Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  5 класс  /  Сабақтың тақырыбы: "Бөлшек сандардың ондық жазылуы"

Сабақтың тақырыбы: "Бөлшек сандардың ондық жазылуы"

Саба?ты? та?ырыбы: "Б?лшек сандарды? онды? жазылуы"

10.04.2017

Содержимое разработки

Математика пәні мұғалімі: Мендыгалиева Зауре


Пәні: Математика

Сыныбы: 5 «А»

Сабақ тақырыбы: «Бөлшек сандардың ондық жазылуы»


Мақсаты:

а) білімділік; ондық бөлшек туралы түсінік беру, ондық бөлшекті

жазып, оқи білуге, жай бөдшектерді ондық бөлшек түрінде

жазуға үйрету

ә) дамытушылық; оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру,

практикалық дағдыларын қалыптастыру

б) тәрбиелік; ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу


Сабақтың түрі: Дәстүрлі жаңа тақырыпты игерту сабағы


Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, ой қозғау, әр түрлі ойын элементтері


Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дидактикалық үлестірмелі

карточкалар, рейтинг айнасы (плакат)



Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа қатынасын анықтау, алдағы жұмыстарға дайындық жасау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырыпқа алдын ала даярлық үшін берілген тапсырманың орындалуын көріп шығу, жаңа тақырыппен байланыстыра отырып талдау.

ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс

Бөлімдері 10, 100, 1000 т.с.с. болатын жай бөлшектерді бөлімсіз жазуға болады. Ол үшін алдымен бөлшектің бүтін бөлігін, сонан соң үтір қойып алымын жазады. Мысалы:

Осындай мысалдар арқылы оқушылардың көмегімен қорытындыға келіп, ондық бөлшектің оқылуы мен жазылуы түсіндіріледі.

Қорытынды: Бөлімдері 10, 100 т.с.с. жай бөдшектің ондық бөлшек түрінде жазылуында оның бөлімінде қанша «нөл» болса, үтірден кейін сонша цифр болу керек. Мысалы:

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.

Мысалы: 35,418 ондық бөлшегінде үш ондық таңба бар. Олар: 4, 1, 8 цифрлары.

Ондық бөлшектің соңына 0-ді немесе бірнеше 0-ді тіркеп жазғаннан, немесе алып тастағаннан ондық бөлшек өзгермейді. Мысалы: 4,62=4,620=4,6200, керісінше, 4,6200=4,620=4,62

Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 және 5 сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын, қысқартылмайтын жай бөлшектер ондық бөлшекпен жазылады. Мысалы:

Демек, жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін, жай бөлшектің бөлімі, 10, 100, 1000 т.с.с. болатындай етіп, алымын да, бөлімін де натурал санға көбейту керек.

Бөлімдерінің жай бөлшектерге жіктелуінде 2 және 5 сандарынан басқа, жай көбейткіштер болатын жай бөлшектер ондық бөлшекке айналмайды. Мысалы:


ІV. Бекіту

Есеп № 934 (Ауызша есептеу)

Ондық бөлшектерді оқып, бүтін бөлігін және ондық таңбаларын жеке-жеке атап шығыңдар:


Есеп № 935 (Фигуралармен жұмыс)

А, В және С фигураларының: 1) боялған бөліктерін; 2) боялмаған бөліктерін ондық бөлшек түрінде жазыңдар:









А В С


Есеп № 938 (Мәтінді есептер)

Ондық бөлшектерді жазыңдар: 1) бір бүтін оннан екі; 2) үш бүтін жүзден жетпіс бес; 3) тоғыз бүтін мыңнан он сегіз; 4) алты бүтін он мыңнан жеті жүз сегіз.


Үй тапсырмасымен жұмыс

Үйден дайындап келген мысалдарын жаңа тақырыппен байланыстыру.


Есеп № 939, 940 (Жұбыңды тап)

Жауаптары:


Есеп № 943 (Адасқан сандарды тап)


Ондық бөлшекке айналатындар Ондық бөлшекке айналмайтындар



V. Қорытынды


Математикалық диктант

  1. Бөлімдері 10, 100, 1000 және т.с.с болатын жай бөлшектерді ... түрінде жазуға болады

  2. Санды ондық бөлшекпен жазғанда бүтін бөліктен соң ... қойылады.

  3. Жай бөлшектің ондық бөлшек түрінде жазылуында оның бөлімінде қанша ... болса, үтірден кейін сонша цифр болады.

  4. Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ... деп аталады.

  5. Бөлімдерінің жіктелуінде ... сандарынан басқа жай көбейткіштер болмайтын қысқармайтын бөлшектер ондық бөлшек түрінде жазылады.



VI. Үйге тапсырма


Есептер: № 939, 940, 944


VII. Бағалау (Рейтинг айнасы бойынша)



























«С.Қондыбай атындағы №22 білім беру орта мектебі» КММ








Тақырыбы:


Бөлшек сандардың ондық жазылуы

(Ашық сабақ)







Пәні: Математика


5 «А» сыныбы
























Ақтау-2016













-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики и информатики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 3560 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақтың тақырыбы: "Бөлшек сандардың ондық жазылуы" (109 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт