Меню
Разработки

"Тәуелсіздік-ел ұраны".

"Т?уелсіздік -ел ?раны!"атты "?арлы?аш" ша?ын орталы?ыны? мерекелік іс-шаралары.

20.04.2017

Содержимое разработки


Мақсаты: Балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, халқымыздың салт- дәстүрін бойына сіңіріп, ұлттық, азаматтық сезімге баулу, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Хан, Батыр, Қарақшы,жүргізуші, балалар.

Жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұланы,

Қырандай көкте самғасын.

Көк туым менің желбіреп,

Тұғырың мәңгі таймасын.

Құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі ортаңғы тобының «Тәуелсіздік- ел ұраны»- деп аталатын ойын- сауығымызғы қош келдіңіздер! Бүгін үлкен мереке, бұл ойын сауықта сіздер желтоқсан оқиғасына байланысты елге, жерге деген ән- жыр, көркем сөз, билерімізді тамашалайсыздар.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Мерекені балалардың өлен- шумақтарынан бастауға рұқсат етіңіздер!

1-ші бала: Сарқылмайтын қуатым,

Мәңгі соғып тұратын.

Тірегімсің- Қазақстан!

Жүрегімсің- Қазақстан!

2- ші бала: Желтоқсанның күні еді ызғарлы,

Жерде сол күн қатып жатқан мұз барды.

Елең етпей ызғарын да суығын,

Тұрды алаңда қазағымның ұлдары.

3- ші бала: Бар айтары осы еді жастардың,

Босағасын басқаларға тастар кім.

Кенет бір сәт қалды халық астында,

Төпелеген жұдырықтай тастардың.

4- ші бала: Ашынғаннан шырылдаған жан дауыс,

Жер дүние болып жатыр арпалыс.

Сонда не үшін жастар қаны төгілді,

Әлі күнге көңілде жүр таңданыс.

5-ші бала: Біз болашақ ел қорғайтын батырмыз,

Біз болашақ жер қорғайтын батылмыз.

Мәңгілікке жалғастырар ерлігін,

Елімізді жырлап өтер ақынбыз.

6-ші бала: Желтоқсанның болса желі ызғарлы,

Қарлы боран қатса дағы мұздары.

Мәңгі есте сақтап- шырқап өтеміз,

Желтоқсанның ұмытылмас бір әнін.

Жүргізуші: Балалар еңдеше Тәуелсіздік күніне арнап, ән шырқайық. Балалардың орындауында «Отан» әнін қабыл алыныздар.

Ән: «Отан».

Әнді айтқаннан кейін балалар орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Балалар, сендер Тәуелсіздік туралы, Отан, Жер туралы тақпақ ән, жырды көп білесіңдер, дегенмен де бізге әлі үйренетін тәрбие, өнеге көп.

Балалар,мен бір ғажайыпты сезіне отырмын. (Күй ойналады. Ортаға Хан келеді).

Хан: Ассалаумағалейкум, халайық! Амансыңдар ма, балаларым! Мен осы елдің Ханы боламын. Сендер мені білесіңдер ме?

Балалар: Әрине, білеміз!

Жүргізуші: Төрлетіңіз Ханием, біздің мерекеміздің сыйлы қонағы болыңыз.

Хан: Жарайсындар, балалар. Мен сияқты үлкен,атақты хан болыңдар.

Хан: Балалар, сендер қандай Республикада тұрасындар?

Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Хан: Қазақстан қандай Республика?

Балалар: Егеменді, Тәуелсіз Республика.

Хан: Дұрыс балалар, сендер біледі екенсіңдер, ал Қазақстан Республикасын кім басқарады?

Балалар: Нұрсұлтан ата.

Хан: Балалар, сендер өте ақылды екенсіндер!

Жүргізуші: Біздің балалар өте ақылды әрі өнерлі.

Хан: Ендеше өнерлерің тамашалайық.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Қазақ биін» тамашалаңыздар.

Би: «Қазақ биі»

Хан: Балалар, өнерлерің тамаша, енді сендерге тағыда сұрақ кояйын. Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіндер ме?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Хан: Балалар, сендер шыңымен де білімді екенсіңдер.

Музыка әуенімен Қарақшы кіреді.

Қарақшы: Бұл не деген шу?Нені тойлап жатырсыңдар?

Жүргізуші: Бүгін бізде үлкен мереке Тәуелсіздік күні!

Қарақшы: Ха-ха-ха.Осындай мереке де бола ма?Егер үлкен мереке болса,мені неге шақырған жоқсындар?

Хан: Әй,қарақшы біздің мерекемізді бұзба,әйтпесе сенімен басқаша сөйлесемін.

Қарақшы: Солай ма? Мен жүрген жерде мереке болмайтынын ұмыттындар ма?

Музыка әуенімен жүгіріп, Ханнын басқару таяғын алып кетеді.

Қарақшы: Енді ешқандай мереке болмайды!

Шығып кетеді.

Хан: Ах,Қарақшы, мерекені бұзбаса жүре алмайды.(Ашуланады).Енді ешқандай мереке болмайды

Жүргізуші: Балалар,Ханнын көңіл-күйі жоқ,кәне бәріміз бірге Ханның көңілің көтеру үшін,бір ән салайық.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Отан ана» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Отан ана».

Әнді айтқаннан кейін балалар орындықтарға жайғасады.

Бала (ортаға жүгіріп келіп): -Сүйінші! Сүйінші! Батыр жауды жеңіп, бізге келе жатыр- деп айтады. Музыка әуенімен Батыр келеді.

Батыр: Ассалаумағалейкум, дат тақсыр!

Хан: Датың болса, айт.

Батыр: Жауды жеңіп, қуанышты хабар әкелдім.

Жүргізуші: Қандай қуанышты хабар. Солай ма, балалар?

Балалар: Иә.

Батыр: Бірақ та Ханның көңіл-күйі жоқ сияқты.

Жүргізуші: Батыр,бізге сенің көмегін керек,бізге Қарақшы келіп,Ханның басқару басқару таяғын ұрлап кетті.

Батыр: Ах,қарақшы,қолға сен түсерсің!

Кәне Қарақшы ,шық бері.

Музыка әуенімен Қарақшы кіреді.

Батыр: Сен,біреудің мерекесін бұзбасан,жүре алмайсын ба?Кәне қайтар Ханның басқару таяғын.

Қарақшы: Жоқ,қайтармаймын.

Батыр: Ендеше,шайқасып көрейік!Мен жеңсем,сен бізге басқару таяғын қайтарасын .

Қарақшы: Келістік.

Екеуі шайқасады.Батыр женеді.Бәрі қуанады.

Қарақшы: Міне сіздің басқару таяғыныз,алыңыз. Бір аяққа отырып .Мені кешіріңіз-деп Ханға басқару таяғын қайтарады.

Хан: Мен сені кешірем,бірақ менің балаларымен бір қызықты ойын ойна,балалар көңіл-күйін көтерсің,сонда ғана сені кешірем.

Қарақшы: Әрине ойнаймын.

Ойын: «Теңге алу».

Шарты: Балалар атқа міңіп теңгелерді жинайды.

Ханның көңіл-күйі көтеріледі.

Хан: Балалар,енді өнерлерінді жалғастыра беріңдер.

Тақпақтар.

Жүргізуші: Батыр, біздің балалармен бірге «Батырлар биін» биле. Балалардың орындауында «Батырлар биін» тамашалаңыздар.

Би: «Батырлар биі».

Батыр: Балалар, мен сендерге бір қызық ойын әкелдім.Кәне ойнайық.

Ойын: «Арқан тарту».

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді,арқанды тартады.Қай топ көбірек тартса,сол жеңіске жетеді.

Батыр: Балалар сендер Отан, туған жер жайлы мақал- мәтелдер білесіңдер ме?

Балалар: Отан- оттан да ыстық. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Туған жер- тұғырын. Туған ел- қыдырын.

Жүргізуші: Балалар, біздің қонақтарға тағы да өлен шумақтарын арнайық.

7-ші бала: Тәуелсіздік- қазақтығы қазақтын,

Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым.

Тәуелсіздік- жойылуы азаптың,

Өркендей түс, аяқ талды тозақтың.

8-ші бала: Еркіндік ежелден- ақ ел тірегі,

Ертеңді ойлап, көңілін серпіледі.

Еркіндіктін қадырын білетен ел,

Жалынды жастарымен желпінеді.

9-ші бала: Желтоқсаннаң бастау алған теңдігі,

Қазағымнын өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Хан: Ал енді балалар біздің кетуіміз керек. Еліміз аман, Жұртымыз тыныш болсын!( Хан батасын беріп, Батыр екеуі, балалармен қоштасып кетеді).

Жүргізуші: Ал енді балалар біздің ойын- сауығымызды «Сәлем, Қазақстан» әнімен аяқтайық. Олай болса «Сәлем, Қазақстан» әнің қабыл алыңыздар.

Ән: «Сәлем, Қазақстан».

Осымен біздің «Тәуелсіздік- ел ұраны» атты ойын- сауығымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


































Ақкөл жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Қарлығаш » шағын орталық











«Тәуелсіздік-ел ұраны»

(Ойын-сауық)

Ортаңғы топтар













Тәрбиешісі : Г.Ж.Кожахметова












2016-2017 оқу жылы




-80%
Курсы дополнительного образования

Основы косметологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Тәуелсіздік-ел ұраны". (23.91 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт