Сабақтың тақырыбы
Суды қорғау
Сабақтың мақсаты
1.Су туралы өткен сыныптардан және өмірден білетіндерін еске түсіру; бағдарламаға сәйкес жаңа біліммен толықтыру.Жердегі тіршілік үшін судың маңызы барын түсіндіру.
2.Оқушылардың алған білімдерін жүйелі түрде баяндауға машықтандыру. Дүниетанымдық ой-өрісін, белсенділік қабілетін дамыту.
3.Қоршаған ортаны қорғауға, тазалығын сақтауға, суды үнемдей білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Психологиялық сәт
Мен әрқашанда:
Ұстазымды тыңдауға,
Тапсырманы орындауға,
Тыныштықты сақтауға,
Зерек болуға дайынмын!
Үй тапсырмасын тексеру. Географиялық диктант 1.Су-....... түрлі күйде болады. 2.Су жер бетінің ...................бөлігін алып жатыр. 3.Ертіс өзенінің бойында .....қалалары орналасқан. 4.Дүние жүзіндегі ең терең көл - ............. 5.Өзеннің басталар жерін..............деп атаймыз. 6.Қазақстандағы ең ұзын суы мол өзен-..............өзені. 7. Салмағы 70 кг адамның денесінде ........кг су бар. 8. Ішуге жарамды судың 1 литрінде .........грамм еріген тұздар болады. 9. Теңіз деп аталатын үлкен көл............
10.Аралдан кейінгі ірі көл - .................
Мұхит, теңіздегі сулар бұзылмас
үшін, судың құрамының 3-4 пайызы
тұзды болады.
Мұхит суы- тұзды су.
Жердегі барлық судың
97,2 пайызы ішуге жарамсыз
Жер бетіндегі тұщы судың 97 % Солтүстіктегі мұздықтар мен Антарктида үлесіне тиеді.
Тұщы судың 3 пайызын өзендер мен көлдердегі су қоры құрайды.
Су- жер бетіндегі ең қарапайым сұйықтық
- Мөлдір
- түссіз
- Иісі, дәмі жоқ
- Ағады, көлемі жоқ
Судың көлемі жоқ:
құйылған ыдыс формасына енеді.
Су үш күйде болады: қатты, сұйық, газ тәрізді.
Мұз- табиғаттағы судың қатып қалған түрі
- 0 С градуста су мұз болып қатады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек адамзат ауруының 90% сапасыз судың әсерінен болады.
Тәбетсіздік
туады
Бас ауырады
Су жетіспегенде
Бас айналады
Ойдың тынықтығы
бұзылады
Шаршау,әлсіздік пайда болады
Ауыз суының ең залалсызы -қайнаған су
Суды үнемдеу жолдарын ұсынамын:
- Тіс тазалағанда, қырынғанда суды өшіріп қою
- Өзен, көл жағасында ағаш, терек отырғызу
- Шомылғанда ванна емес душты пайдалану
- Бұзылған су құбырларын тез жөндету
Су жүргізер тіршіліктің тамырын, Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым Судың біздер біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
Тұрсынзада Есімжанов
Кітаппен жұмыс
«О,су! Сенің не дәмің, не түсің, не иісің жоқ.Сені тілмен айтып жеткізу мүмкін емес, сенің нендей зат екендігің туралы ойланбаймыз да, бірақ құмарлана жұтып, шөлімізді қандырамыз.Сен бізді қуаныш сезімге бөлейсің».
- Тыйым сөздер: Дәптермен жұмыс
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Судың да сұрауы бар.
Түнде суға барма.
Сулы жер – нулы жер.
Суды қорғау туралы ереже:
Суды үнемде;
Шүмекті ашық қалдырма;
Лас суды ішпе;
Суды ластама;
Суды ысырап қылма;
Cөз атасы — құлақ, Су атасы — ……….
.....бұлақ.
Адамзатты сөз бұзар,
Тау мен тасты су бұзар
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас
Батыр туса – ел ырысы,
Сулы жер құрақсыз болмас
Жаңбыр жауса, жер ырысы
Бір тамшы су-
- жерге пайда
Логикалық тапсырма: Есепте немесе ойлан;
Егер сен тісіңді тазартып жатқанда құбырды жауып тұрсаң, 4 литр су үнемдейсің. Егер күніне 2 рет тазартатын болсаң неше литр су үнемдейсің? 5 адам 1 күнде неше литр су үнемдейді?
8 литр, 40 литр
Қорытынды: сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз:
Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған! Сен – күнсің! Көтерілген күліп қырдан . Сен – көлсің! Сен – орман! Сен – бұлақсың! Адамды сұлулыққа құнықтырған!
Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !
Үйге тапсырма “ Суды қорғау ” тақырыбына шағын ой-толғау жазып келу.

Сабақ тақырыбы: "Суды қорғау" (4.42 MB)

