Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  7 класс  /  Салқындау процесі. 4-зертханалық жұмыс. «Судың салқындау процесін зерттеу»

Салқындау процесі. 4-зертханалық жұмыс. «Судың салқындау процесін зерттеу»

7-сыныпқа арналған Салқындау процесі. 4-зертханалық жұмыс. «Судың салқындау процесін зерттеу» тақырыбын оқушылардың меңгеруіне тиімді әдіс - тәсілдер алынды. Бұл жас мамандардың пайдалануына тиімді үлгі болады. Зертханалық жұмысты жасай отырып, балалар тақырыпты өте жеңіл меңгеруге мүмкіндік туады. Өте қызықты болып өтетініне сенімдімін.

11.06.2019

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:

Салқындау процесі. 4-зертханалық жұмыс. «Судың салқындау процесін зерттеу»

Мектеп: №274

Күні:. 7-сабақ

Мұғалімі:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар

Салқындау үдерісін түсінеді, салқындау қисығын салып үйренеді, зерттеушілік дағдылары дамиды

Оқушылардың басым бөлігі

Салқындау үдерісін зерделейді, салқындау қисығын салады және оны талдайды, танымдық түсініктері жетіледі.

Кейбір оқушылар

Бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіреді

Тілдік мақсат:

Оқушылар: (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым)

Заттардың салқындау үдерісіне сипаттама бере алады, маңызы, қолданылуы туралы ой қорытады. Ойын ашық жеткізе біледі. Сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Салқындау үдерісі, булану, кристалдану, конденсациялану, сублимация, десублимация

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Салқындау үдерісі, заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Заттардың күйлерін ажырата білу маңызды

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруіне сипаттама жазады

Алдыңғы оқу

Физикалық құбылыстар, заттардың агрегаттық күйлері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

3 мин





3 мин


1)Ұйымдастыру

Мақсаты: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, табыс тілеу. Психологиялық ахуал тудыру үшін «Көтеріңкі көңіл күй сыйла» тренингі.

2) Үй тапсырмасын сұрау

«Кім білімді?» әдісі Ж.Ж.

Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу, пікір алмасу, көзқарастарын бөлісуде белсенді жағдай орнату

Оқушы әрекеті: Сұрақтарға жеке-жеке жауап береді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту, дәптерге жазу.

1. Агрегаттық күй деген не? 3. Балқу деген не? 4. Қайнау деген не?

2. Заттардың неше агрегаттық күйі бар? 5. Булану деген не? 6. Заттың құрылысы неге тәуелді? 7. Газ молекулалары қалай қозғалады? 8. Сұйық үуйдегі заттарды сығу неліктен қиын? 9. Қатты күйдегі заттардың көлемі мен пішіні неліктен сақталады? 10. Диффузия құбылысы арқылы қандай күйдегі заттар молекуласының қозғалысын зерттейді?


Ортасы

Жаңа сабақ

5мин







15 мин







7 мин





5 мин

3. Жаңа сабаққа дайындық:

«Миға шабуыл» әдісі Ұ.Ж.

Мақсаты: Өз ой-пікірлерімен санаса білу.

1) Зат қандай физикалық процестерге ұшырауы мүмкін? 2) Заттардың агрегаттық күйлері өзгергенде заттарда қандай процестер жүзеге асуы мүмкін? Оқушылармен бірге заттардың агрегаттық күйлерін әңгімелеу

Оқушы әрекеті: сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды, ой-өрісін дамытады, жаттығулар жасайды

4. Жаңа сабақты оқып үйрену.

«Өзара оқу»  әдісі Т.Ж

Мақсаты: тақырыптың мағынасын ашады.

Оқушы әрекеті:

Оқушылардың мақсаты мәтінді оқу, өз ойлары мен пікірлерін айтады. Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді

5. Бекіту

4-зертханалық жұмыс. «Судың салқындау процесін зерттеу»

Мақсаты: тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау.

Оқушы әрекеті: Оқушылар материалды талдайды, экспериментті орындайды, нәтижелері бойынша тұжырым жасайды

Мұғалім әрекеті: ҚТ ережелері туралы білімдерін тексереді. Зертханалық жабдықтармен таныстырады, орындалу барысын түсіндіреді

Жұмыс барысы:

1. Салолды сұйық күйге көшкенше қыздыру

2. Салолдың суынуын әр минут сайын температура тұрақтағанша өлшеу

3. Салолдың суыну температурасының уақытқа тәуелділік графигін сызу

Ескерту: Салол болмағандықтан, суды пайдаланамыз

6. Қорытындылау

Мақсаты: оқушылардың оқу барысындағы өзін-өзі бағалауы.

Кері байланыс (Не үйрендім? Не қиын болды? Сабақтың қай бөлігі жеңіл болды?)

Сабақтан алған әсерлері мен тілектерін стикерлерге жазады.

Бағалау: формативті бағалау, топтар бас бармақ көрсету арқылы бағалайды.


Интербелсенді тақта

(басбармақ арқылы формативті бағалау)







Жазу дәптері, оқулық,флипчарт, фломастер




Термометр, 10мл стакан, спиртшам, милиметрлік қағаз, салол,


Үлестірмелі таратпалар





Оқулық, стикерлер

Аяқталуы

2 мин


7. Үйге тапсырма: §3.тақырыпты оқу

Үй жұмысының ерекшеліктерін түсіндіреді.

Оқушы әрекеті: Күнделіктеріне жазады




Оқулық

Күнделік



-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Салқындау процесі. 4-зертханалық жұмыс. «Судың салқындау процесін зерттеу» (25.02 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт