Тәуелсізідк төрінде (мерекелік іс-шара)
«Айналайын» тобы
Мақсаты:Балаларға рухани патриоттық тәрбие бере отырып, өз еліне, атамекеніне деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Отанды сүйетін, байлығын қорғайтын, елжанды, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, ҚР рәміздері.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер. Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік төрінде» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Әнұран
Кіріспе сөз: Отан әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай, Отансызда өмір сүре алмайды. Отанымыз Қазақстан. Қазақстан дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Отанымыздың өз елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз егемендігін 1991 жылы 16-желтоқсанда алды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік! Халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Желтоқсанда болған аға-апаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Алихан:
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың,
Нұрын шашқан күн бүгін.
Інжу:
Кең байтақ көз жетпейтін елім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.
Ілияс:
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Айбек:
Желбіреп тұр көк байрағы көгімде,
Тәуелсіз біз мемлекетпіз бұл күнде
Егемендік алып берген елімен,
Басымды ием Нұр-атадай еріме.
Хор «Атамекен» әні
Жансая:
Тәуелсіздік қазынам байлығымсың,
Аспанымда шалқыған ай күнімсің.
Абай болып үн қаттың өлеңімен,
Тәуелсіздік күндей нұр төккен екен.
Ару:
Артты қалды өмірің өткелдері
Сен көк тіға айналдың көгімдегі
Тәуелсіздік ьпейіл сыйы қазақтың
Алла жар боп туа қалған ғажап күн.
Альмина
Тәуелсіздік не деген керемет ең,
Жапырақты тамырға өнеге етем,
Тәуелсіздік әлемдік бәйгедегі
Тұллпарлардың тұғыры мәреге тең.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз-қаз тұрғызып, қазақ деген атқа хан мен жан кіргізді. Отан деп жүрегімізді қақтырды. Елім деп елеңдетіп, жерім деп желпініп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата-жұртын сүйгізді.
Алуа:
Жазылғандай шемен болар жарамыз,
Болашаққа ар-намыспен барамыз.
Халқым менің ардақ тұтар Елбасы
Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз.
Хор «Ана тілім» әні.
Айназ:
Қазақстан –алтын ордам жыр әнім,
Тәуелсіздік мәңгі айтар ұраным.
Дінімізді, тілімізді сақтасақ
Бейбітшілік төгіп тұрар шуағын.
Тәрбиеші: Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлық және амандықтың белгісі-байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба үшін мейірімділік, ізгілік белгісі алтын түс таңдап алынды.
Сұлтан:
Мың жаса Тәуелсіздік қазақ елі
Искандер:
Астана-Қазақстанның бірлігі мен Тәуелсіздігінің нышаны.
Н.Кәусар:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің,
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын алыбым.
Тәрбиеші: Кешегі ұрпақ бүгінге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы Тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де еркін дәурен сүру сәті түсті
Би «Қыздар тобы»
Нұрбек:
Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы-шаңырағым.
Көк байрақ көгерт менің көсегемді,
Аспандат атам қазақ аруағын.
Раян:
Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан –Қайрат, Ляззат, Сабиралар
Құрбаны болған жаланың.
Тәрбиеші:
Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шартарап, танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім –байтақ Қазақстан, Тәуелсіз ел» деп мақтанатын болдық. Еліміз өркениетті заман ағысына қосылатын болды.
Кәусар Т:
Мейірім нұрлана бер азат күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Туымды тамылжытқан бостандықтан,
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Нұрасыл:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
Айым:
Тәуелсіздік жемісін ала келді,
Көрінер көк жиектен далам енді.
Кім танымас айтсаңшы, айтсаңдаршы,
Қазақстандай Егемен байтақ елді.
Хор «Мен өнерлі баламын»
Тәрбиеші:
ХХІ ғасыр бейбітшілік пен тұрақтылық, гүлденудің ғасыры болды. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істерміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! Баршаларыңызға бақ-береке, отбасыларыңызға аманшылық тілейміз.


Тәуелсіздік төрінде (15.7 KB)

