Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  Прочее  /  Сабақ жоспарыАудан,көлем ұғымын оқыту әдістемесі.

Сабақ жоспарыАудан,көлем ұғымын оқыту әдістемесі.

Аудан ұғымымен және шаршы сантиметр ұғымымен таныстыру. Палетка арқылы фигураның ауданын табу, тіктөртбұрыштың, шаршының ауданын табу арқылы іс жүзінде біліктілігін қалыптастыру. Текшенің көлемін таба білуге әдістемесін енгізу.

23.05.2018

Содержимое разработки

Ф-УЧ-22

Сабақ жоспарының құрылымы

Оқытушының аты- жөні Рахымжанова А.Қ.

Пән математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі

Топ БМ-14-3(11)

Күні 21.12.2016

Сабақтың тақырыбы : Аудан,көлем ұғымын оқыту әдістемесі.Палетка

Сабақтың түрі: теориялық

І.Мақсаты: Аудан ұғымымен және шаршы сантиметр ұғымымен таныстыру. Палетка арқылы фигураның ауданын табу, тіктөртбұрыштың, шаршының ауданын табу арқылы іс жүзінде біліктілігін қалыптастыру. Текшенің көлемін таба білуге әдістемесін енгізу.

Құзыреттіліктер: БҚ 1.Мұғалім мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну ҚҚ 1.Оқушылардың психолгиялық даму ерекше ліктерін,оқу үдерісінің мәнін ,дидактика заңдылықтарын білу. АҚ 3. Бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің оқыту әдістемесін меңгеру

ІІ Міндеттері:

а) Аудан,шаршы сантиметр ұғымы,палетка арқылы фигура ауданын табу,текше көлемін есептеу әдістемесін қолдануды уйрету

ә) Студенттердің есте сақтау,тез есептей білу,негізгі ұғымды бөліп алу дағдыларын дамыту

б) Еңбексүйгіштікке, алғырлыққа тәрбиелеу

IІI.Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері : сөздік, көрнекілік , кітаппен жұмыс, тәжірибелік ,ақпараттық технологиялар

IV. Құралдар: оқулықтар, тақта, слайдтар,қайшы,сызғыш,пленка

V. Күтілетін нәтижелер:

студенттер білу керек: Аудан,см2,дм2 , мм2 ұғымын палетка арқылы аудан есептеуді,көлем

студенттер игеру керек:Аудан,көлем есептеу тәсілдерін,палетка қолдану әдістемесін

студенттер меңгеру керек: осы тақырыпқа берілген есептерді орындай білуді


VI. Сабақ барысы1.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа қажетті құралдарын қадағалау, жаңа сабаққа нұсқау беру.

3.Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу:


Аудан қарапайым шамалардың, соның ішінде геометриялық шамалардың мысалы болып табылады. Алдымен ауданға ие болу қасиеттерінің қандай да бір затқа, яғни нәрсеге тән екенін, яғни аудан заттың қасиетін  сипаттайтынын түсіндірген жөн.

Әр түрлі заттарды үстелге қойып, олардың әрқайсысының үстел бетінің біраз жерін  алып тұрғанын көрсетуге болады. Ендеше әр заттың сәйкес бетінің ауданы бар. Көрнекі құралдарды пайдаланып, көз мөлшері мен және беттестіру әдістерімен  заттардың аудандары бірдей немесе аудандары әртүрлі болатынын көрсетуге болады, яғни салыстырып «артық», «кем», «тең» деп айтуға болады. Жазық фигураларды беттестіру кезінде олардың аудандары әр түрлі болса,  бірінің ішіне бірі толық сыйып тұрады, ал ааудандары бірдей болса, онда екеуі дәлме – дәл келеді.

Ауданды оқып үйрену мына ретпен жүзеге асырылады:

1. Алып тұрған орнына байланысты (үстелдің үстінде, партада, тақтада, бір рет ақ қағазға орналасатын) фигуралардың аудандарына тең еместігі анықталады;

2. Фигураларды беттестіру арқылы салыстыру барасында «аудан» термині енгізіледі;

3. Фигураны бірнеше бөліктерге бөліп, шыққан бөліктерден басқа фигура құрастырып  санау арқылы олардың аудандары салыстырылады.

Тақтаға геометриялық фигуралар –дөңгелектер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштарды ілеміз. Балаларға ең үлкен және ең кіші фигураларды алуды сұраймын: «Фигуралардың көлемі (үлкен, кіші) туралы айтқанда олардың несін салыстырамыз?» Фигуралардың көлемі бойынша салыстырғанда, фигуралардың ауданы салыстырылады деген қорытынды жасаймыз. Содан соң көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрыштың ауданынан кіші екенін дәлелдеулерін сұраймыз. Оқушылар көрнекіліктің көмегімен аудандарын салыстырады және қорытынды жасайды: Беттестіріп қойғанда көк тіктөртбұрыш қызыл тіктөртбұрыштың ауданың ішіне сыйып кетеді, яғни көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрышқа қарағанда кіші, қызыл тіктөртбұрыштың ауданы көк тіктөртбұрышқа қарағанда үлкен.Неғұрлым бірнеше фигуралардың ауданын салыстыртамыз. Оқулықпен жұмыс істегенде бейнеленген фигуралардың аудандарын салыстыруды ұсынамыз. (№1 тапсырма). Мұнан кейін ауданы бар заттарды атауды сұраймын. Дәптердің, оқулықтың, партаның аудандарын салыстыруды ұсынамын. Аталған заттардың қайсысының ауданы ең үлкен және ең кіші екенін сұраймын, пікірлерін дәлелдейді. Содан кейін тақтадағы фигуралардың ауданын салыстыруды ұсынамын.

Осы фигуралардың ауданын бір фигураны екінші фигурамен беттестіру арқылы салыстыруға бола ма? Егер беттестіру арқылы салыстыруға болмайтын болса, онда фигуралардың ауданын қалай салыстыруға болады?

Мүмкіндігінше, бөліктердің бірін кішкентай бөліктерге бөліп, кіші фигураларды екінші фигуралардың формасына қойып, салыстырып көруге болады деген шешімге өздері келеді. Бұл кезеңде фигуралардың бірінің торкөзін ерекшелеп көрсетіп, екі фигураны да бірдей торкөздерге бөліп, әр фигурадағы шаршылардың санын салыстыру керек екеніне көздерін жеткізеді.

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, фигуралардың бірін үлкен шаршыға, ал екншісін кіші шаршыға бөліп, фигураларды салыстыруға бола ма?Ұсынылған нұсқаны көрсетемін. Барлық фигураларға бірдей өлшем бірлігі болуы тиіс деген тұжырымға келеді.

- Енді ауданын өлшейтін өлшем бірлікті енгізейік. Қабырғасы 1см шаршыны квадрат сантиметр дейді. Ауданның өлшем бірлігін сызып көріңдер-1см2

Слайд арқылы тіктөртбұрыш пен шаршы ауданын есептеуді көрсету(слайд)

Геометриялық фигураның ауданын табу-бұл осы фигураның ішіндегі қабырғасы 1см (дм, м) шаршылардың санын есептеу

Содан кейін палетканың көмегімен фигураның ауданын анықтауды үйретеміз.Анықтама дәптерлеріне жаздыртамын.

Ауданды квадрат сантиметрлерге бөлініп сызылған түссіз,мөлдір пленка көмегімен өлшеуге болады.

S= ( а + b):2, мұнда а-толық шаршылардың саны,b-толық емес шаршылардың саны


Текше көлемі туралы мәліметтер беру.Текшенің көлемін білу үшін оның бір қырының ұзындығын білу жеткілікті Текшкнің өлшем бірліктері 1дм3,, 1м,1см3 (слайд) Көпбурыштың ауданы мен периметрін шатастырмау үшін ауданы мен периметрі қатар табуға арналған жаттығулар ұсынылады(слайд)

Сабақты бекіту: ауызша сұрақтар,(студенттер бір-біріне сұрақтар қояды) палетка арқылы фигуралардың ауданын есептеу, оқулықтағы тест тапсырмасы , слайд бойынша есептер

4. Көптілділік принцпін қолдану:аудан-площадь,текше-куб

5.Бағалау

6.Үйге тапсырма: сабақ жоспарын құрастыру

7.Сабақты қортындылау, рефлексия

Нені қайталадық?, не білдік?, не істей аламыз? Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар болды? Себеп? Оқытушы: Рахымжанова А.Қ.














































Содан кейін палетканың көмегімен фигураның ауданын анықтауды үйретемін(№3).Анықтама дәптерлеріне жаздыртамын.

Ауданды квадрат сантиметрлерге бөлініп сызылған түссіз,мөлдір пленка көмегімен өлшеуге болады.

S= ( а + b):2, мұнда а-толық шаршылардың саны,b-толық емес шаршылардың саны

V Өткен тақырыпен жұмыс :

№4.Амалдардың орындалу тәртібін анықтап есептейді.

№5 тапсырманың орындалуы менің басшылығыммен жүргізіледі.



VІ Сабақты қорытындылау.

VІ1 Үйге тапсырма :№6,7 және полиэтилен пленкадан палетка жасау.



 

 

 

Скачать материал

Начальная школа 1-2

14 000 руб.2 800 руб.

СМОТРЕТЬ ПОДРОБНЕЕ

Видеоуроки проекта «Инфоурок» на флешках USB

Начальная школа 1-2

278

44 часа



-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие пространственных представлений школьников в обучении математике в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ жоспарыАудан,көлем ұғымын оқыту әдістемесі. (22.59 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт