Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз
Сабақтың мақсаты: Қазақ елінің жүріп өткен жолдарын, тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керектігін түсіндіру.Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге сүйіспеншілігін арттыруға, саналылыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөз, жалаулар, суреттер, рәміздер, слайдтар.
Сабақтың жүрісі:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті кешіміздің көрермені. Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Міне, тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл . Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен, сол жолда талай боздақтарымыздың қаны төгілген қасиетті тәуелсіздігіміз нығайтылып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Ендеше «Тәуелсіз елдің ұланымыз » атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Ақансері:
Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы?!
Жазира:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Нұрхат:
Елбасымыз саған мәңгі ризамыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де әніміз.
Көрніс:
Немересі жүгіріп әжесіне келеді.
Немересі::Әже- өткен өмір деген не?
Әжесі :Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ат-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ендеше , сол тарих туралы айтып бересіз бе?
Әжесі: -Ендеше балам, тыңда .
Болмаса да оқыған тарихшы атым
Жинадым ескілерден тарих хатынz
Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса
Айтылған аталардың аманатын
Дұрыс айтасың, балам , сен де өз тарихыңды білуің керек. Ендеше теледидарды қос, еліміздің тарихын тыңдайық.
Слайд: Желтоқсан оқиғасы туралы.
Жүргізуші:
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды, Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т. б. жауапқа тартылды. 16 желтоқсан. Бүл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлык күні, өктемдік үні еді.
Слайд. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова суреттерін көрсету.
Әжесі: Бұған да тәубе, Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Әже, Егемендік деген не?
Әжесі: Егемендік "иесі мен" деген сөз, көптен бері естімеген сөз. "Егеменді" деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі. Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерің тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпақтарым
Гимн орындалады.
- Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешіріп, өз тәуелсіздігін алды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.
«Мен елімді сүйемін» ортаға балалар шығып өздерінің композициясын құрайды.
Сұрақтар:
1.Қ.Р.Президенті кім?
2.Қ.Р.рәміздеріне не жатады?
3. Онда нелер бейнеленген?
4.Бас қаламыз қай қала?
Ақниет:
Тәуелсіздік сан ғасырлар келмеді ғой
Аңсаған ұлыларым бүгінгіні көрмеді ғой
Ұлылығын асқақтатқан ата-баба
Ұрпақтары тәуелсіз боп жүреді ғой.
Саят:
Туған елім, туған жерім тәуелсіз ел-Қазақстан
Жарқырап нұрлана бер егемен еріктегі Қазақстан
Елтаңба ,көк байрағың,Әнұраныңмен
Әлемге таңыла бер тәуелсіз ел-Қазақстан.
Темирлан:
Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Кезекті әнге береміз. Көк тудың желбірегені Орындайтын Исабай Ақансері.
Жүргізуші:Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.