Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  Прочее  /  Сценарий "День знаний"

Сценарий "День знаний"

Әрбір адамның естелікке толы аяулы шақтардан тұратын балғын балалыққа саяхат жасайтын әдемі кештің әдемі сценарийі

23.08.2017

Содержимое разработки

Түлектер кеші

Кіре беріс алаңында қонақтар түлектерді екі қатарға тұрып қарсы алады (қолдарында шар, гүлдер болуы тиіс).

 

Түлектер  есік алдына келіп  тұрған  мезгілде  жүргізушілер  сөздерін бастап кетеді.

1-жүргізуші: Бойларында жігер күші тасыған

Кездері жоқ қиындықтан жасыған.

Түлектерім келе жатыр сап түзеп

Арналсыншы бүгінгі бар сый- құрмет

2-жүргізуші: Тірлік осы-атады жаңа таңдар,

Жаңа таңдар-алмасқан алақандар….

Өмір деген биікке дара самғап

Азамат боп  оралған аға -апалар!

1-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен бар құрметті көрсетіп,

Түлектерді қарсы алайық қол соға.  

2-жүргізуші: Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Мектептің 30  жыл өткен  түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық   

1-жүргізуші: Сыңғырла   күміс қоңырау.

Шуақты күн астында,

Мектепті еске ал осынау

Жүректер құшақ ашсын да.

Гүлдерге толы омырау

Қағылмақ  сізге  қоңырау

 

Апай түлектерге дейін барып  қастарында тұрып қоңырау соғады, түлектер  қоңыраудың соңынан еріп ішке кіреді.

Амангүл: Дружина түзеліңдер, түзу тұрыңдар! Бүгінгі 30 жылдық кездесуді ашық деп жариялаймын. Ендеше, бақытты балалық шаққа саяхат жасау ретінде пионер қатарына қабылдауды бастаймыз!

Түлектредің қолында қызыл галстук болады. Исмагулова Раушан шығып, ант беру үлгісін көрсетеді. Галстук байланады.

Фонға музыка қосу «Лаула костер»



1-жүргізуші: Кеш жарық, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Қайда менің мектеп күндерім,

Жалындаған жастық шағым, күн керім.

Дуылдатып, думандатып жүретін,

Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім

1-жүргізуші: Ақын ағамыздың сөзін еске алып, түлектер кездесуіне жиналған барша қонақтарды дастарқан басына шақырамыз!



2-жүргізуші: Иә, уақыт деген көз алдымыздан зымырап өтіп барады! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа», деп ұлы атамыз Абай айтып кеткендей алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырған, білім нәрімен сусындаған шәкірттер, бүгін еліміздің білдей азаматтары болды.

1-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың! Асель, білесің бе, бүгінгі түлектер кездесуіне арнайы әзірленген слайд шоу да бар екен?!

2-жүргізуші: Солай ма?!

1-жүргізуші: Иә, солай! Ал оның не жайлы екенін білесің бе?

2-жүргізуші: Түлектердің кездесу кеші болғандықтан, бәлкім, бұл мектеп қабырғасындағы алтын жылдардан сыр шертетін естелікке толы, құнды слайд болар?!

1-жүргізуші: Иә иә, дәл солай! Олай болса, құрметті қонақтар, назарымызды экранға аударайық.

Слайд


2-жүргізуші: Ізгілік пен парасаттың жолдарын

Аралатқан ғалымдардың мол бағын

Көрген сайын жанарыңнан оқимын

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.

1-жүргізуші: Бүгінгі кездесуімізге түлектеріміздің ұстаздары

1. Шұға апай,

2. Лена апай,

3. Қымбат апай

Ендеше сөз кезегі өздеріңізде! Қошеметпен қарсы алайық!

Мұғалімдер сөйлеп болған соң сыйлық беріледі.


1-жүргізуші: Өтті бізден балалық

Өтті бізден шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Ұсынғалы адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт, табыс,амандық 

2-жүргізушіӘу демейтін қазақ жоқ, Жанасыл, менің естуімше сенің де ән айтатын өнерің бар екен?!

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Асель! Намысқа тырысып көрейін!

2-жүргізуші: Олай болса, Ұстаздарымыздың құрметіне Жанасылдың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар! 

ӘН Жанасыл

БИ

2-жүргізуші Жанасыл, түлектер кеші ойдағыдай өтіп жатыр! Солай емес пе?! Ұлағатты ұстаздарымыздың ыстық тілектері, әсем ән де, би де осында!

1-жүргізушіИә, Асель, расында да, бүгін ерекше күн! Ал осы ерекше күнді,түлектердің тілектерімен жалғайтын сәт те таяп қалған секілді?!

2-жүргізушіДұрыс-ақ! Ал сөзді кімнен бастаймыз? Қалай бастаймыз? Ұлдар жағы бір бөлек, қыздар жағы бір бөлек сөз сөйлесе қалай болар екен, а?

1-жүргізушіОйың орынды! Тек тілек айту кезегін ерлер қауымынан бастаймыз ба, әлде қыздар қауымынан бастаймыз ба?!

2-жүргізушіҚыздың жолы – жіңішке дегендей..!

1-жүргізушіҰлдың жолы – ұлы жол деген де бар..!

2-жүргізушіЖарайды, жарайды! Әрине, бұның бәрі қалжың ғой?! Ері елін, елі ерін сыйлаған Ұлы Даланың ұрпағы емеспіз бе?! Әлбетте, сөз кезегін алдымен ерлер қауымы бастайды!

1-жүргізушіАй жарайсың, Асель! Ендеше, сөз кезегі өздеріңізіде!

ТОСТ

БИ

1-жүргізушіӘйелдерді еркектерден көп дейді,

Ойбай,

Ойбай!..

Бола берсін көп мейлі!

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді!

2-жүргізушіТаптым, таптым, осы әдемі өлең шумақтарымен түлектер кешіндегі қыздар қауымына сөз бергің келіп тұр ғой иә?!

1-жүргізушіДәл таптың! Кешегі ерке, ибалы да инабатты қыз, бүгінгі ардақты ана, аяулы әже болып отырған асыл жандарға сөз береміз! Сөз кезегі өздеріңізде!

ТОСТ

Мен қазақпын

Ән Асель

БИ

2-жүргізуші: 30 жыл бұрын мектепті бітірген түлектерге ойын. Біз сіздерге тапсырма береміз. Қазір пәннің атауын айтамыз, ал сіздер сол пәннен беретін мұғалімнің аты-жөнін ойланбастан айтуларыңыз қажет.

1-жүргізушіЕндеше, еске алу қабілеттеріңізді тексеріп көрелік!

  • 1-жүргізушіАлгебра – Рабиға апай, Орынбасар ағай

  • 2-жүргізушіҚазақ тілі – Қымбат апай, Амангүл апай, Аяпберген ағай

  • 1-жүргізушіХимия – Кабира апай, Мейрамгүл апай

  • 2-жүргізушіАӘД – Әнуар ағай

  • 1-жүргізушіОрыс әдебиеті – Қостай ағай

  • 2-жүргізушіГеометрия – Кабира апай

  • 1-жүргізушіОрыс тілі – Қостай ағай

  • 2-жүргізушіСызу –

  • 1-жүргізушіДене шынықтыру –

  • 2-жүргізушіФизика – Ырыскүл апай

  • 1-жүргізушіТарих –

2-жүргізушіАқыл-білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктедім

Сенсің өмір мектебім

Ыстық мектеп партасы

Оқулығы, картасы

Мұнша қызық болғаны

Мұғалімнің арқасы

Алғыстарым көп менің

Асыл ана мектебім-дей келе, мектеп қабырғасында жүріп-ақ, халықтың ыстық ықыласына ие болған, қазіргіше айтқанда хит әндердің орындаушылары «Таң-маң-саңқабай» ансамблін қарсы алайық!

 «Таң-маң-саңқабай» ансамблі

БИ

1-жүргізуші:

Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен,

Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен,

Күндіз-түні сені кеудемде үнсіз тербетіп,

Алысқа кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем, деп сіздерден, құрметті түлектер, мектеп өмірін еске алуды сұраймыз.

2-жүргізуші:

Әрбір түлектің ұмытпайтын ең қызықты сәттері болады. Сондай сәттерді еске алып, айтып берсеңіздер..?

Микрофон түлектерде

1-жүргізушіӨтіп кеткен сағым жылдардан сағыныштай үзінді ретінде «Матрос» биін тамашаласақ қалай болады?!

2-жүргізушіЕндеше, кеттік биге!

БИ

СЫЙЛЫҚ

1-жүргізуші: Осымен біздің түлектер кездесу кеші аяқталды.

2-жүргізушіКелесі көріскенше!





-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Воспитатель общежития

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сценарий "День знаний" (25.44 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт