Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Мероприятия  /  5 класс  /  "Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат"

"Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат"

Т?уелсіздік т?т?асы бізге аманат

Ма?саты: елімізді? Т?уелсіздігі ?шін к?рескен, бойында ?лтты? рухы, Отан?а, еліне деген патриотты? сезімі ?алыптас?ан жастарды? ?мірін болаша? ?рпа??а ?лгі ету, тарихымызды таныту.

К?рнекілігі: «Тарих ?иянатты кешірмейді», «Лаула, лаула желто?санны? м?зда жан?ан алауы», «?анды желто?сан, жанымызда» т.б. та?ырыптарына жина?тал?ан суреттер, ?анатты с?здер, слайдтар, кітаптар, буклеттер.

Барысы

1-ж?ргізуші: Ассалаума?алейк?м, хал?ым мені?

Арда?та д?ст?рі?ді, салты?ды елім.

Мереке басы болсын берекені?,

Игі е?бек жемісіні? б?рін жегін.

Отанымыз ?аза?стан – ата-бабамызды? ?оныстанып мекендеген жері, кіндік кесіп, кірін жуып, ?ніп ?скен жері.

Т?уелсіздік – е? басты ??ндылы?ымыз. Т?уелсіздік е? алдымен ?аза? хал?ыны? бостанды??а ?мтыл?ан ас?а? армандары мен ?айсар рухыны? жемісі. Сонды?тан да біз ?шін т?уелсіздік к?ші – е? ?адірлі к?ш. Еліміз т?уелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде ?лемге танылды.

Б?гін ?аза?стан ?лем назарында, ?зіні? болаша?ынан ?лкен ?міт к?ттіретін, жері, хал?ы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде ?ыруар істер ат?арылды. Жерімізді? шекарасы халы?аралы? шарттар?а сай бекітілді. Мемлекеттік р?міздеріміз, ата за?ымыз, ?лтты? валютамыз ж?не Сарыар?аны? ке? жазы? даласында барша елді ?зіні? тез к?ркейіп ?суімен та??алдырып, жа?а астанамыз д?ниеге келді. ?лемдік ?ауымдасты? алдында «?аза?стан Республикасы» деген ас?а? рухты ел екенін мойындатты?. Ел экономикасы да жылдан-жыл?а ?л?айып м?дени, рухани даму де?гейіне к?терілуде. ?зіне т?н барлы? рухани, м?дени ?асиеттері бар, ?лемдік ?ауымдасты?ты? ы?палды м?шесі болып табылатын т?уелсіз мемлекет ??ралды.

02.02.2017

Содержимое разработки

Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат

Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға, еліне деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.

 Көрнекілігі: «Тарих қиянатты кешірмейді», «Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы», «Қанды желтоқсан, жанымызда» т.б. тақырыптарына жинақталған суреттер, қанатты сөздер, слайдтар, кітаптар, буклеттер.

                                              Барысы

1-жүргізуші:           Ассалаумағалейкүм, халқым менің

                                   Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

                                   Мереке басы болсын берекенің,

                                   Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

 Отанымыз Қазақстан – ата-бабамыздың қоныстанып мекендеген жері, кіндік кесіп, кірін жуып, өніп өскен жері.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға ұлғайып мәдени, рухани даму деңгейіне көтерілуде. Өзіне тән барлық рухани, мәдени қасиеттері бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құралды.

 2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.

Қазақстан ынтымақтастық пен бірліктің нышанындай жарқырап тұр. Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейін созылған қазақ даласында ынтымақтастық атты туды биікке көтеріп өзге ұлт өкілдері де мекендейді.

Кең байтақ даламыз Еуразия материгінің екі бөлігін түйістіре отырып көлемді аумақта орналасқан. Туған жеріміз Каспий мен Еділ бойы жазықтарынан шығыста таулы Алтайға дейін, солтүстігінде Ресейден және оңтістігінен Өзбекстан, Қырғыстан елдеріне дейінгі көз тартарлық көркем жерге қанат жайған.

1-жүргізуші: Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары еді: Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы,

Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

                                   Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                                   Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

                                   Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

                                   Айта бергім келеді, айта бергім..

 

2-жүргізуші: Халқымыздың тарихында ерекше орны бар қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған –бұл 1986жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы да айтпақпыз.

1986 жылы 16-желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің құқын талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

 

                                    Әр дәуірдің еркіне сай

                                     Нарқы өзгерген алтынның.

                                     Айналайын, алтын әнім,

                                     Жас өркені халқымның.

                                    Желтоқсанда шындық жырын

                                     Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

                                     Желтоқсанда егеменді

                                     Ел болсақ деп талпындың.

 

2-жүргізуші: Иә, бұл күнге жету үшін ата – бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан – ұрпаққа табыс етті. Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы 27 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков.

 

Ұлжан Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

                                 Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

                                 Қаралы өмір қайыстырған халқымның

                                Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

                                 Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,

                                 Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.

                                 Жасықсыздың көз жасына жуынып,

                                 Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

 

1-оқушы:             Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

                               Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін.

                               Ерлерім елдік үшін атой салып,

                               Еншілерін қайтарған бәйгілі күн.

 

2-оқушы:             Желтоқсан – тағдырларға азалы күн,

                               Қайраған намыстарын мазалы мұң.

                               Қыршынынан қиылған боздақтары

                              Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

 

3-оқушы:             Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн.

                               Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

                               Тәуелсіздік билігі қолға қонған,

                              Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

 

4-оқушы:             Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,

                               Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.

                               Еркіндік, егемендік, елдігімді

                              Емірене аңсады саналы ұғым.

5-оқушы:               Тарихым жатыр тасымда

                                 Тіл қатып келер ғасырға.

                                 Азаттық деген ұғымның

                                 Желтоқсан тұрар басында!

 


 

1—ж :                 Атыңнан айналайын қазақ деген,

                                   Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

                                   Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай

                                   Көрсең де көреріңді азаппенен.

 

2- ж:                        Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

                                         Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

                                        Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

                                         Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.

 

1-жүргізуші: Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 130-дан астам ұлт өкілдерін бірлікпен басқарып отыр. Бұл халықтар бір шаңырақ астында, бейбіт, тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатыр. Міне, сол тәуелсіздікке 25 жыл толып отыр. Бұл «мың өліп мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы еді.

 

2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің 25жылдығы дегеніміз – өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктері. Осы жетістіктерге біз маңдай терімізбен қол жеткіздік. Бірақ алдымызда әлі де алар асулар, бағындырар белестер көп. Біз өткен 25 жыл ішінде қандай межеге жеттік, жеткен жетістігіміз қандай?

245 жыл ішінде жеткен жетістіктерді ұрпақ жадысында, есіне қалдырып, еліміздің болашақ тағдырын, тарихын, салты мен саласын дәріптеу біздің қолымызда.

 

1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні-қазақтың жеке мемлекеттік жалауы, қалауы желбіреген тарихи күн. Бұл-еліміз үшін үлкен мәртебе.

 

2-жүргізуші: Міне, осы Тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды азаматтарымыздың арқасынды егеменді ел болуға қол жеткізді.

 

1- жүргізуші: Құрметті ұстаздар, балалар, қонақтар!

Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі  16- ші желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.

Тәуелсіздік биік болсын тұғырың,

Тарылмасын терең алған тынысың.

Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың,

Бодан болған күндеріміз құрысын.

2- жүргізуші: Басынан бұл қазақтың нелер өтті.

1- жүргізуші: 1986 жылғы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елінің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл- қыздарымыздың рухына арналады.

Желтоқсанның ызғары- ай,

Кірпікке қатқан мұздары- ай

«Елім- ай» деп егілген

Ұлдары мен қыздары- ай.

2- жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық режимге ашық  қарсылық көрсетті.Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері көптеген уақыт өтті. Өмір- өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Дүниені дүр сілкіндірген, ерлігіне деген тағзым, құрмет.

 

1 минут үнсіздік

  1- жүргізуші: Өз елінің тәуелсіздін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар, ұлтшылдар» деген кінә тағылды. Көптеген студент- жастар оқу орнынан шығарылды.Тәуелсіздік жолында Қ.Рысқұлбеков, Л. Асанова,

 Е. Сыпатаев  сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік  көрсетіп, құрбан болды. Олардың істері бізге өнеге, өкініштісі боздақтардың осы күнге жетпеуі. Біз әрдайым Қайраттың жалын жүректі үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.



2- жүргізуші:

Иә, ол тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986- ның 16 желтоқсаны еді. Таңертең сағат 10- да республиканы үздіксіз басқарып келеген Д.А. Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Г. Колбин ешкімнің пікірінсіз- ақ тағайындалған еді.

 

Сахна алдына елжүректі желтоқсан батырлары шыға бастайды. Бір жастар тобы.

 

Ербол: - Естідіңдер ме?

Ләззат: - Бұл не масқара!

Хасен: -Неге халықпен санаспайды?

Гүлнәр: -Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?

Сәбира: - Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?

Ербол: Демократияны бұғаудан босатыңдар,

Әр халыққа өзінің көсемі керек...

Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой ғұмыр,

Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.

Колбин деген  кім екен, қайдан келеген,

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді кім?

Сәбира: Бұл дегенің үкімнттің беделі қалмағаны,

Тілің құрып барады білесің бе?

Хасен: Ескерусіз дін жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап,

Сананспайды, әй, бұлар тегі ешкіммен

Жариялылық дегенің елес білем.

Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге.

Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

 

 Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады.

  Милиция:- Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.

  Жүргізуші: (Сырттан оқиды )

  Алаңда ешікім қозғалмайды.Осы сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреп, тепкілеу, айқай—шу, алаң қызыл қанға боялады.

  Гүлнәр: Бар болғаны осы еді қылмысымыз,

Савиций көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасы танылғанда,

Аң- таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

  Осы сәтте 2 солдат  бір қыз, бір жігітті сүйреп әкеліп, тепкілей бастайды.

Бір топ жастар ішінен Қайрат сөйлейді.

Қайрат: Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

21- де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық

Атам десең- атыңдар!»

  Милиция:

-Ұстаңдар бұзақыны. Әкетіңдер, жауып тастаңдар.

 

Қайратты екі солдат сүреп әкетеді.

 

Жүргізуші: Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рақым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігін сезе бастаған.

Ол- оқ қылмыскерге емес, тығырыққа тірелген қоғамның бар шындығын теріс түсінген көзқарастарға арналған оқ еді.

«Сол бір күнде» атты Қайраттың өмірінен көрініс

  Хатшы: -Кезекші! Қылмыскер Қ. Рысқұлбековті алып келіңдер!

Тергеуші: -Халық жасақшысы Савицкийді өлтірдің бе?

Қайрат:- Жоқ, мен емес.

Тергеуші: -Сен өлтірген. Мойныңа ал.

Қайрат: - Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.

Хатшы: - Орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот келе жатыр.

Сот: - Қылмыскер Қ.Рысқұлбеков, сіз желтоқсанның 17,  18- күні алаңға бардыңыз ба?

Қайрат:

-Иә, бардым. 17 желтоқсан күні.

Сот: - Не мақсатпен.

Қайрат: Ол жерге барған себебім: 1- ден айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым. 2- ден алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып- соғып жатыр деген соң бардым. Оларды арашалап, қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім де рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтаныш тұтамын.

Сот: - Сен, 9 автомашинаны өртепсің, соны мойындайсың ба?

Қайрат: - Жоқ!  Ондай жалғандықты мойындамаймын.

Хатшы: -Сот кеңесуге кетеді.

Хатшы: - Сот келе жатыр. Тұрыңдар!

Сот: - Қазақсатн Республикасының жоғарға соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков халық жасақшысы Савицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жасазына үкім шығарды.

Анасының зарлы даусы:

-Балам, балапаным! Оның не жазығы бар еді?! Сенбеймін. Ұлым! Қайратым!

(Залдан екі қыз анасын алып кетеді)





Қайрат: - Жоқ. Бұл әділдік емес. 21 жасар мені осынша қылмыс жасады деп жала жауып көзімді жойғанмен, ертең ақ пен қараны ажыратар күн туар!

Елім деп еңіреген ерлер аз емес халықта.

Хош, аман бол артымда,

Ағайын- туыс, азамат,

Артымда қалған ата- анам,

Ел жұртым саған аманат!                     

 

Жүргізуші: Президиумның шешімімен 1988 жылдың 28 сәуіріндегі Жарлығымен Қ. Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.

 

(Сырттан Қайраттың хаты оқылады)

Қайраттың хаты: «Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғаным жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйек тамырым жұқарды. Әбден шаршадым, сол себептен 20 жыл бойы өз- өзімді қинағым келмейді.»

 

Жүргізуші: Қ.Рысқұлбеков 21 мамырда семей түрмесінде 21 камерада қаскөйлікпен қаза болды.

Жүргізуші: Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасы, ондағы  халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор» деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991 жылғы 12 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17 жылда «Қазақстан Республикасының демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Президентінің жарлығы шықты.

 













































































 

«Атамекен» әні орындалады

 

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!

Сіздерді тағы да тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз.


-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие человека от рождения до смерти: психология развития и возрастная психология

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат" (70 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт