Сценарий «Мен елімді жырлаймын»
Мақсаты:
а) Оқушыларды саяси саналылыққа ,достыққа, адамгершілікке, саналылыққа,
елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
ә) Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға
қалыптастыру.
1.Оқушы:Қайырлы күн! 2018 жылдың бас мерекесі,гүлдей жайнаған Астанамыздың 20 жылдық мерей тойы құтты болсын!
2.Оқушы:
«Асан қайғы,Қорқыт өскен-Астана,
Кенесары,Наурызбай жортып өткен –Астана.
Есіл,Нұра екі өзен нәрін тосқан –Астана,
Ақан, Ғазиз, Біржан сал әнін қосқан –Астана»
3.Оқушы: Бүгін біз осындай сөздерді құрметпен,бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп,басымызды көтеріп,аса мақтанышпен айта аламыз.
4.Оқушы:«Елдігіміз еңселі,тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,еліміз мәңгі жасап,қол жеткізген жетістігіміз молайсын,жайнай берсін.
Асқақтай бер,ару қала – Астана.
Туған күнің құтты болсын,Астана!»
дей келе Астанамыздың 20 жылдығына арналған фестивалге Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебінің оқушылары дайындаған «Болашаққа ұмтылған қала» атты бағдарламасын ұсынамыз.
5.Оқушы:
Жұлдыздары жамырап,ай кетпейтін –Астанам,
Қыс та, қиып кете алмай,жай көктейтін –Астанам.
Ақтарылып ауасы,ағылатын –Астанам,
Ертегімсің сен менің,шынға айналған -Астанам.
Көрініс:
Көрініс балалардың көңілді ойынымен басталды. Жайдарлы музыка көрерменді желпіндіріп, сахнаны жандандырып жіберді.
Бір кезде ақ жаулықты әже көрінді. Балалар қуанғаннан «әже» деп шу ете қалады. Әже балаларды жинап алып:
-Ал, балалар ертегі тыңдағыларын келе ме?
-Әрине, тыңдағымыз келеді.
6. ӘЖЕ:
Орманда бір Бәйтерек болады екен,
Көктемде орман гүлге толады екен.
Басына Бəйтеректің таң алдында,
Киелі Самұрық құс қонады екен.
Сол кезде Мәңгілік ел ашылады,
Маңайға нұр-шуағы шашылады .
Самұрық құс көлбей қағып қанатты,
Қонды келіп Бәйтерекке дарақты.
Шаңқылынан бүкіл дүние оянып,
Елімізде Тәуелсіздік таңы атты.
БИ Кыздар
7.Оқушы:
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып,байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз-Астананы салдық.Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті.Астананың 20 жылдығы- ел өміріндегі аса ірі тарихы оқиға.Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
8.Оқушы:
Біздер,қазақстандықтар,Астананы асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді келешегі кемел,әлеуеті қуатты мемлекет ретінде таныттық.
9.Оқушы:
Ғұмыр бойы күресіп қайран бабам,
Осы күнді аңсаған,армандаған.
Сарарқаның төсінде бой көтерді,
Қазақтың Астанасы-арман қалам!
10.Оқушы:
Арманның асқарындай Астанамыз,
Елорда, алтын орда бас қаламыз.
Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу,
Ерен ерлік үлгісі – дастан аңыз.
11.Оқушы:
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астанам - бақ ошағым,түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
12.Оқушы:
Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.
13.Оқушы:
Сананы түйткілдерден тазартайық,
Айтпаған шындық сөзді тартар айып.
Авторы, сәулетшісі-Астананың,
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!
(Бәрі бірге хормен)
14.Оқушы:
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ берілді және «Бейбітшілік қаласы» деп аталды.Астана –XXI ғасыр қаласы.Жаңа Астана тағдыры жас ұрпақ тағдырымен,жастардың үмітімен тығыз байланысты.
15.Оқушы:
Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы.
16.Оқушы:«Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі.
17. Оқушы:Бүгін біз Егемен еліміздегі Астанамыздың 20жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріне куә болдық. Ендеше гүлдей жайнаған Астанамыздың 20 жылдық мерей тойы құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!
ӘН: «АСТАНА» жайлы


Сценарий Мен елімді жырлаймын (21.01 KB)

