Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  6 класс  /  Тақырыбы: Әдептен озбайық

Тақырыбы: Әдептен озбайық

Мақсаты: оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

06.01.2018

Содержимое разработки

Мерзімі: Мектеп: «Үстірт орта мектебі»

Мұғалім: К. Идирисова Сынып: 6 «а,ә, б»

Оқушылар саны:

Тақырып: Әдептен озбайық

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, сыйластық

Мақсаты: оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеті:

  • - оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;

  • - оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;

  • - оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

Суреттер, кітаптар, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, видео, колонкалар

Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі 5Т ережесі

Тыныштық сәті.

Жайлы баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасын тексеру

І тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтау.

Өткен сабақтармен байланыс орнату

-Өз бетімен танып-білуге құштарлық, талпыныс ізденіс адамның еркі мен мінезін шынықтырып, шыңдайды. Өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай, мақсатқа жетуге көмектеседі. Ізденіс алдыңа қойған мақсатқа жетуге ұмтылдырып, талпындырады

Сабақ тақырыбын ашу.

Тақтадағы сөздер жиынтығы.

Көмектесу, ата-ананы тыңдау, тәртіптілік, көмектесу, үлкенді сыйлау, өтірік айтпау, кешірім сұрау – сөздер арқылы сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.

Дәйексөз

«Әдептілік, ар – ұят – адамдықтың белгісі»

Халық мақалы

Талдау. Қорытындылау.

Әңгімелеу ӘДЕП

Бiр жүрттың бас әкiмi екiншi бiр байға жолығысып сөйлесiп тұрғанда, қасынан бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бердi дейдi. Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:

– Тақсыр, осынша жүрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.

Сонда әкiм:

– Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қала-йын ба? – дедi дейдi.

Талдау. Қорытынды жасау

Жағдаят шешу

Әдептілік пе, әдепсіздік пе?

Серік партада тамақ жеп отырды. Сыныпқа бір үлкен кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенің сұрады. Ал Серік тамағын жеп отырып, кітабын ақтарып, әлгі кісіге білмеймін деп жауап берді.

Балалар, бұл әдептілік пе, әдепсіздік пе?

Қалай жауап беру керек еді?

Ия, бұл әдепсіздік. Үлкен кісі жөн сұрап тұрған кезде мұғалімнің қайда екенің анықтап, жауап беру керек. Сыныпқа кірген үлкен адаммен бірінші кезекте сәлемдесу керек.

«Әдепті бол, балам» атты диалог әңгімені оқушылардың өздері жүргізеді.

Мұндағы мақсат сөйлеу кезінде әдеп сақтауды, үлкен адамның алдында әдепті, кішіпейіл болуға үйрену.

Бейнебаянмен жұмыс.

Үлкендерге деген құрмет көрсету туралы әлеуметтік ролик көрсету.

Талқылау. Қорытынды

Шығармашылық жұмыс.

Оқушлыарға егер де біз біреуді өз әдепсіздігімізбен үлкен кісілерде ренжітіп алсақ, соларға хат жазайық.

Үйге тапсырма.

«Әдептілік» туралы өлең шығарып келу.

Тыныштық сәті.

Бұл әдістемелік тәсілді Динейк методикасы арқылы төмендегідей мазмұнмен ұйымдастыру.

  Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

«Мен өз ағзамның қорғаныс күшіне сенемін».

«Мен жайдары, ақкөңіл бола бастадым».

«Мендебәрі де жақсы, бәрі өзімойлағандай – мен бақыттымын».

Әрбір фразаны көздерің жұмулы күйінде 10 рет қайталау керек. Санау ды саусақпеннемесе жіптегіт үйіндер бойынша жүргізу қажет. Оқушыларға тынысты жеңіл және ұнамдыболатындай етіп жайлап, еркін алу керектігін ескертіледі.





-75%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы: Әдептен озбайық (17.73 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт