Сабақтың тақырыбы: « Жақсылықпен жаным дос»
Cыныбы: 5 сынып
Сабақтың мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйренеді, ішкі тыныштық құндылығының мәнін аша түседі. Міндеттері: -оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру; - жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ; - іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету. | Ресурстар: құралдар |
Сабақ барысы:
Тыныштық сәтi. -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен» - деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал, енді «бір,екі,үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Үй тапсырмасына «Жақсы көңіл-күй – жан шуағы» тақырыбына эссе жазып келу. |
|
3. Топқа бөлу. Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу. Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа 1 мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі. |
|
4. Дәйексөз. «Жақсы сөз – жарым ырыс» 1. Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? 2.Қандай жақсы сөздерді білесіңдер? 3.«Жарым ырыс» дегенді түсіндеріңдер? | Халық мақалы |
|
|
Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс. Екі топқа екі түрлі ертегіден үзінді беріледі.
| Балалар ертегі желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ болып бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастыру қажет. |
|
|
Үй тапсырмасы. 1.С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 2. « Адам» сөзіне синквейн жазу. |
|
|
|
Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс. Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады.Ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Рефлексия -Сабақ ұнады ма? -Немен ұнады? -Сабақтан қандай әсер алдың? |
|