Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Тәуелсіздік – ел тірегі!"

"Тәуелсіздік – ел тірегі!"

?йымдастырыл?ан о?у ?ызметіні?

технологиялы? картасы

Білім беру салалары: «Коммуникация, ?леумет»

Б?лімі: «С?йлеуді дамыту», «?орша?ан ортамен танысу».

Та?ырыбы: «Т?уелсіздік – ел тірегі

12.02.2017

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру салалары: «Коммуникация, әлеумет»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту», «қоршаған ортамен танысу».

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел тірегі!»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға тәуелсіздік мерекесі туралы жалпы түсінік беру. Балалардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Еліміздің бас қаласы Астана, мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Балалардың сезімталдық, қиялшылдық, естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп тоқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін, сөздік қорын, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Отан сүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сөздік жұмысы: тәуелсіз ел, бірлігі жарасқан ел.

Көптілдік компонент: елбасы - президент - the president, елтаңба - герб - coat of arms, ту - флаг - flag, тәуелсіздік - незовисимость - nezovisimost.


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің оқу қызметі


Балалардың оқу қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Әуен ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойына тұрады.

Тәрбиеші: Құрметті балалар егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Олай болса оң қолымызды жүрегімізге қойып әнұранымызды орындайық.

Әнұран айтылады.







Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.















Балалар қолдарын жүректеріне қойып, әнұранды айтады.

Ұйымдастыру -іздестіру

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгінгі күнімізді сүйікті Отанымыз Қазақстанға арнаймыз. Ол үшін кең байтақ республикамызға пойызбен сапарға шығамыз. Сендер пойыздың қайда баратынын білесіңдер ме? Ол "Қазақстан" деген мерекелік пойыз екен. Пойызда "Жолсерік" деген қызметкер бар. Ол жолаушыларға қызмет көрсетеді. Мен бүгін сендерге жолсерікпін. Бүкіл елімізді аралағанда бірнеше бекетке тоқтаймыз. Әр бекетте тапсырмалар болады. Сол тапсырмаларды орындағанда ғана келесі бекетке жолға шығамыз. Дайынбыз ба?

1-бекет "Отан" деп аталады.

- Балалар Отан деген не?

- Отанымыз қалай аталады?

- Біздің елбасымыз кім?

- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

- Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

- Мемлекеттік рәміздерімізді білесіңдер ме?

- Дұрыс, біздің осы Рәміздеріміз біздің мемлекеттің тәуелсіз ел екенін анықтайтын нышан.

- Ал, біз қай қалада тұрамыз?

- Иа, біз кенішті қала Қарағанды қаласында тұрамыз. Қарағанды қара алтынға бай. Қара алтын – көмір. Сонымен қатар әлем чемпионы Серік Сәпиев, Геннадий Головкин біздің жерлесіміз?

- Отан туралы тақпақтар білесіңдер ме?













- Өте жақсы балалар олай болса келесі бекетімізге жол тартайық.

2 - бекет "Тәуелсіз мемлекет" деп аталады. - Қазақстан Республикасы қандай ел?

- Балалар, тәуелсіз ел дегенді сендер қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс, Тәуелсіз елдің өз Рәміздері, тілі, ата заңы, елордасы болады. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды.

- 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –теңге айналымға енді. Сондықтан ешкімге тәуелді емеспіз. Тәуелсіз елде өмір сүрген адамдар, балалар сендер, біз бақыттымыз!

- Ал, кім тәуелсіздік туралы тақпақ біледі?









































- Тамаша балалар бойымызды сергітіп бір ойын ойнап алайық.

- Ойын "Бәйтерек" деп аталады. Музыка әуені болғанда билейміз, әуен тоқтағанда бәйтерегімізді жоғары көтереміз.

- Балалар, енді әрі қарай жолымызды жалғастырайық.

6-бекет. Шығармашылық бекеті.

Мұнда балалар екі топқа бөлініп, бүгінгі саяхаттан алған әсерлерін берілген тапсырмалар арқылы көрсетеміз.

1 - топ. Болашақтағы өз Отандарын арман - қиялдау арқылы суретін салу.

2 - топ. Алдарындағы түрлі - түсті қағаздан Отандарын жапсыру .

- Алдымен саусағымызға жаттығу жасап алайық.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Педагог балалардың жасап жатқан жұмыстарын қадағалайды.

Жасаған жұмыстарын мақтап - мадақтайды.



Балалар пойызға отырып саяхатқа дайындалады.













- Отан деген біздің туған жеріміз.

- Қазақстан Республикасы

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы.

- Ана тіліміз - қазақ тілі.

- Әнұран, ту. елтаңба.

- Қарағанды қаласында

Ясмин: Отан тарих,Отан - тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан - өлкең, Отан - жыр, Көтерген көкке ел даңқын.

Анна:Отан осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. "Отан" - деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл.



- Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел.

- Ешкімге тәуелді емес дегенді.

- Өзіміздің Отанымыз бар екенін.

Алихан: Он алтыншы желтоқсан, Тәуелсіздік алған күн. Ерекеше боп мәңгілік, Ел жадында қалған күн. Он алтыншы желтоқсан, Ел мерейі тасыған, Қазақ деген қалың жұрт, Бәрін кешті басынан. Естіген ел үніңді, Дүние түгел естісін. Тәуелсіздік туыңды, Биік көтер жас ұлан.

Айназ: Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өрендер ақталады. Ел намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерін мәңгілік сақталады.

Ұлас: Егемендік - бұл елімнің елдігі, Егемендік - бұл елімнің белдігі, Егемендік - елін, жерін қорғаған, Ербол менен Қайраттардың ерлігі, Желтоқсаным - тәуелсіздік тірегі. Желтоқсанды қадір тұтып тұр еді, Есте сақтап ағалардың ерлігің, Жүректерге сақтау керек үнемі.

- Балалар 3 топқа бөлініп, әуен болғанда билеп, әуен тоқтағанда әркім өз тобының бәйтерегін көтереді.


Балалар екі топқа бөлініп отырады.






Саусақтарына жаттығу жасайды.

Берілген тапсырманы орындауға кіріседі.

Жұмыстарын тиянақты және бір - бірлеріне көмектесіп жасайды.


Рефлексивті түзетушілік.

- Тамаша балалар, жасаған жұмыстарын өте тамаша!

- Бүгін қайда саяхат жасадық?

Сендер біздің еліміздің, Қазақстанның келешегісіңдер. Тәуелсіз елдің ұрпақтарысыңдар. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер! Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын!

Сендер таза ана тілінде сөйлейсіңдер! Еліміздің нағыз ұлт жанды, елін, отанын сүйетін нағыз азаматтары мен азаматшалары сендерсіңдер! Болашақтың жарқын болатынына сеніміміз мол!

Балалар жұмыстарын аяқтайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Тәуелсіздік сөзінің мағынас туралы;

Қалыптасу керек: Балалардың сезімталдық, қиялшылдық, естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп тоқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттері;

Меңгеру керек: Сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге, өз ойларын еркін, толық сөйлеммен айта білуді.


















-80%
Курсы повышения квалификации

Основы тайм-менеджмента. Эффективное управление временем

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Тәуелсіздік – ел тірегі!" (25.13 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт