көріп тұрсыңдар? Ойыншықтар. Қандай ойыншықтар бар екен? Қоян, қасқыр, қолғап, мысық, балық, қошқар, қар. Енді осы сөздерді мен қайталаймын, сендер мұқият тыңдап, қандай дыбыс барлық сөзде кездеседі екен, соған назар аударып бүгінгі кезек қай дыбыстікі екен? Қ дыбысыныкі. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Қ дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады.
ІІІ. Тақтамен жұмыс:
Енді сол дыбыстың тақтаға сұлбасын салып көрейік. Ол үшін барлығымыз таяқша салып үйренейік. Тимур, сен түзу таяқша, Амантай сен қиғаш таяқша, ал Өмірәлі сен аяғын салып үйрен. Міне, енді Қ дыбысын жазып көрелік. Қане кім жазады? Саша жаза ғой. Дұрыс. Өте жақсы, Қ дыбысын жазу үшін неше таяқша керек екен? Төртеу, дұрыс. Енді осы дыбысты дауысты дыбыстармен қосып оқып, буында, сөздерде, сөз тіркестерінде қолданып көрейік.
Қа Қо Құ Қы
Ақ Оқ Ұқ Ық
Тақ Тоқ Тұқ Тық
Қақ Қоқ Құқ Қық
Қармақ, қораз, құйын, қымыз, моншақ, тақпақ тұқым, құлыншақ, құлақшын, тымақ, қуыршақ. Төмендегі сөздердегі Қ дыбысының орын белгілейік. Қ дыбысы сөздің ортасында, басында, аяғында да кездеседі екен.
Ой! Балалар, мына әдемі кітапқа қараңдаршы, Жан – жануарлар фермасы деп аталады өзі. Мұнда құстар мен жануарлардың мекені туралы сөз етеді. Қазір Амантай суретке қарап, ненің суреті, ол қалай аталады және дыбысталады, соны бізге көрсетеді. Мынау не? Ол жылқы, ол қалай дыбыстайды? Иго – го, Иго – го! Жылқының төлін не деп атайды
Құлыншақ!
Ал мынау не? Тауық, оның баласы балапан. Ал мынау не? Қой, оның төлі қошақан.
Психожаттығу. Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. Дұрыс, қыс түскенімен жерде әлі қар жоқ, бірақ ызғырық қара суық бар. Даладан келгенде біздің бетіміз тоңып келді, соны уқалап, жылытамыз, құлағымызды, қолымызды, мұрнымызды уқалаймыз. Өте жақсы, орнымызға отырайық.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап, жауабын айта қойыңдар.
Жапалақтап жауады,
Жердің бетін жабады.
Бұл не аппақ мақтадай?
Қанеки, кім табады? (Қар)
Дұрыс, өте жақсы. Балалар біз таза анық дыбыстарды айту үшін артикуляциялық аппараттарымызды ретке келтірейік, жаттығуларға тоқталып өтейік.
″Тентек тілді жазғыру″ Тілімізді тістің ортасына салып, тістейміз. Ла, ла, ла. ″Төбешік″ Төбешікке бір мініп, зуылдатып сырғанар. Сылақшы - ау, сылақшы, таңдайымды сылашы! Тілімізбен ернімізді жалаймыз! Аттың жүрісін салып, таңдай қағу.
Міне, балалар, сөйлеу мүшелеріміз ретке келді, енді мына жаңылтпашты жатқа айтып, көрейікші.
Қыс қыспаса, қыс па?
Құс ұшпаса, құс па?
Дұрыс, барлығыңда тез жаттадыңдар!
Сергіту сәті: Көктем көктем көктемде Жаңбыр жауып өткенде
Бұлттар қашып аспаннан
Күн күлімдеп өткенде
Деммен жұмыс. Алдымен мұрнымыз бен дем алып, Аузымыздан шығарайық. Аузымызбен дем алып, мұрнымызбен шығарайық.
Мұрнымыздың бір үрпісін жауып тұрып, екінші үрпімен дем аламыз, Енді қолымызды ауыстырып қайталаймыз. Келесі жаттығуда жұпар, хош иісті гүлдерді иіскеп, иіс сезу мүшелерімізді ретке келтірейік. Яғни, арома терапиясын жүргізіп көрейік.
Арома терапия дегеніміз иіс сезу мүшелерінің жұмысын қадағалау. Адамдар да болатын иіс сезу мен қатар дәм сезу мүшелерінде тексере кетейік. Жаңа өздерің айтқандай жасайық.
Қорытынды:
Дұрыс жақсы, балалар, бүгін барлығың өте көп еңбек еттіңдер оқу қызметінде барысында арома, фитотерапия, трудотерапияларын сабақ барысында қолдана білу керек. Рахмет сендерге. Енді келесіде кездесеміз. Сау болыңдар!


Тақырыбы: Ш мен Қ әрпі (18.9 KB)

