«Эрудит» сайысын өткізу тәртібі және шарттары туралы ереже
«Эрудит» сайысын өткізу туралы ереже
1.Эрудит сайысы «колледждердің 3 курс студентері арасында өткізіледі:
Мамандықтар: 1108000 теміржолдың жылжымалы құрамдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
1203000 Теміржол көлігінде тасымалды және қозғалысты басқаруды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы теміржолды техникалық пайдалану ережесі, ҚР теміржолды сигнализация (дабыл) нұсқаулықтары бойынша және ҚР теміржолы поездар қозғалыстар моневрлық жұмыстар бойынша нұсқаулық, еңбек қауіпсіздігі тәртібі және нұсқаулықтары т.б пайдаланылатын материалдар .
Өткізу уақыты __ 2017 жылы
Өткізілетін орын Қарағанды теміжол колледжі
Мақсаты: теориялық және кәсіптік оқыту сапасын арттыру, оқытудың әдіс түрлерін және оқыту құралдарын жақсарту.
Сайыс міндеттері:
Бітірушілердің теориялық және тәжрибелік дайындықтары деңгейін және теміржол мамандықтары бойынша студенттер арасынан ең үздіктерді анықтау.
Студенттердің базалық кәсіби құзреттілігін дамыту
Студенттердің нормативтік құжаттарды үйренуіне және кәсіптік іс әрекеттеріне шығармашылық жағдай жасау. Нормативтік құжаттарды үйренуіне және кәсіптік іс әрекеттерін жүзеге асыруға шығармашылық жағдай жасау. Техникалық кәсіптік білім беру бағдарламасы кәсіптердің және мамандықтарын абыройын арттыру. Кәсіптік шеберлікті жақсарту және студенттердің жеке шығармашылық қабілетін анықтау.
Әлеуметтік серіктестікті дамыту және нығайту.
Сайыс қатынасушылары арасында шығармашылық пікірлер және тәжрибе алмасу арқылы шығармашылық және кәсіптік байланыстарды орнатуға мүмкіндік беру.
Кәсіби шеберлікті дамыту және өзіндік жұмыс дағдыларын жетілдіру
2. Сайыс әділ қазылары
Өткізіліп жатқан сайысты бағалау үшін үш кісіден тұратын әділ қазылар құрамы тағайындалады. Әрбір әділ қазы мүшесі жазба түрінде жеке хаттама жүргізеді. Жазабаша хаттаманы әділ қазылар төрағасына тапсырады. Әділ қазылар мүшелері сайыс қатысушыларының әрбір тапсырмаларын орындағанда әділ бағалауы тиіс.
Сайыстың әр бір кезеңі бойынша қойылған баллдарын есептеу жұмысы хатшыға тапсырылады.
Сайыстың әр бір кезең қортындысын сондайақ сайыстың қортындысын әділ қазылар төрағасы қортындысын жариялайды.
Әділ қазылар құрамы сайыс қатысушыларына көрермендердің дұрыс жауаптарды айтып қоймауы үшін тәртібін қадағалап отыру тиіс, егер ондай жағдай болғанда комнададан 2 балл алынып тасталады.
Сайысты ұйымдастыру және өткізу
Әрбір колледж тек сол колледжде оқитын бес студенттен тұратын команданы ұйымдастырады.
Конкурсқа өтініш берген колледж командалары қатысады.
Конкурсты өткізу тәртібі
1.Командалардың шығармашылық сәлемдесуі (3 минуттан асапуы керек) – 5 балл
2.Командалар аралық сайыс (нормативтік құжаттар бройынша сұрақттар) әрбір дұрыс жауапқа 0,2 балл беріледі.
3. Биатлон нормативтік құжаттар бойынша әрбір командадан екі сұрақ (әрбір дұрыс жауапқа 5 балл беріледі)
4.Командалар арасында үй тапсырмасы бойынша сайыс «Егер мен ережені бұзссам» (2 миуттан аспау керек 5 балл)
Сайыс қортындылау
Ең көп балл жинаған команда сайыс жеңімпазы болып есептеледі.
Сайысқа қатысу үшін әр бір команда 2000 мың теңгеден екі мың) төлеу керек. Төлем кез келген банк бөлімшесінде немесе каз почта арқылы төментегі реквизиттер бойынша төленеді.
Сайысқа тапсырыс және төлем электрондық фомада 2017 жыл ______ науырзға дейін [email protected]
Сайыс қортындысы
Әділ қазылар мүшесі шешімі бойынша жоғары балл жинаған командаларға 1,2,3 орын беріледі және мадақтамамен марапатталады. Жетекшілеріне сертификат беріледі.
ЭРУДИТ САЙЫСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
| Оқу орны атауы |
|
| Мамандығы және кәсібі |
|
| Курсы |
|
| Команданың аты |
|
| Жетекшілердің тегі аты, әкесінің аты |
|
| Байланыс телефоны |
|
| Үй телефоны |
|
| E- mail |
|

Сценарий проведения конкурса "Эрудит" (15.96 KB)

