Тақырыбы: "Я я дыбысы мен әрпі"
Сабақтың мақсаты: Балаларға «Махаббат», «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік беру. Міндеттері: Білімділік: Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру; Дамытушылық:Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті суреттер, себет, үнтаспа. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтағы жағымды күйге келу. Тыныштық сәті: "Ғажайып табиғат" (Баяу ән жүреді) Ыңғайланып, терең тыныс алып жайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңдарда болады. Көз алдымызға сондай керемет табиғат көрінісін елестетейік. Хош иісті гүлдер, сылдырап аққан бұлақ, әнші құстар. Осынау ғажайып бақтың ортасымен бір өзің ғана табиғаттың әсем көрінісіне көзің тоймай жүріп келесіз. Кенет, бір талдың түбінде жатқан жаралы киікті көрдіңіз, ол жаныңызға қатты батты. Қуанышқа толы көңіл - күйіңіз су сепкендей басылды. Осы кезде сіздің айналаңызға өмірдегі ең жақын жандарыңыз ата – анаңыз, бауырларыңыз, достарыңыз келіп, біз біріксек қандай қиыншылық болса да жеңеміз деп, демеу көрсетті. Осылайша сіз жаралы киікті бірнеше күнде емдеп жаздыңыз. Бәрінің көңіл - күйлері өте тамаша. Сізде отбасыңыздың, достарыңыздың, жақындарыңыздың жаныңыздан табылғаны үшін өмірге ризасың. Осылайша сіз әсем табиғат аясында өзіңе жақын жандарыңызбен тату әрі әдемі ғұмыр кешіп жатырсыз. Ендеше көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға енейік. Рахмет! Топқа бөлу: Оқушылар қоржыннан суреттерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді. 1-топ: Ата – ана. 2-топ: Ана. 3-топ: Әке. 4-топ: Бала. |
Сабақ барысын талдау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар суреттерді таңдап алып, суреттер бойынша төрт топқа бөлінеді. |
Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді еске түсіру: «Гүл тілегі» Мұғалім әр топ мүшелеріне себеттен гүл таңдап алуды ұсынады. Гүлді таңдаған топ мүшесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектеседеі.
|
Оқушылар гүлдерді таңдап алады және сұрақтарға жауап береді. |
Әңгімелесу
— Бір шаңырақ астында тұратын адамдарда махаббат, сыйластық, бауырмалдық, ынтымақ, татулық, бірлік, сүйіспеншілік болуы керек. |
Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөліседі. |
Дәйексөз. «Шаңырақ сәні – сыйластық» Халық даналығы
|
Дәйексөзді оқып, өз пікірлерімен бөліседі. Топ болып хормен дәйексөзді оқиды және дәптерлеріне жазып алады. |
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға оқулықтың 48 бетіндегі Абдрахман Асылбековтың «Сүйіспеншілік» мәтінін тыңдату. Сүйіспеншілік
Қорытынды: – Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, сыйластық та, ынтымақ та, береке де байлық та болады. |
Оқушылар үнтаспадан мәтінді тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. |
Ойын. «Мақалдарды жалғастыру» 1.Балалы үй-базар. 2.Ата-бәйтерек, Бала-жапырақ. 3.Ата-асқар тау, Ана-бауырындағыбұлақ, Бала-жағасындаңықұрақ 4.Ата-ананың қарызы, Ұрпақтыңөмірлікпарызы. 5.Ұяда не көрсеңұшқандасоныілерсің. 6.Ананың сүті-бал, Баланыңтілі-бал. 7.Ата көргеноқжонар,анакөрген тон пішер. |
Оқушылар топ болып мақалдарды жалғастырады. |
Шығармашылық жұмыс. «Отбасы ағашы» Тапсырма: Оқушылар өз шаңырақтарында жарастық орнау үшін не керектігін жәнеадамдардың бойында қандай қасиеттер болуы керек екенін жапырақтарға жазады және «отбасы ағашына» іледі. |
Оқушылар жапырақтарға өз ойларын жазып, «отбасы ағашына» іледі. |
Топтық жұмыс.Топпен ән айту «Жанұям» әні Ой ойлаткан талай-талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз. Өз үйіміз бір отан береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күнім менен түнім. Шаршап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә. Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. |
Оқушылар топпен бірге жағдаяттарды шешіп, өз пікірлерімен бөліседі. |
Үй тапсырмасы.
|
Үй тапсырмаларын күнделіктеріне жазып алады. |
Қорытындылау. Отбасы - шаңырақтан түзеледі. Отбасы – тәрбие бастауы. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Ұрпақтың жақсылығы мен жамандығы отбасында қалыптасады. Отбасындағы бір – біріне деген сүйіспеншілік – ең басты құндылық. Отбасы жарастығы осы сүйіспеншіліктен құралады. |
|
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды көңіл – күй суреттерімен бағалау. |
|
Кері байланыс: Рефлексия
|
Оқушылар суретті алған білімдеріне сай бояйды. |