Тақырыбы: Адамгершілік-адамдықтың белгісі
Мақсаты:
Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Мұғалім сөзі:
Адамгершілік – парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамгершіліктің қас жауы тоғышарлық, азғындық.
Кіріспе сөз: Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-фараби: жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп – нормаларын білесіздер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Адамгершілік бастауы неде?
1-оқушы
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімінің шыққанын көрсе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
2-оқушы
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Асылай:
«Ана өсиеті»
Ана айтты бір өсиет баласына,
Бір жолдың шығарып сап саласына,
Ей балам шамаң келсе жақсылық ет,
Ақпейіл азаматтың арасына.
Егер де жол үстінде тікен жатса
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей – ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста.
Бұл еңбегің қалмасты босқа, бекер,
Соны көрген соңғы жас солай етер.
Жақсы үлгіні жалпы ұлт дәстүр жасап
Жол тазарып, жолаушы жолдан өтер.
Міне, балалар, адамгершіліктің асыл қасиеттері өте көп, алуан түрлі, дегенмен солардың ең ішіндегі маңыздысы – аманат.
Маржан сөздер сыр шертеді (адамгершілік, ар-ұят, тәрбие туралы)
1-оқушы
Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!
2-оқушы
Жақсы адам жолдасынан белгілі
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады
3-оқушы 4-оқушы:
Бітер істің басына, Сыйға сый, сыраға бал.
Жақсы келер қасыңа. Ұлың өссе
Жақсы адам – елдің ырыс, Ұлы үлгілімен ауылдас бол.
Жақсы сөз – жанның тынысы. Қызың өссе, Қызы үлгілімен ауылдас бол.
5-оқушы 7-оқушы
Ұят жүрген жерде Ар қайда болса,
Абырой төгілмейді Ұят сонда.


Тақпақ "Менің анам" (34.5 KB)

