«Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» КММ
Сабақ жоспары
Тақырыбы: «С-Ш дыбыстары»
Логопед : Ш.Б.Досмагамбетова
Тақырыбы: «С-Ш дыбыстары»
Кезеңі: Дыбысты ажырату кезеңі
Мақсаты:
Білімділік: дыбыстың дұрыс артикуляциясын бекіту, Ш дыбысын буында, сөзде дұрыс айту дағдыларын бекіту.
- Түзетушілік – дамытушылық: артикуляциялық қалпын қалыптастыру, дұрыс тыныс алуын және фонематикалық естуін дамыту. С, Ш дыбыстарын дұрыс айтып, ажыратуға үйрету;
Тәрбиелік: сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі:
Артикуляциялық кескін, артикуляциялық жаттығулар, моншақ, суреттер, қоржын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныс алу жаттығулары.
«Насос»
«Жарылған шар»
«Ұшып жүрген масалар»
Балалардың дыбысты ұзақ және қатты айтуын, арасында қосымша ауа жұтпай бір дыбыстан екінші дыбысқа бірқалыпты ауысуын қадағалау.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Сауысқанды, сәбізді,
С
арымсақты, сағызды,
Бастап тұрған қай әріп?
Шағала боп шалқарды
Ш
арлаймын, шарқ ұрамын.
Шанышқының басындай,
Үш тармақтан тұрамын.
Мен жасырған жұмбақтар қай дыбыстарға арналған?
Сонымен бүгінгі сабақта қандай дыбыстарды қайталаймыз?
Балалар, с-ш дыбыстарының кескінін еске түсірейік.
| С дыбысы | Ерін жымиып тұрады; Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық; Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады; Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық пайда болады, сонымен ауа жолы жүреді; Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады; Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;
|
| Ш дыбысы | Ерін аздап дөңгеленеді; Тістер не қысылған, не жақындаған, арасында жіңішке саңылау1-2 мм болады; Тіл таңдайға ожауланып көтеріледі, оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді. Алдыңғы ұшы альвеол артындағы таңдайға тиіп, ортасында жарты ай қуысын жасайды; Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді;
|
Тілге арналған жаттығулар.
Саңырауқұлақ
Мақсаты: тілді жоғары ұстауын үйрету, тіл асты желбезегін созу.
Қысқаша сипаттамасы: ауыз кең ашып, тілдің ұшын таңдайға жапсырып 10-15 секунд ұстап тұру керек.(тіл сағырауқұлақтың қалпағына, ал керілген тіл асты сіңірі оның түбіртегіне ұқсайды).
| Ауызды кең ашамыз, Тілдің ұшын таңдайға Жабыстырып тұрғанда, Саңырауқұлақтан аумайды, ә!.
|
|
| Тәтті тосап Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтерілуін және тілді кесе тәрізді қалыпта ұстауын үйрету. Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары, төменгі ерінді және сағат тілімен айналдыра жалау. Жаттығуды 5-6 реторындау керек. | |
| Тәтті тосап жеп алайық, Жағылып бәрі қалғасын. Ерінді тілмен жалайық, Шіріш болып қалмасын.
|
|
| Сылақшы Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, елгезектігін жаттықтыру. Қысқаша сипаттамасы: жымиып, аузын ашып, тілді алға-артқа жылжыта отырып, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау керек.
| |
| Доп секілді аузымыз Ашып тұрсақ қандай-ды Тіл ұшымен сипалап Сылайықшы таңдайды
|
|
Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Қазір «Кім зейінді?» ойынын ойнаймыз.
Мен бірнеше дыбыстарды айтамын, ал сендер с, ш дыбыстарын естісеңдер қолдарыңдағы жалаушаларыңды көтеріңдер.
а, у, с, о, к, з, ш, л, с, ж, ы, ц, з, б, с, ж, р, з
С-Ш дыбыстарын буында ажырату.
«Моншақтарды тізейік» ойыны.
Тақтада жазылған әр буындарды айту арқылы моншақтарды жинау.
ша-са ши-си шло-сло
шо-со ше-се шла-сла
шу-су ші-сі шлу-слу
шы-сы шә-сә шлы-слы
Сергіту сәті.
Қақпаға туралап,
Ұр допты оң аяқ.
Қақпаға туралап,
Ұр допты сол аяқ.
Оң аяқ, сол аяқ.
Жаттығу оңай-ақ.
С-Ш дыбыстарын сөзде ажырату.
«Өз суретіңе орын тап» ойыны.
Ойын шарты: тақтаның оң жағында С әрпі, сол жағында Ш әрпі ілінеді. Қоржын ішінде С-Ш дыбыстары бар суреттер салынған. Балалар суретті алып тақта алдына шығады да, анық айтып дыбыстардың астына сәйкес суретін қояды.
Суреттер: шана, сандық, қасық, шалғы, қуыршақ, ұшақ, шаш, арыстан, барыс, тоқаш, сүлгі, ыдыс.
Қорытынды кезең
- Бүгінгі сабақта қай дыбысты дұрыс айтып үйрендік?
Ш, С дыбыстарын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады?
Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!
Үй тапсырмасы.
Суреттерді атап, С, Ш дыбыстарының орнын белгілеу керек. Сау болыңыздар!


Сабақ жоспары "С-Ш дыбыстары" (640.5 KB)

