Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Шынықсаң-шымыр боласың!"

"Шынықсаң-шымыр боласың!"

Әдістемелік жұмыс

1

Тәрбиешілермен жұмыс (сұраулар бойынша);

ЖСК барысында

Әдіскер

26.06.2017

Содержимое разработки

«Таңшолпан» бөбек жай-балабақшасы













"Шынықсаң-шымыр боласың"

(Отбасылық сайыс)
























2017 жыл

"Шынықсаң-шымыр боласың"

Мақсаты: Әр түрлі спорттық ойындарды үйрету. Денсаулығын нығайтып, ептілікке, ,ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін эстафеталық ойындар арқылы арттыру.
Түрі: Эстафеталық ойын
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, ысқырық,себеттер, көкөністер.
Барысы:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысқа қош келдіңіздер!

Алғашқы сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Қабанбаева Бигүл Керімбекқызына береміз.
2-жүргізуші: Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Топтарды қошеметпен шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады)

Олай болса, әр топтағы қатысушы бүлдіршіндер келіп, өз топ атауын таңдап алсын.

1. Жасұлан

2. Барыс

3. Таңшолпан

4. Қыран

5. Күншуақ

6. Жұлдыз



1-жүргізуші: Жарысты енді көріңіздер

Тек көңілді жүріңіздер!
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
2-жүргізуші:

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Балабақшамызың меңгерушісі: Қабанбаева Бигүл Керімбекқызы 2. Шаруашылық меңгерушісі: Байсаринова Эльвира Мырзахметқызы
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады :
1. «Эстафета»
2. «Қаппен секіру»
3. «Пингвин»
4. «Қасықпен доп тасу»
5. «Кім жылдам?»
6. «Шарлар шытырманы»

7. «Арқан тартыс»

1-жүргізуші: Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Таза ауа, спорт болсын дәріміз.

Еңбек етіп келгенінше әліміз,

«Алға» деген бір-ақ мақсат ұстанып,

Ал сайысқа аттанайық бәріміз!


2-жүргізуші: Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

І кезең: «Эстафета»
Шарты: Әр топ қатысушылары құрсаулардан өтіп сөредегі құрастырмақтың бір түсін таңдап алып, сол түсті жинап, үлкен ғимарат тұрғызуы тиіс. Қай топ үлкен ғимарат тұрғызса, сол топ жеңімпаз.

1-жүргізуші: Денсаулық ол-шыныққан,

Барлық денең мүшесі

Денсаулық ол-тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

ІІ кезең: «Қаппен секіру»
Шарты: Әр топ мүшелері қаптың ішіне кіріп секіру арқылы сөреде тұрған шарды мәреге алып келуі керек. Қай топ бірінші әкелсе, сол топ жеңізпаз болады.


2-жүргізуші:

Денсаулық ол-күлуің

Көңіл-күйің жадырай

Денсаулық ол- жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

IІІ кезең: «Пингвин»
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

1-жүргізуші:

Алдарыңда көп тапсырма

Қиындықтан қорықпа

Күштеріңе сенеміз

Салыстырып көреміз.

ІV кезең: «Қасықпен доп тасу»
Шарты: Әр қатысушы ағаш қасыққа кіші көлемді доп салып , ортадағы кедергілерден өтіп, жылдам келесі қатысушыға тапсырады, ал кішкентай қатысушылар қасықты қолмен ұстайды. Қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.

2-жүргізуші:

Денсаулық-бар байлығың басыңдағы

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы

Қастерлеп,мәпелесең,аяласаң

Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.

V кезең: «Кім жылдам?»
Шарты: Анасы мен әкесі басына себетті киіп, баласы лақтырған жеміс-жидекті жерге түсірмей, қолмен ұстамай себетке жинау керек. Қай топ көп жеміс-жидек жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

1-жүргізуші:

Спорт сенің серігің

Жанға дауа, қолға күш

Сергітетін адамды,

Қимыл менен қозғалыс.

VI кезең: «Шарлар шытырманы»
Шарты: Әр топтар орындық үстіндегі үрленген шарларды үстіне отырып жаруы тиіс, қалдығын жинап себетке салуы керек. Қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз.

2-жүргізуші:

VI кезең: «Арқан тартыс»
Шарты: Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға ортасына қызыл жіп байланған арқан қойылады. Ойынға қатысатын екі топ екі жақтан арқанды тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп

1-жүргізуші:

Қорытынды:

Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
Сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазы алқаларына сөз кезегін береміз.

Құрметті қонақтар, осымен «Шынықсаң-шымыр боласың» атты отбасылық сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті. Сайыста белсенділік танытқан ата-аналар мен балаларға шексіз алғысымызды білдіреміз.



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Воспитатель общежития

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Шынықсаң-шымыр боласың!" (19.01 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт