Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Тәуелсіздік таңы – атқан күн!

Тәуелсіздік таңы – атқан күн!

Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
15.03.2020

Содержимое разработки



















 Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік таңы – атқан күн!»





















Тәрбиеші: Сманова Гулжамал





2019ж


Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы - атқан күн!

Оқу іс-әрекеттің мақсаты:    Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

Көрнекіліктер:  Алғашқы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және қазіргі елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың портреті, Қазақстан Республикасының  рәміздері

Билингвальды компонент: Отан-Родина, Мемлекет-Республика, Президент-Елбасы

Әдіс-тәсілдері:  Слайд, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбер: Қайырлы күн достарым

Қайырлы күн апайлар

Сейсенбінің сәтінде

Тек сәттілік болсын

Оқу іс-әрекеттің барысы:

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі жақындап келеді.

Бәрі тік тұрып Әнұранды айтады

Тәрбиеші: Отырыңыздар.

 Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:   Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар:   Желтоқсан,  қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазқақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады.

1991жылы 16 желтоқсанда біз тәуелсіздігімізді алдық. Сол тәуелсіздікке жету үшін 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды.  Содан бері қанша жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Ендеше балалар, сол аталарымыз бен апаларымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.

Мен казір сендерге туған жеріміз туралы қысқаша видеоролик көрсету арқылы айтып беремін .Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған.Біздің аталарымыз осы тәуелсіздікке жету үшін талай қиындықтар мен соғыстарды бастан кешірген. Соның ішінде жоңғар шапқыншылығын да мойымаған, елім, жерім деп күрескен. Фашизмге қарсы да күрескен, семей полигонының ядролық бомба сынағында бастан кешірген. Өздері өмірлерін қисада,арттарында өшпеш іздері қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Біздің еліміз дамыған елдер қатарына қосылды.

Қазақстанның алғашқы елбасы кім болған?  

Балалар:   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.

Жылда 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент  күні мерекесі болып аталып өтіледі.

Ал қазіргі елбасымыз кім ?

Балалар:   Қасым-Жомарт Тоқаев

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Қазіргі біздің елімізді басқарып отырған елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екен

    Мына суретте не бейнеленген.Есімізге түсірейікші  Туымыздың түсі қандай?

Балалар: Ту. Көк.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?

Балалар:   Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Кәне, енді рәміздер туралы тақпақтарымызды айтайықшы

Қарақат:    Елтаңбасы елімнің,

                    Неткен айбат әдемі 

                    Тұнығындай көңілдің,

                    Ортада аспан әлемі.

Айшуақ : Арқасына күнді алып,

                     Қыранымыз самғап жүр

                     Көк туымыз желбіреп,

                     Жер мен көкті жалғап тұр.

          Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

          Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

          Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.       

          Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Тәрбиеші: Балалар, енді Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.


Ү.Али: Ызғарлы қыс-тоқсан күн,

                    Желтоқсан деп аталған

                   Желтоқсанда жастарым,

                   Тәңірінен бата алған


Асылым: Тәуелсіздік-Бақ туын

Қолға ұстаған сәт бүгін

Болсын дәйім шат күнім

Қ.Али:  Әділдік жеңіп соңында.

                    Тәуелсіз болды еліміз

                    Татулықпен бірлікпен,

                    Гүлдей бер, туған жеріміз.


Серігіту жаттығуы.

                     Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып,бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Тәрбиеші: Енді балалар тағы да отанымыз туралы тақпақ айтайық. 

Т.Айым:   Отанды біз атамекен,

                   Деп аялап айтамыз

                   Өйткені оны мекен еткен,

                   Бабамыз бен атамыз.


Райана Отан деген атамекен,

                  Отан деген туған жер

                  Отан-Ана, Отан үлкен

                  Қазақстан туған ел!

Асқар: Мой Казахстан!

Моя страна!

Мой край степной!

Моя Отчизна!

Билингвальды компонент: Отан-Родина, Мемлекет-Республика, Президент-Елбасы

Балалар енді сендермен «Әр қашан күн сөнбесін» ойын ойнайықОйын шарты:Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді, әр бұлтта жұмбақтар жасырылған. Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады

Ал ендеше, мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?

1. Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдің баласы   (Қазақ елінің баласы)


2.Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Нұр-Сұлтан)


 3.Көк аспанның түсі бар

Ортасында      күні бар.

Қыран ұшқан  қалықтап ,

Кімнің туы біліп ал.    (Қазақстан мемлекетінң Туы)


4.Туымыздан күн қарап

Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс.

Қанат қаққан бар елге   (Қыран)

5. «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орында

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» хор

Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу қызметінің Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Бүгінгі оқу- қызметіміз қызықты өтті барлықтарыңа мың алғыс,жарайсыңдар.

 



-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тәуелсіздік таңы – атқан күн! (26.64 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт