Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  «Тәуелсіз - Қазақстан»

«Тәуелсіз - Қазақстан»

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жайлы түсыныктерін қалыптастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

17.12.2017

Содержимое разработки

№13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп







Ашық тәрбие сағаты

«Тәуелсіз - Қазақстан»





Мектепалды даярлық тобы



Сынып жетекшісі: Айтақынова Гүлмира







Өтеген батыр кенті

2011-2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз - Қазақстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуы

туралы түсіндіру.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының аты, Елтаңбасы, әнұраны, астанасы жайлы түсініктерін бекіту, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Туған өлкені, табиғатты, халықты сүйе білуге, оқылған өлең-тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Көрнекіліктер: суреттер, шарлар, ту, елтаңба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Республика» күніне арналған жиынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Сонымен ертеңгілігімізді бастаймыз.

М: Отан сөзін қалай түсінеміз?

  1. бала. Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін,

Достым білгің келе ме?



  1. бала. Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың, бауырың.

Отан-өлкең, астанаң.

Отан-аудан, ауылың.



  1. бала. Отан-тарих, Отан-тіл.

Жасаған елің, ер халқың

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

  1. бала. Отан-жерім, Отан-суым

Отан қуат, нәр береді

Отан- ұран, Отан-туым

Отан-мәңгі гүлденеді.



  1. бала. Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қолдайды,

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырып, қорғады.



Елтаңбамыздың авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота-Аман Уалиханов.

Туымыздың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Ән ұран авторы: сөзін жазған: Н.Назарбаев

Әні: Ш.Қалдаяқов.



Ал енді балалар рәміздеріміз туралы тақпақтарға кезек берейік.



  1. бала. Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі,

Тұнығындай көңілді,-

Ортада-аспан әлемі.



7бала. Құт, береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты құс арғымақ.

Екі жақтан көмкерген.



  1. бала. Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім –Елтаңбам.





Жалау туралы



Қазақстан байрағы



  1. бала. Зеңгір аспан көгілдір

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге.



10 бала Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарымыз жайдары.



  1. бала. Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.



Енді кезекті Отан туралы мақалдарға берейік.

  1. Отан отан да ыстық.

  2. Отан отбасынан басталады.

  3. Отан үшін отқа түс күймейсің.



Мақалдардан кейін «Атамекен» әні орындалады.



Қазақстан-Республикам менің.



  1. бала. Айқаста жаудың алқымын қысқан,

Ажалға қимай намысты елін

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан-Республикам менің.







  1. бала. Орманы-пүліш, бұлағы –күміс,

Бұлбұлы-жыршы, ұл-қызы керім,

Таулары заңғар, өзені ырыс,

Қазақстан-Республикам менің.



  1. бала. Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте, досым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда миллиард құйған.

Қазақстан-Республикам менің.



  1. бала. Асыл өлкем ерекше

Қазақстан- мекенім!

Беп-белгігі емес пе?

Сенің ғажап екенің!



  1. бала. Биік болсын шоқтығың,

Атыңды айтам ән қылып.

Жебірейді көк туың,-

Төбемізде мәңгілік!



Ән ұран орындалады

Сабақты қорыту. Міне балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты екен.

Өркениет көшіне бетті бұрдық,

Қазақстан мәңгілік жансың бағың! – деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

















-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Эффективный руководитель образовательных организаций

Продолжительность 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
19800 руб.
3960 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Тәуелсіз - Қазақстан» (16.3 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт