Шыныққан шымыр балдырған
Мақсаты: Баланы салауатты өмір салтына бейімдеу, ағзаны шынықтыру. Өз денсаулығын күте білуге, өзіне өзі қызмет ету дағдысына үйрету.
Құралдар: Тас толтырылған қапшық, шөпті төсеніш, су толтырылған астауша, қоянның атрибуты.
Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері.
Тәрбиеші балалармен шеңбер жасап тұрады. Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер. Қане қонақтармен сәлемдесеміз.
Сәлем дейміз-Алтын күн,
Сәлем дейміз-Жер Ана.
Сәлем дейміз баршаңа.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Жаз мезгілі
Дұрыс айтасыңдар, сол себепті біздер жаз мезгіліне сай киініп, жалаң аяқ тұрмыз.
Тосын сәт: Күнкөжек қонаққа келеді.
Сәлем Күнкөжек сен қайдан жүрсің?
Балалар, менің де сендермен бірге серуендегім келеді.
Жарайды, кел онда бізбен бірге жаттығу жаса.
Балалар, біз серуенге денсаулық жолдарын басып барамыз.
ІІ. Негізгі бөлім. «Денсаулық жолдары»
Шөп үстімен жүреміз,
Сытыр-сытыр-сытыр.
Тас үстімен жүреміз,
Тырс-тырс-тырс.
Шалшық суды кешеміз,
Шолп-шолп-шолп.
Жолдарменен жүреміз,
Топ-топ-топ
Күнкөжекпен бірге дене қыздыру жаттығуы.
Бір орында тұрып жүру.
Қолын тұмығына апарады (жуады)
Құйрығын жуады (қолын артына жасыру).
Құлақ қалқанын ұрғылау
Денелерін ысқылайды (Сүртінеді).
Жарайсыңдар, Күнкөжектер
ІІІ. Қимылды ойын «Ақ қоян»
Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп қолұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады.
Балалар барлығы бірігіп қоянды оятуға тырысады.
-Қояным, қояным,
Ұйқыңнан тұршы
Беті қолыңды жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Көйлегіңді киші
Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.
Рефлексия:
Балалар, біз бүгін не істедік?
Ол не үшін қажет?

Шыныққан шымыр балдырған (28 KB)

