Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Тақырыбы:"Менің сүйекті отбасым"

Тақырыбы:"Менің сүйекті отбасым"

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Менің сүйікті отбасым»

Тәрбиеші:Абилдаева А.К.

Актобе каласы

Тақырыбы: «Менің сүйікті отбасым»

Мақсаты:

Білімідік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.

Дамытушылық: бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым – қатынасын дамыту.

Тәрбиелік: Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Отбасылық суреттер, ойындар.

Мотивациялық түрткі болатын шаттық шеңбері

  • Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша!

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, алтын күн!

Қайырлы таң, көк – аспан

Қайырлы таң, жер – ана

Қайырлы таң, балалар

Қайырлы таң, қонақтар.

Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

Ішке (көңілсіз көжек) кіреді.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!
  • Мен кішкентай көжекпін,

Жүгіргенде өжетпін.

Шауып жүріп орманда,

Адасыппын, білмеппін.

  • Көмек сұрап сіздерге,

Келіп тұрмын, балалар

Отбасымды, панамды

Тауып берші анамды.

  • Балалар көжек өз отбасын жоғалтып алған екен. Біз оған көмектесеміз бе?
  • Иә.

Ол үшін балалар, біз қоянның ізімен жүріп тапсырмаларды орындауымыз керек.Тапсырмаларды дұрыс орындасақ көжекті үйіне апара аламыз.

Тапсырмалар:

  • Мнемокестеге қарап, қыс мезгілін әңгімелеу. Қыс айларын атау (Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан).
  • «Мынау кім?» дидактикалық ойыны. Отбасы мүшелерін атап, сипаттау;

Ана – мейірімді, әдемі, аяулы, жақсы, сұлу.Мен анамды жақсы көремін

Әке – ақылды, салмақты, қамқоршы, асқар тау. Мен әкемді жақсы көремін.

Ата – қайырымды, адал, байсалды, ақ сақалды. Мен атамды жақсы көремін.

Әже – қонақжай, шыдамды, дана, ардақты. Мен әжемді жақсы көремін.

  • Саусақ жаттығуы.

Бас бармағым атам – үйдің данасы.

Балан үйрек әжем – ошақ анасы

Ортан терек әкем – ошақ панасы

Шылдыр шүмек анам – шаңырақ ажары

Кішкентай бөбек мен – үйдің базары.

  • «Буыннан өлең құрастыру» ойыны.
  • На – на – на – қандай сұлу ана
  • Ке – ке – ке - қандай жақсы әке
  • Та – та – та – бата берді ата
  • Ға – ға – ға – қайырымды аға
  • Пе – пе – пе – сүйкімді – ғой, бөпе.
  • Фотоколлажға қарап, өз отбасы туралы әңгімелеу.

1 – бала. Мынау – менің отбасым. Отбасымда атам, әжем, әкем, анам, мен бармын. Отбасы тату, бақытты. Мен отбасымды жақсы көремін.

2 – бала. Менің отбасымда әжем, әкем, анам бар. Әжем – зейнеткер. Анам, әкем жұмыс жасайды. Мен балабақшаға барамын. Мен отбасымды жақсы көремін.

  • Міне, балалар соңғы тапсырманы орындап, көжектің үйіне келдік.
  • (Қоян шығады).

Көжегім – ау, көжегім,

Кіп – кішкентай, бөбегім.

Анаң сені іздеді,

Қайда екеніңді білмеді.

  • Рахмет, сіздерге балалар!

Отбасы – ол бақыт,

Отбасы – ол ата- ана.

Жүректен – жүрекке: Балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрады.

  • Аяулы анам мейірімді!
  • Қадірлі әкем мейірімді!
  • Әлпештеген әжем мейірімді!
  • Еркелеткен атам мейірімді.

Қорытынды:

Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.

Көріскенше күн жақсы,

Сау – саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ата, Әже отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.

Түсінуге тиіс: Ата, әже, ана, әке, аға, апа – бәрін отбасы дейміз.

Істей білуі керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

21.05.2019

Содержимое разработки

Ақтөбе қалалық білім бөлімі

№9 «Бәйшешек» мектепке дейінгі ұйымы

  • Пе – пе – пе – сүйкімді – ғой , бөпе.

  • Фотоколлажға қарап, өз отбасы туралы әңгімелеу.

1 – бала. Мынау – менің отбасым. Отбасымда атам, әжем, әкем, анам, мен бармын. Отбасы тату, бақытты. Мен отбасымды жақсы көремін.

2 – бала. Менің отбасымда әжем, әкем, анам бар. Әжем – зейнеткер. Анам, әкем жұмыс жасайды. Мен балабақшаға барамын. Мен отбасымды жақсы көремін.

  • Міне, балалар соңғы тапсырманы орындап, көжектің үйіне келдік.

  • (Қоян шығады).

Көжегім – ау, көжегім,

Кіп – кішкентай, бөбегім.

Анаң сені іздеді,

Қайда екеніңді білмеді.

  • Рахмет, сіздерге балалар!

Отбасы – ол бақыт,

Отбасы – ол ата- ана.

Жүректен – жүрекке: Балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрады.

  • Аяулы анам мейірімді!

  • Қадірлі әкем мейірімді!

  • Әлпештеген әжем мейірімді!

  • Еркелеткен атам мейірімді.

Қорытынды:

Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.

Көріскенше күн жақсы,

Сау – саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ата, Әже отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек.

Түсінуге тиіс: Ата, әже, ана, әке, аға, апа – бәрін отбасы дейміз.

Істей білуі керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы:"Менің сүйекті отбасым" (21.48 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт