Тақырыбы: Ғарыш ғажаптары.
Мақсаты: 1.балаларға ғарыш туралы түсінік беру, ғарышқа байланысты сөздерді қазақ тілінде айтуға үйрету.
2.қазақ тілінде байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру.
3.армандап, қиялдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ғарыш суреті, Т.Әубәкіровтың суреті.
Меңгерілетін сөздер: ғарыш, ғарышкер,зымыран, бұлт, жер, ай.
| Іс – әрекет кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
|
| Жылулық шеңбері Қайталау Құстар туралы сұрақтар қойып, қайталатады, аттарын ататады.
|
Мұғалімнің айтқанына қызығушылық танытады. |
|
|
Жаңа тақырып
«Ғарыш» сөзіне түсінік береді, сөзді қайталап айтқызады.
Тағамдар суреттерін көрсетеді, аттарын қайталатады, сөмкеге салдырады.
Суретін көрсетіп таныстырады. «Тоқтар Әубәкіров- ғарышкер» деп бірге айтқызады.
Балалар қисынды бөлшектерден зымыран құстырады. «зымыран» сөзін қайталатады.
Сергіту сәті Көңілді музыка қойылады. Балалар Марсқа жеткендеріне қуанып, қол ұстасып музыка әуенімен айналады.
«Сәлем, Марс тұрғыны!» Ойыншық роботты көрсетеді:
«иллюминаторға» қаратып, не көріп тұрғандарын өздеріне айтқызады.
Суретпен жұмыс Ғарыш туралы сурет бойынша жаңа сөздерді қайталатады. |
«ғарыш» сөзін қайталап айтады, мағынасын түсініп алады.
Тағам аттарын естеріне түсіріп, әр бала әр тағамды атап, суретін сөмкеге салады.
Тоқтар Әубәкіров – ғарышкер, - деп бірге айтады, мағынасын түсініп алады.
«Зымыран» сөзін қайталайды. Қосылып кері санайды: он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір ,нөл. Зымыран «терезесінен» бұлттарды тамашалайды, «бұлт» сөзін қайталап айтады. Ғарыштың ғажап суреттеріне назар аударады, «жер,ай» сөздерін қайталап айтады.
Музыка әуенімен қол ұстасып, айналып билейді.
Роботпен сәлемдеседі, танысады. Роботтың сұрағына жауап береді: Тоқтар Әубәкіров-ғарышкер
Бәрі қосылып кері санайды: он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір ,нөл Иллюминатордан тамашалап, не көргендерін өздері айтады. Орындарына келіп отырады.
Суретпен жұмыс жасайды.
|
| Сұрақ-жауап:
| Мұғалімнің сұрақтарына көргендерін елестету арқылы естеріне түсіріп жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ғарышкер екенін.
Нені игереді: ғарыш туралы айтқан мұғалімнің әңгімесін түсінуді.
Нені біледі: ғарышқа байланысты сөздерді қазақ тілінде айта білуді.

Тақырыбы: Ғарыш ғажаптары. (19.04 KB)

