Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: ________ Мерзімі: ___________
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік — оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен таныстыру;
Дамытушылық — туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік — оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, өлеңдер оқу, сөзжұмбақ шешу
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның мемлекеттік рәміздері, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар, кесте.
Тақтада қанатты сөздер жазылған:
Туған жер – алтын бесік.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
М. Мақатаев
Сабақтың барысы:
ҚР - ның әнұраны орындалады.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу
Ә) Кезекшімен тілдесу және сабаққа даярлықтарын тексеру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай? Жерде не жатыр?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан».
Әр азамат өзінің туған жерін, елінің тарихын, мәдениетін біліп өсуі керек.
- Сонымен, балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- «Отан» деген сөзге қандай басқа мағыналас сөздерді білесіңдер?
- Біздің Отанымыз қай мемлекет және ол қандай?
- Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
- Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Тыңдалым. Оқушылар компьютерден құлаққап арқылы Отан туралы мақал - мәтелдерді үш тілде тыңдап, ауызша түсінгендерін айтады.
1. Отан - оттан да ыстық
Родина жарче огня
The birthplace of the hotter the fire
2. Отанды сүю – отбасынан басталады.
Родина начинается с семьи
The Motherland starts from the family
3. Отансыз - адам,
Ормансыз бұлбұл
Человек без родины
Как соловей без леса
A man without a country
Like a Nightingale without a forest
Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру мақсатында «Сандар сөйлейді» ойыны.
(оқушылар сандарға жасырылған маңызды оқиғалы жылдарда не болғанын анықтап, айтады)
1. 1991 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.
2. 1992 жыл – Мемлекеттік рәміздерді белгіледік.
3. 1995 жыл – Ата Заңымыз қабылданды.
4. 1997 жыл – Жаңа әнұранның қабылданған жылы.
5. 1989 жыл – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған жылы.
Оқулықпен жұмыс
3 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.
Менің туған жер..., Отан.. – Қазақстан. Қазақстан - көп ұлтты республика.
Қазақстан... астанасы – жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент.. – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(жазба, аударма жұмысы орындалады)
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі
- Балалар, біз енді Отанымыз туралы білімімізді тексеру мақсатында сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз
ІІ. Оқушыларды кәмпиттер арқылы 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
1 - топтың аты - «Атажұрт»
2 - топтың аты - «Атамекен»
1 - сайыс. «Фонетика елінде» деп аталады. Бұл сайыстың шарты: әрбір топ интерактивті тақтада жасырылған ұяшықтардың біріндегі Қазақстанның бір қаласының атауын атайды.
2 - сайыс. «Мақал - сөздің мәйегі» деп аталады.
Бұл сайыстың шарты бойынша топ мүшелері Отан туралы мақал - мәтел айтып жарысады. Қай топ көп мақал - мәтел айтса сол топ жеңіске жетеді. Әрбір мақал айтқан балаға түсті парақшалар беріледі.
3 - сайыс. «Менің қалам» деп аталады.
Екі топқа екі үлкен парақша беріледі. Оқушылар сол парақшаларға өздерінің болашақ қаласының суретін салып, қорғайды.
Бекіту. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардікі» дейді. Елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Қорытынды ретінде ТЕСТ жұмысын орындату
Тест жұмыстары.
1. «Отан» дегеніміз не?
а) адамның туып - өскен жері
ә) ұнайтын мемлекет.
2. ҚР жер көлемі қандай?
а) ұлан байтақ
ә) кішкентай
3. ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?
а) 1990ж. "
ә) 1991 ж.
4. ҚР рәміздерінің қатарын көрсет.
а) қазақ тілі, барыс, президенттің жолдауы
ә) ту, елтаңба, әнұран.
5. Мақалды аяқта:
Отансыз адам -...
а) ормансыз бұлбұл
ә) сусыз гүл
Балалар, алда үлкен мереке. ҚР - ның Тәуелсіздік күні, сондықтан сендерге мынадай тапсырма беремін. Парақшаларға өз тілектеріңді жазыңдар.
(Балардың жазған тілектері тыңдалады).
Бағалау. Ең көп парақша жинаған топты анықтау және оқушыларды әр түсті парақшалар бойынша бағалаймын.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан» (22.06 KB)

