Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Уроки  /  Прочее  /  Тақырыбы: «Көктем кереметі»

Тақырыбы: «Көктем кереметі»

Мақсаты: Балаларға музыка тыңдау арқылы табиғи құбылыстардың шуылын айыруды үйрету.(жаңбырдың шуылы, жапырақтардың сыбдыры, желдің уілі) Вивальди. Времена года «Весна» шығармасын тыңдау.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, дамыта – түзету, қайталау.

Көрнекі-құралдар: күйсандық, үнтаспа, дыбыс шығаратын ойыншықтар, слайд,т.б. Вивальди: Времена года «Весна» шығармасын тыңдау.

22.09.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Көктем кереметі»

Мақсаты: Балаларға музыка тыңдау арқылы табиғи құбылыстардың шуылын айыруды үйрету.(жаңбырдың шуылы, жапырақтардың сыбдыры, желдің уілі) Вивальди. Времена года «Весна» шығармасын тыңдау.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, дамыта – түзету, қайталау.

Көрнекі-құралдар: күйсандық, үнтаспа, дыбыс шығаратын ойыншықтар, слайд,т.б. Вивальди: Времена года «Весна» шығармасын тыңдау.

I апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау.

II. Негізгі бөлім: Психожаттығу: -Қорбандап жүрген аюдың жүрісін салайықшы.

-Қорқып қашып бара жатырған қоянды саламыз

III. Жаңа сабақ. Бугінгі сабақта көктем мезгілімен танысамыз. Көктем мезгілінде

үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде ауланы, көшелерді тазартады, ағаштардың түбінің топырағын қопсытады, ағаштарды әктейді, құстарға ұя жасайды, ағаштар егеді. Көктемде тырналар, қарлығаштар, қарғалар, сары шымшықтар ұшып келеді. 

Қыста қар жауса, көктемде қар ериді, қыста аяз болса, көктемде аяз болмайды, қыста ағаштарды қырау басады, көктемде ағаштар бүршік атады, қыста қар қатады, көктемде

қар ериді. Көктемде ағаштар бүршік атады, жапырақ жаяды.Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.

Босаңсытып денеңді,

Бей-жай күйге ен енді

Басты көтер, тік ұста

Емін – еркін тыныста!

IY.Сергіту сәті:  Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып

Көкке қолды созамыз

II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: : баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Релаксация.

Әуенді тыңдау арқылы бір сәт баланы демалдыру, тыныштандыру.

Көзін жұмып, жәй әуен тыңдату.

Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Қандай сезімде болдың, көңіл - күйің қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.

Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.

Аяқпенен топ-топ,

Ал қолменен хлоп,хлоп,хлоп

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мында.



Ойын:»Ұшты-ұшты»

Шарты: ұшатын нәрселерді айтқанда қолды көтеріп,ұшады дейді ал ұшпайтын заттарды айтқанда қолдарын көтермей ұшпайды деу керек.

III апта

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Тәрбие алушыға қаламмен стол үстін ұру арқылы дауылпаз дауысына ұқсас дыбыс шығаруға болатынын көрсету.

«Тарсылдатамыз, тарсылдатамыз» ойыны.

Заттардан алуан түрлі дыбыс шығару: ағаш немесе металл заттарды бір-біріне соғу, батареяны таяқпен сырғытып өту,әйнекті саусақпен тықылждату арқылы баланың есту қабілетін дамыту.Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.

Саусағымды жаздым,

Жұдырығымды түйдім.

Қайшылайық 1,2,3

Бойға жинап күш

Ойын «Тамаша»
Шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер жақсы, тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп бас бармақтарыңды көтеріп бір-бірлеріңе көрсетесіңдер.
- Гүлдің иісі қандай?
- Тамаша
- Құстардың дауысы қандай?
- Тамаша
- Жайқалып өскен көк шөп қандай?
- Тамаша
- Дұрыс, жарайсың

IY.Сергіту сәті:  Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып

Көкке қолды созамыз

IY апта

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Балаға әуен тыңдатуды үйретуді жалғастыру. Түрлі аспаптар үніне әр түрлі қимыл жасату.( барабан дауысына қол соғу, домбыра дауысына қолды жоғары-төмен қозғау, т.б.)

Релаксация.Балаға түрлі аспаптардың үні қосылған баяу әндерді тыңдату арқылы тыныштық күйде отырғызу.

Сергіту сәті:

Оң қолыңды соз алға,

Сол қолыңды соз алға.

Екі қолды тең сілкіп,

Би биле сен, қозғала.

V. Бекіту. « Біз адымдаймыз» ойыны.

Шарты: баланы екі қолынан ұстап алдыға және артқа әуен ырғағымен жүргізу.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Баланы мақтап мадақтау.














































-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы: «Көктем кереметі» (349.14 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт