Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  4 класс  /  «Әскербектің әтеші» Роза Әбілқадырова

«Әскербектің әтеші» Роза Әбілқадырова

«Әскербектің әтеші» Роза Әбілқадырова. Сабақ жоспары бастауыш сыныптың 4 сыныбына арналған

11.01.2019

Содержимое разработки

САБАҚ:

«Әскербектің әтеші» Роза Әбілқадырова

Мектеп: №30


Күні:

Мұғалімнің есімі: Зейноллина Ұлжан

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойыынша түсінбеген сөздерін белгілеу,мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.1.2 – шығарманы іштей оқып, Әскербектің әкесіне өз ойынды айтып хат жазу.

2.3.3.1 – шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмалары орындайды. Тақырыпты меңгереді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Әскербектің әкесіне өз ойынды айтып хат жаза алады.

Кейбір оқушылар:

  • Сұрақтарға толық жауап беріп, қосымша ақпарат бере алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тындаушылардың назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар


Оқулық, стикер, сандық суреті, автор суреті, бейнематериал.

Әдіс- тәсілдер

Кері баланыс, сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, «Тазалық» әдісі, ойын.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы





I.Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіңдер ме оқушылар?

II. Психологиялық ахуал Оқушы зейінін сабаққа аудару.  Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

III. Үй тапсырмасын сұрау

«Көзбен көр, сөзбен өр» үй тапсырмасын сұрау:

-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? 

- Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?

- Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті?

- «Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің?

- Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп тұрып қалды?

- Бақытжан қандай бала?

- Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?




Күн суреті, сазды әуен












Сабақтын ортасы


IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Белгісіз жаннан келген хат» әдісі.

  • Хаттың ішінде жаңылтпаш берілген.

Күн шықпай сап аттанды, 
Қуырады апшыны. 
Шырт ұйқыда жатқанды, 
Оятады ащы үнi.

Жауабы: (Қораз) 

Яғни біздің бүгін біздің өтетін тақырыбымыз «Әскербектің әтеші» деп аталады.

VІI. Мәтінмен жұмыс

- Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын

«Сиқырлы сандық» әдістемесі.

  • Мына сиқырлы сандықтағы сөздерді алып, мағынасын ашайық.

Қиқым- бұл жерде: киімнен кесіп алынған кішкентай қиынды.

V. Автормен танысу

  • Автормен таныс болайық.

Роза Әбдіқадырова – балалар жазушысы. Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. О.Меңаяқов атындағы орта мектепті 1995 жылы бітірген.

  • Барлығымыз оқулығымыздың 143-144 беттерін ашайық «Әскербектің әтеші» Роза Әбілқадырова .Мен қазір бір рет оқыймын, барлығымыз зер салып тыңдайық!

  • Оқушыларға бөлімдерге бөліп және рөлге бөліп оқытқызу

VI. Сергіту сәті.(бейнемтериал бойынша)

Ұшты-ұшты, құлын ұшты.

Ұшты-ұшты, мұрын ұшты.

Ұшты-ұшты, кептер ұшты.

Ұшты-ұшты, дәптер ұшты.

Ұшты-ұшты, қарға ұшты.

Ұшты-ұшты, арба ұшты.

VII. Мәтінге байланысты тапсырмалар орындау

«Сақина салмақ ойыны» Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді?

2. Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды?

3. Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты?

4. Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?
5. Әскербектің әтеші қалай шақырады?
6. Әскербектің әкесінің соңғы сөзін көшіріп жаз. Бұл сөйлемнен нені түсіндің?


Хат












Сандық суреті

















Автор суреті






Рөлге бөліп оқуға арналған суреттер



АКТ







Сақина суреті




Қорытынды


– Сабағымызды «Тазалық» әдісімен қорытындылайық.

VIII. Үй тапсырмасын беру. Әскербектің әкесіне өз ойынды айтып хат жаз.

IX. Бағалау. Әрбір дұрыс жауапқа стикерлер таратылады да сол бойынша оқушы бағаланады.


стикерлер

Пән мұғалімі: Бекбатырова.Н.Б

Машықкер: Зейноллина Ұлжан





-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Әскербектің әтеші» Роза Әбілқадырова (519.59 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт