Бекітемін: Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
Г.Дөңесова
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің аты-жөні: | Ибраимова Раушан Талғатқызы | |
Күні: | 20.10.16 | |
Сынып: | 5 «Ә» | |
Пәні: | Математика | |
Тақырыбы: | Шеңбер және дөңгелек | |
Негізгі түйінді идея: | Шеңбер және дөңгелек ұғымдарымен танысады, дөңгелектің диаметрін, радиусын таба біледі және оны есептерді шығаруда пайдалана алады. | |
Оқу мақсаты: | Шеңбер және дөңгелек туралы ұғымды енгізу, оқушыларға дөңгелектің диаметрін, радиусын таба білуді және оны есептерді шығаруда пайдалана алуді үйрету. | |
Табыс критерийлері | ||
Барлық оқушылар: Шеңбер және дөңгелек ұғымдарын ажырата алады | Көпшілік оқушылар: Шеңбер және дөңгелек ұғымдарын ажырата алады, дөңгелектің диаметрін, радиусын таба біледі | Жекелеген оқушылар: Шеңбер және дөңгелек ұғымдарын ажырата алады, дөңгелектің диаметрін, радиусын таба біледі және оны есептерді шығаруда пайдалана алады. |
Кезеңдер | уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Кіріспе | мин |
|
|
|
|
Негізгі бөлім I. Қызығушы-лығын ояту
| 2 мин |
Мына фигураларға назар аударыңыз. А, В, С, Д фигураларының қайсысының барлық нүктелері берілген нүктеден ( О, Е, К, L) бірдей қашықтықта жатыр? 2. Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?
| Марапат арқылы бағалау | Интербелсенді тақта | |
II.Мағына-ны тану кезеңі |
3 мин | Шеңбер –барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден (О нүктесінен) бірдей қашықтықта жататын фигура. Дөңгелек – шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі. Радиус - шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді. Бір шеңбердің барлық радиустары тең. Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның бойындағы екі нүктені қосатын кесінді диаметр деп аталады. Диаметр шеңбер радиусынан екі есе ұзын. Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп аталады.
Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындаш О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған шеңбер деп аталатын тұйық сызық шығады. О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады. Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта жатады. Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) дөңгелек деп аталады. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді радиус деп аталады.
. О О . . В . С А .
Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта болғандықтан, берілген шеңбердің радиустары өзара тең. ОА=ОС=OB – радиустар. Радиусты R әрпімен белгілейді. Шеңбердің радиусы 5 см болса, оның жазылуы: R=5 см. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. АВ – диаметр. Диаметр D әрпімен белгіленеді. Шеңбердің диаметрі 6см болса, оның жазылуы D=6см. Диаметрдің бойында екі радиус орналасады. Сондықтан диаметр екі радиусқа тең: D=2 R. Диаметр дөңгелекті екі жарты дөңгелекке бөледі. Шеңбердің центрі, дөңгелектің де центрі, шеңбердің радиусы дөңгелектің де радисы. Егер екі шеңбер (дөңгелек) беттестіргенде бір-бірімен дәл беттесе, онда ондай екі шеңбер (дөңгелек) өзара тең болады. Тең шеңберлердің (дөңгелектердің) радиустары да тең. Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. АС, СВ, АВ – доғалар. Жазылуы: .
|
| Интербелсенді тақта | |
Кездесетін жерлері |
|
Киіз үйдің табаны дөңгелек болса, оның керегелері шеңбер бойымен орналасады. Жердің параллель сызықтары – шеңберлер.
К ейбір аспаптардың шкалалары да шеңбер бойымен орналасады. Мысалы, сағат циферблатның шеңбері 12 үлкен бөлікке, 60 кіші бөлікке бөлінген. Үлкен бөліктің әрқайсысы 1 сағатқа сәйкес, кіші бөлігінің әрқайсысы 1 минутқа сәйкес. Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 – 50 көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.
|
|
| |
III.Ой толғаныс кезеңі
|
28 мин | №478 (ауызша) № 372 Шеңбердің радиусы 5 см, 3дм, 2м. Диаметрін табыңдар Монетаның диаметрі 24мм, 18мм. Монетаның радиусы неше мм?
№ 384
№386 CD=5см болатындай етіп, C және D нүктелерін белгілеңдер. Центрі C нүктесі, радиусы 2см шеңбер сызыңдар және центрі D нүктесі, радиусы 3см шеңбер сызыңдар. Шеңберлердің диаметрлерін табыңдар. Шеңберлер өзара қалай орналасады?
|
Жауабы: Диаметрі – 10см, 6дм, 4м.
Жауабы: Монетаның радиусы – 12мм, 9мм.
см см см
CD = 5см R1 = 2см R2 = 3см D1 =2 4
Жауабы: 4см және 6см.
| Марапат арқылы бағалау | Жетондар, қима қағаздар, оқу дәптері, оқулық |
| 3 мин | «Тез есепте!» Радиусы бойынша диаметрді тап: см, см, 3) см 5мм, см, см, 6) см,
|
|
| |
Қорытынды бөлім | 1 мин | Үйге №480, №484, №486 |
| оқу дәптері, оқулық | |
1 мин | Рефлексия. Қол көтеру арқылы |
|
| ||
| 1 мин | Бағалау. Жиынтық баға қою |
|
|