Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  6 класс  /  Сызықтық функция

Сызықтық функция

Сызы?ты? функция та?ырыбында ашы? саба? жоспары. 6 кл математика

14.03.2017

Содержимое разработки

Сызықтық функция


Мақсаты: Білімділік. Сызықтық функция туралы түсініктеме беру және оның графигін жасауды үйрету,есептер шығаруды меңгерту

Дамытушылық. Оқушылардың «Математика» еліне ойша саяхат жасау арқылы,ақыл-ойын,ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін,сондай-ақ тіл байлығын және сөздік қорын дамыту.Танымдылыққа,ізденімпаздыққа баулу.Оқушылардың дәптерге көркем,таза жазуларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық,дұрыс жеткізе білуге,тапқырлыққа,жылдамдыққа ептілікке тәрбиелеу.Достық қарым-қатынас, ұжымдық,іс-әрекет тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді дамыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,түсіндірмесін есептеу, сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік.


y = kx + l (мұндағы x - тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.


у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.

Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.

Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса, у = 0x+l, онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.

№1058

y=5x функциясы берілген:

  1. х-тің 2ге,-3 ке,0-ге,-ге тең мәніне сәйкес у-тің мәнін;

  2. у-тің 0-ге,10-ға,-20-ға,12-ге тең мәніне сәйкес х-тің мәнін табыңдар

№1059

Сызықтық функция у=3х+2 формуласымен берілген:

  1. х-тің -1-ге,4-ке,0-ге,- -ге тең мәніне сәйкес у-тің мәнін;

  2. у=тің 5-ке,-1-ге,2-ге тең мәніне сәйкес х-тің мәнін табыңдар




№1060

Сызықтық функция у=2,3х+4 формуласымен берілген,кестені толтырыңдар:

Х

-2

-1




3

10

у



4

6,3

8,6




Сызықтық функцияның графигі


У = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.

Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.


х

-3

-2

-1

0

1

2

3

у

-6,5

-5

-3,5

-2

-0,5

1

2,5


Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.

Белгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық.

Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.

Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін (;0) нүктесінде қияды.


Сызықтық функцияның дербес жағдайлардағы графигі

l=0 және k 0 болғанда у=kx тура пропорционалдығының графигін қарастырайық.

у=kx функциясының формуласынндағы х=0 болғанда у=0. Сондықтан оның графигі координаталар басы арқылы өтеді.

у=kx (мұндағы k 0) функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін түзу.

у=kx тура пропорционалдығының графигін салу үшін ізделінді нүктелердің бірі ретінде О(0;0) нүктесін алу керек.

Ізделінді екінші нүктенің координаталарын табу үшін x-тің нөлден өзгеше қандай да бір (мүмкін) мәнін қойып, оған сәйкес у-тін мәнін табу керек.

Мысалы, у=2х функциясы үшін, х=2 болғанда у=4. А(2;4) нүктесін алу керек. Табылған О(0;0) және А(2;4) нүктелері арқылы жүргізілген түзу у=2х функциясының графигі.

у=kx функциясы графигінің координаталық жазықтықтағы орналасуы к коэфицентіне тәуелді. у=kx функциясында, егер х=1 болса у=k.

у=kx функциясының графигі –О(0;0) және (1;к) нүктелері арқылы өтетін түзу.

Егер к 0 болса, у=kx функциясының графигі I және IIIкоординаталық ширектерде, ал k 0 болса, II және IV координаталық ширектерде орналасады.

у=kx функциясының графигі мен у=kx+l функциясының графигі k-ның бірдей мәнінде өзара параллель түзулер. х-тің кез келген мәні үшін у = kx+ l функциясының мәні у=kx функциясының мәнінен l-ге артық.

у = kx+l функциясындағы к=0 болса, функция у=l формуласы-мен жазылады. у=l формуласының графигі абциссалар осіне параллель, абциссасы 0; ординаталары l болатын түзу.

№1083

Мына формуламен берілген функцияның графигін салыңдар

1)у=х+1 3)у=-3х+2 5)у=5х-2

2)у=2х+5 4)у=6х-1 6)у=х-3


№1084

у=3х-4 сызықтық функцияның графигін салыңдар.Графиктің көмегімен мынаны анықтаңдар:

  1. х=2,-2,3 мәніне у-тің қандай мәні сәйкес келеді?

  2. у=-1,2,5 мәндері х-тің қандай мәндеріне сәйкес?


Оқушыларды бағалау

Үй тапсырма №1085








Ататүрік атындағы № 17 мектеп – гимназиясы










Тақырыбы:




Математика пән мұғалімі: Атаева Н









-80%
Курсы повышения квалификации

Управление образовательным процессом

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сызықтық функция (211 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели