Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 07.10.16ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Театрға саяхат».
Ортақ тақырып: Мен кіммін және қандаймын?
Мақсаты:
1) Кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырылып құрылған сахна
алаңында), түрлі қарқында қозғалу.
2) Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің
ырғақты қимылы арқылы жасау.
3) Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.
4) Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын
жағдаятына көшіру
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырып, қонаққа Айсұлу және Қуаныш атты кішкентай балалардың келгенін айтады. Қуаныш және Айсұлумен танысып, дос болуларын сұрайды. ойын: «Танысу». Әрбір бала қуыршақтарды қолына ұстап тұрып, «Сәлеметсіңдер ме!» – деп өздерінің атын атап, өз мінездеріне тән бір ерекшелігін айтады. (Сәлеметсіңдер ме, менің атым Тоғжан, мен көңілді қызбын) Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілермен танысқанына қуанышты екенін айтып, оларды керемет ғажайып әлемге саяхатқа баруға шақырады. Онда қуыршақтарға жан бітіп, жан-жануарлар сөйлеп, түрлі ғажайыптар болатынын айтады. Ол не деп ойлайсыңдар? (Театр) Тәрбиеші: – Балалар, саяхатқа шықпас бұрын маған айтып беріңдерші, театр туралы не білесіңдер? 1-тапсырма.Театр деген не екенін білесің бе? Театрға барып көрдің бе? Театрдан алған әсеріңмен бөліс.Қандай театрға бардың? Тәрбиеленушілердің жауаптары. Негізгі сөздерді үш тілде айтып үйрену. театр – театр актёр – актёр ым-ишара – жест, мимика Айсұлу:Менің сендерге қосарым бар, «театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда әртүрлі көріністер қойылады. Театр жеке-дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Театрдың негізгі үш түрі бар: қуыршақ театры, опера театры, драма театры. Театрда ойнайтын адамдарды «актёр» деп айтамыз. Актёр –әртіс, орындаушы дегенді білдіреді. | Жайлы әуен Қуыршақ Опера театры, драма театры, қуыршақ театры суреттері бейне- ленген слайдтар Қуыршақ театры: жұмсақ қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, үстел үсті театры, конус театры, қасық театры т.б. суреттерін слайд - тан көрсету.
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| Балалар, сендер театрда кімдер жұмыс істейтінін білесіңдер ме? 2-тапсырма. Суреттегі заттар не үшін керек деп ойлайсың? Тәрбиеленушілер театр қойылымдарына қажетті құралдармен танысады. Сюжетті-рөлдік ойын: «Театр»Қуаныш пен Айсұлу: – Балалар, енді театрға барайық. Ал театрға бару үшін не керек? (Билет) – Билетті қайдан аламыз? (Кассадан) – Ендеше, кассаға барайық. 1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай! 2-бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар! 1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе? 2-бала (кассир): Әрине. Балалар ақша төлеп, кассирден билеттер алады Балалар: Рақмет! Кассир: Оқасы жоқ! Балалар билеттеріне сай орындарына отырады. «Түлкі мен ешкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы көрсету. (Қосымшадан қараңыз.) Әңгімелесу. Тәрбиеленушілер ертегі мазмұнын әңгімелеп береді. Тәрбиеші балалардың көңілін кейіпкерлердің дауыс ырғағына, көңіл күйіне аударады. Айсұлу тәрбиеленушілерге: Сендер де актёр болып ойнап көргілерің келе ме? Актёр болып ойнау үшін нені білуіміз керек? Ол үшін актерлік шеберлікті игеруіміз керек. Қанеки, әртүрлі көңіл күйді көрсете аласыңдар ма? Мысалы: қуану, ренжу, ашулану, таңдану т.б. 3-тапсырманы орындау. ойын: «Бетперделердегі көңіл күйді қайталап көрсет». Тәрбиеленушілер бетперделердің көңіл күйін қайталап көрсетеді. Айсұлу: Жарайсыңдар, балалар, сендер әртүрлі көңіл күйді көрсете алады екенсіңдер, демек сендер де актёр бола аласыңдар. ойын: «Актёрлер». Тәрбиеленушілер бір-бірден жасырын суретті көріп, дауыс-сыз, ым-ишарамен балаларға көрсетеді, балалар жасырын суретте не бейнеленгенін табады. Театрдағы тәртіп ережелері Айсұлу театрдағы тәртіп ережелерімен таныстырады. Тәрбиеші дәптердің 36-бетіндегі ережелерді оқып беріп, толықтыра отырып түсінік береді. 1. Қойылым болып жатқанда тыныштық сақтау – басты ереже. Сыбырлап сөйлесуге, орынсыз қозғалыстар жасуға болмайды. Онда тек көрерменге ғана емес, актерлерге де кедергі жасауың мүмкін. 2. Театрға кешігіп баруға болмайды. Ерте келіп, шешініп, айнаға қарап, өзіңді ретке келтіруің керек. 3. Театрға әдемі киініп келу керек. Театрға бару да мереке. 4. Қойылым ұнап жатса, шапалақ ұр, ұнамаса, шулама. 1-бөлім біткеннен кейін шығып кетуге болады. Қойылым болып жатқанда орныңнан тұруға болмайды, жаныңдағы көрермендерге кедергі жасайсың. | Театр суреттері бейнеленген слайдтар, театр мамандарының суреттері Құралдар: билеттер, көлеңке театрына қажетті құралдар Көңілді әуен Әліппе-дәптер
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Рефлексия. Айсұлу мен Қуаныш балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады: көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды. |
|
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:
бірлесе әрекет ету тәсілдерін игереді;
кеңістікті бағдарлай білу дағдылары қалыптасады;
сюжетті-рөлдік ойындарға қатысып, белсенділік көрсетеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты
қимылы арқылы жасау дағдыларын меңгереді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 21.10.16ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Дұрыс сөйлеу мәнері»
Ортақ тақырып: Мен кіммін және қандаймын?
Сабақтың оқу мақсаттары
1) Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
2) Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.
3) Кеңістікте бағдарлау (ойластырылып құрылған сахна алаңында),
түрлі қарқында қозғалу.
4) Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет
ететінін алдын ала сезу.
5) Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс
әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау
Тілдік мақсат:Тәрбиеленушілер: дыбыстарды, сөздерді дұрыс, нақты айтады;сөз тіркестерін дұрыс қолданады.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу рәсімін өткізеді.Біздің топта ұл-қыздарТату-тәтті ойнаймыз.Әлемдегі бар адамғаТек жақсылық ойлаймыз.«Дыбыстар әлеміне саяхат» Қуаныш фонограммаға қоршаған ортадағы көптеген әртүрлі дыбыстарды жазып алып келгенін айтады: адамдардың, жануарлардың, музыка аспаптарының, табиғат құбылыстарының, көліктің т.б. Балалар көздерін жұмып, үнтаспадан түрлі дыбыстарды тыңдап, алған әсерлерімен бөліседі. Проблемалық жағдаят:Айсұлу кейбір балалардың сөздерді неге дұрыс айтпайтынын сұрайды. |
Үнтаспа, табиғаттағы түрлі дыбыстар
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| 1-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап жасайды. Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығуларды үнемі қайталап отыру керектігін айтып түсіндіреді. Артикуляциялық жаттығу жасау.«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» – ауызды кең ашып, тілді алға қарай сүйірлей шығарып, 10 – 15 секунд ұстап тұру керек. «Төбешік» – аузыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. Жаттығу жасап болған соң терең тыныс алып, демді қалыпқа келтіру 2-тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуларын қайталайды. Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым жыр. Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр. Ай-ай-ай – болсын көңіл жай. Жаңылтпаш Асқат пен Мақсат Жамап-жасқап, Жасапты он шақты аспап. Соның ішіндегі Ақ сапты аспабы Жап-жақсы аспап. «Тәтті сөздер» ойыны Сөздер қайда кездеседі: – адамдар бір-бірімен сөйлескенде, – ертегіде, – өлеңде, – әңгімеде, т.б. Тәрбиеші: Олай болса, бір-бірімізге «тәтті сөздер» сыйлайықшы. Тәтті сөздерге қандай сөздер жатады деп ойлайсыңдар? – Кәмпит, балмұздақ, бал, т.б. – Ал сөйлем дегеніміз не? – Сөйлем сөздерден құралады. – Кәне, осы тәтті сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырыпкөрейік. – Мен кәмпит жедім. – Мен балмұздақты жақсы көремін. – Балды аралар жинайды, т.б. 3-тапсырма. Суреттегілердің атын ата. Олардың дыбысын келтір. Мысалы: маса, ара, жылан, ұшақ, тамшы, краннан аққан су. 4-тапсырма. Біліп жүр.Пантомима (pantmimos) – оқиғаны сөзді қолданбай, ым-ишараның немесе дене қимылдарының көмегімен беретін сахналық қойылым. Суретпен жұмыс. Сахнада актёр қандай өнер түрін көрсетіп тұр? ойын: «Ыммен көрсет».Сәлем, бері кел, тыныш, үндеме, күшті, жоқ, иә, сау бол, т.б. ойын-жаттығу: «Түзет». Тәрбиеші ортада тұрады. Шеңберде тұрған балаларға допты кезек-пен лақтырып, бір сөзді бұзып айтады, бала сөзді түзетіп айтып, допты қайта педагогке лақтыру керек. (Мітап – кітап, шөмке – сөмке, саушақ – саусақ). Үш тілде сөздерді қайталату: сөз – слово тіл – речь дауыс – голос дауыс ырғағы – интонация |
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Айсұлу балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бо- яйды. |
|
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:кеңістікте бағдарлау, түрлі қарқында қозғалу дағдылары қалыптасады;
ым-ишара қимылдарын орынды жасай біледі.
Тәрбиеленушілердің көпшілігі: интонацияларды ажыратады және оларды айтады;
дауыс ырғақтарын ажырата біледі.
Кейбір тәрбиеленушілер:өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін
алдын ала сезе біледі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 04.11.16ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Мектепте не үйренемін?
Ортақ тақырып: Мектепке не үшін барамыз?
Сабақтың оқу мақсаттары:
1) Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.
2) Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін
қолдану.
3)Эмоциялық күйді анықтау және беру.
4)Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін
алдын ала сезу.
5)Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.
6) Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби
шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасау.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| қоңырау соғып, балаларды шаттық шеңберіне жинайды.Қоңырау біздің сиқырлы, Сыңғырлап ән салды. Шақырды түріп ұйқыңды, «Шеңберге тұр!» – деп баршаңды. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы күн, балалар! – Қайырлы күн, апай! Балалар мектепке не үшін барады? Балабақша сендерге ұнай ма? Балабақшадан не үйрендіңдер? Балабақша бізге керек пе? Балалардың жауаптары тыңдалады.
| Әртүрлі қоңыраулар Балабақша суреті Балабақшадағы тыныс-тіршілік туралы слайд
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| «Тіл дамыту және көркем әдебиет» бойынша оқу іс-әрекетінен өткен А. Хамзаұлының «оқу құралдары хи каясы»ертегісін естеріне түсіреді (Қосымшадан қараңыз). 1-тапсырма. «Оқу құралдары хикаясы» ертегісінің кейіпкерлерін ата. Айсұлу тәрбиеленушілерге дайындап алып келген кар- точкаларын таратады немесе таңдау жасатады. Балалар сол карточкаларға байланысты өз рөлдерін алады. Жарты топ ойнаушы, жарты топ ешқандай сурет бейнелен- беген карточкалары бар көрермендер. Тәрбиеленушілер ертегі желісі бойынша рөлдерге бөлініп, сахналайды. Бірінші топ балалары екінші топ балаларымен ауысып ойнайды. 2-тапсырма. «Бірлік болмай, тірлік болмас». Мақалдың мазмұнын талдай отырып ертегі мазмұнымен байланыстыру.3-тапсырма. Дыбысты дұрыс айту жаттығулары: Ме-ме-ме – мектеп. Дә-дә-дә – дәптер. Кі-кі-кі – кітап. Бі-бі-бі – білім. Көптілділік: мектеп – школа – school дәптер – тетрадь – notebook кітап – книга – book 4-тапсырма. Қасында отырған жұбымен оқу құралдары арасындағы диалогті құрастыруға тапсырма беріледі. 1. Өшіргіш пен Дәптер. 2. Өшіргіш пен Қаламсауыт. ойын-жаттығу: «Менің көңіл күйім» Тәрбиеші тәрбиеленушілерге: - көңілсіз, жабырқаған, ойланған, ашулы; - көңілді, күлкілі, қайырымды т.б. кейіпке еніп, адамдардың бейнесін келтіруді ұсынады. Көңіл күйді күлкімен көтеруге болатынын түсіндіреді. «Есіңде сақта» айдары.Нақты және дұрыс сөйлеу дегеніміз – барлық дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді қатесіз айту. Бұл талаптарды сақтау не үшін қажеттігі талданады. Сөздік ойын: «Дарындылар мектебі». Тәрбиеленушілер дауыс ырғағын келтіріп, әртүрлі екпінде сөзді айтады, қалған балалар дыбыс ырғағы арқылы қандай көңіл күйде айтылғанын табады. | Ертегі желісі бойынша слайд Атрибуттар Ертегі желісі бойынша суретті карточкалар Көңіл күй бейнеленген карточкалар
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Қуаныш балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауын ұсынады: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды. |
|
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін іске асыру дағдылары қалыптасады;дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту дағдылары қалыптасады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысу арқылы диологпен сөйлеу қабілеттері артады;дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту дағдылары қалыптасады,
сыбырлап және қатты айтуды ажыратады.
Кейбір тәрбиеленушілер:өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу дағдылары қалыптасады;ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 18.11.16ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»
Ортақ тақырып: Мектепке не үшін барамыз?
Сабақтың оқу мақсаттары:
1) Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.
2) Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын
ала сезу.
3) Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу.
Өткен сабақтардан алған білім:Түрлі екпінде сөйлеу, дауыс екпінінен көңіл күйді ажырата білу
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу рәсімін өткізеді. Біз ерекше баламыз, Біз әдепті боламыз. Досымызды көргенде, Қуанып қарсы аламыз. Тәрбиеленушілерге көздерін жұмып отыруын сұрайды. Тәрбиеленушілер көздерін жұмады. – Ыңғайланып отырып, өзімізді еркін сезінейік, өз бойыңдағы жылуыңды, махаббатыңды достарыңа тарат. Осылайша сендер достарыңа жылылық, ізгілік, қуаныш тілеңдер. Тілеген тілектерің өздеріңе достарың арқылы жақсылық болып қайта оралады. Терең тыныс алып, көзімізді ашайық. Балалар бір-бірімен құшақтасып, жағымды көңіл күйлерімен бөліседі. Осы жақсы қасиеттерді бойымызға дарыта отырып, «Мектеп бізге не үйретеді?» сұрағына жауап іздеп көрейік. Балалардың жауаптары тыңдалады |
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| Айсұлу мен Қуаныш балаларға «Мақтаншақ қоян» ертегісін оқып береді (Қосымшадан қараңыз). Айсұлу дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп оқып шығады, ал Қуаныш жай ғана оқып шығады. зерттеу: кімнің оқыған әңгімесі ұнағанын сұрайды. Неліктен?Тәрбиеленушілер екпін қою, дауыс ырғағының не үшін керек екенін айтады.Тәрбиеленушілер екпін қойып, дауыс ырғағын келтіріп оқу тыңдағанға жақсы, қызықты екенін анықтайды.Айсұлу балаларға әңгімені мәнеріне келтіріп айту тыңдаушының оның мазмұнын тез түсінуіне көмектесетінін айтады. 1-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап жаса. Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар мен тыныс алу жаттығуларын үнемі қайталау керектігін педагог ескеріп отыруы керек. Артикуляциялық жаттығулар:«Сағат» – тілді жіңішкертіп оңға, солға жайлап қозғау. Осылай санап отырып 15–20 рет қайталау. «Саңырауқұлақ» – ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып, төменгі жақты басып, ауызды кең ашу. «Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10–15 рет қайталау.Тыныс алу жаттығулары. ойын: «Сөздерді дауыстап және ақырын айт». Мақсаты:Дауыс аппаратын және сөйлеу тілін, есту қабілетін дамыту; сөздерді жылдамдығына, дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету; әрі жылдамдықпен, әрі дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру. Ойынның барысы:Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына бай-ланысты). Мысалы: с – з дыбыстарын салыстыру кезінде. 2-тапсырма. Жаңылтпашты әртүрлі екпінде қайталайды. Сыздық судан сүлік сүзді, Сыздықтың сүлік салмасын үзді. Жаңылтпашты ең алдымен сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады. Көптілділік:көңіл күй – настроение – сезім – чувство – 3-тапсырма. Есте сақта! Адам өзінің көңіл күйін екпінмен сөйлеу арқылы білдіреді. Сөздік ойын: «Сиқырлы сөздер». Сөйлемді әртүрлі екпінде қайталайды.Бір тәрбиеленуші ортаға шығады, қалған тәрбиеленушілер бір-бірден әртүрлі екпінмен, әртүрлі көңіл күймен «Сәлеметсің бе, досым!» – деп айтады. Ортаға шыққан тәрбиеленуші сол балаға өзінің айтқан екпінінде «Сәлеметсің бе, досым!» – деп жауап беруі керек. Осы сөйлемде қай сөзді дауысты көтеріп, қай сөзде ақырын айтылды? – Қай сөзді созып, қай сөз созылмай айтылды? – Сөздерді бір-бірінен қалай ажыратамыз? (Сөз арасында үзіліс жа-сап). Қорытынды. Біз тек қана қатты немесе жай сөйлемейміз. Біз сөздерді әртүрлі қарқында айтамыз, оны екпін немеседауыс ырғағыдейміз. Балалар, Айсұлу сендерге қызықты бір ойын алыпкеліпті. Сол ойынды сендермен бөліскісі келіп тұр. ойын: «Банан».Ойынның барысы: балалар шеңберге тұрады. Өлең сөздерін қимылмен көрсетіп, әндете орындайды.Банан аламыз (қолды жоғары созып, ағаш басынан банан алғандай қимыл жасау), Банан, банан аламыз.Әкелеміз, әкелеміз банан (алға қарай жүру). Тазалаймыз, тазалаймыз банан (қимылмен көрсету). Тазалаймыз оң жағын (оң жағын аршу). Тазалаймыз сол жағын (сол жағын аршу). Ап, жейміз (екі қолмен ауызды жауып қалу). Осы өлеңді аюдың даусымен, тышқанның даусымен, лақтың даусымен әртүрлі екпінде айтқызу |
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Айсұлу балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауын ұсынады: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бо- яйды | түрлі түсті қарындаштар
|
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру дағдылары қалыптасады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:дауыс ырғағын ажыратып, айта біледі.
Кейбір тәрбиеленушілер:өз ойын құрдастарының ортасында білдіреді; басқалардың пікірін тыңдай білу дағдылары қалыптасады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 02.12.16ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Айсұлудың туған күні(сюжетті-рөлдік ойын)
Ортақ тақырып: Менің айналамда кімдер бар?
Сабақтың оқу мақсаттары:
1) Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
2) Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.
3) Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.
4) Эмоциялық күйді анықтау және беру.
5) Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.
6) Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу.
7) Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру.
Өткен сабақтардан алған білім:Түрлі екпінде сөйлеу, дауыс екпінінен көңіл күйді ажырата білу. Сюжетті-рөлдік ойын түрлері
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Тәрбиеленушілерді шаттық шеңберіне жинайды. Бір-біріне сәлемдесуді ұсынады. Тәрбиеленушілер кезекпен ортаға шығып, сәлемдеседі. Сәлемдескен балаға бұрылып қарап, қол соғады. Бала сөзді мақұлдағандай болып басын жай ғана изейді. – Бүгін бізде ерекше күн. Бүгін – Айсұлудың туған күні. Есіңде сақта! Адамның негізгі көңіл күйлері – қуаныш, таңдану, ренжу, қорқу, ашулану. 1-тапсырма. Суреттерді қара. Қалай ойлайсың, суреттегі қай бала туған күнге барады? Не үшін олай ойладың? 2-тапсырма. Туған күнге бару үшін алдымен не тура-лы ойлайсыңдар? – Туған күн иесіне қандай сыйлық апаруға болады? Айсұлуға қандай сыйлық апаратындарын ойласты-рады. |
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| Топта талқылайды. – Туған күнге қандай сыйлық апарғың келеді, сол заттың суретін сал. – Қонаққа барғанда өзіңді қалай ұстайсың? – Туған күн мерекесін қалай өткізуге болады, онда не істейсіңдер? балаларға тілек айтқанда дауыс ырғағын анық, дұрыс айту қажеттігін естеріне салады. «Туған күніңмен құттықтаймын!» сөзін түрлі екпінде айт. Қалай айтқан дұрыс деп ойлайсың?Сыйлықты қалай ұсынасың? Көңіл күйіңді бейнелеп көрсет.ойын-жаттығу: «Әртүрлі бейнеге ауысу»Алдымен ойын жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші теріс қарап тұрады. «Әртүрлі бейнеге ауыс, қалмағын қалыс.Бір, екі, үш!» – деп айтқанда тәрбиеленушілер түрлі бейне жасап қатып қалады. Жүргізуші тәрбиеленушілерді қозғалту үшін әртүрлі қимылдар жасайды. ойын: «Фотосуретші» Топтан бір тәрбиеленуші фотосуретші болып сай-ланады. Қалғандары қуану, ренжу, таңғалу, аяныш білдіру сияқты эмоцияны көрсетіп суретке түседі. Музыкалық жаттығу: Балалар музыка әуенінің ырғағына қарай би қимылдарын жасайды (баяу, көңілді).Өлеңді ата-анаңмен бірге жатта.Сахналау. «Айсұлудың туған күні» тақырыбында сюжетті-рөлдік ойын ойнайтында-рын айтады. Ол үшін карточкалар таңдап алу-ларын ұсынады. Тәрбиеленушілер таңдап алған карточкадағы кейіпкерлердің суреті бойынша рөлдерге бөледі | Полька, вальс, марш, «Қамажай», «Қара жорға» Әліппе-дәптер Атрибуттар: ойыншықтар, бөлме жасауға арналған шымылдық, жиһаз, ыдыстар
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілерге өз жұмыстарын бағалауын сұрайды. 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.
| түрлі түсті қарындаштар
|
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді;дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады.
Көпшілік тәрбиеленушілер: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін
қолданады;сюжетті-рөлдік ойындарға қатысады.
Кейбір тәрбиеленушілер:заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіреді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 13.01.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Драма
Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»(сахналау)
Ортақ тақырып: Менің айналамда кімдер бар?
Сабақтың оқу мақсаттары:
0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.
0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану.
0.2.1.1 Командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету.
0.2.1.2 Кеңістікте бағдарлау (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында
қозғалу.
0.3.1.4. Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби
шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.
Күтілетін нәтиже: Барлық тәрбиеленушілер:
ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;
дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтады, сыбырлап және қатты айтады;
кеңістікте бағдарланады (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында
қозғалады;
командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Тәрбиеші Ақтоз мен Қуаныштың қонаққа келгенін айтып, оларды достық шеңберіне шақырады. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз адал дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең сенімді дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең мейірбан дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз шыншыл дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз қайырымды дос болып. – Балалар, Қуаныш пен Айсұлу сендермен дос болғысы келеді. – Сендер қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек? – Айтыңдаршы, бұрын-соңды сендерге достарың көмекке келді ме? Қандай жағдайда? Достық – адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап, оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі, бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды |
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| Мақалмен таныстыру. Мағынасын түсіндіру. Ағаш тамырымен мықты, Адам досымен мықты
ойын:«Достасу» Шарты: Тәрбиеленушілер шеңбер бойына жіпті ұстап тұрады. Жіпті орау арқылы кезекпен бір-біріне ұсынады. Жіп алған бала досына тілек айтып, келесі балаға береді. Ойын жіп оралып біткенше жалғасады.Суреттегі кейіпкерлер қандай дыбыс шығарады? Солардың дыбысын салып, қимылын бейнелеп көрсет. – Достық туралы қандай ертегі білесің? «Достық» ертегісін ұсынады. Тәрбиеші ертегіні суреттер көрсетіп баяндайды (Қосымшаны қараңыз). – Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата. – Құмырсқа мен балара неге жағымды кейіпкер деп ойлайсың? – Құмырсқа қара шыбын мен шегірткеден қандай көмек сұрады? – Балара оларға не деді? – Қара шыбын мен шегірткенің іс-әрекеттері дұрыс па? – Сен досыңа қандай көмек берер едің? Тәрбиеші ертегідегі кейіпкерлерінің қиын оқиға кезінде бір-біріне көмекке келгенін айтады. – Достарыңмен қандай ойындар ойнайсың? Досыңмен бірігіп ым-ишара арқылы көрсет.Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал. Сергіту сәті. Достар бірге жүреміз (қол ұстасып айнала жүру), Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу). Бірге балық аулаймыз (қолдарын алға созу), Қуанамыз, билейміз (би қимылдарын жасау). Бөлінбейді іргеміз (қол ұстасып, жоғары созу), Әрқашанда біргеміз (иілу, қол шапалақтау). Осыдан кейін «Достық» ертегісіндегі балара мен құмырсқаның достығы жайлы әңгімелеседі. Топқа тапсырма: Тәрбиеші балараның айтқан сөзінен үзінді оқиды. Топтан бір бала шығып, түрлі екпінде мәнерлеп қайталайды (сыбырлап және ақырын). Жұмбақ-ойын: «Айна». Тәрбиеленушілер қандай кейіпкерді көрсететінін ойланады. Бір бала кейіпкердің мінез-құлқы мен көңіл күйін көрсетеді. Ал басқа балалар ертегідегі қай кейіпкер екенін және кейіпкердің қай кезеңдегі бейнесін ойнап жатқанын табады. Сахналау. Тәрбиеші ертегіні сахналауды ұсынады. Тәрбиеленушілерге сиқырлы қоржыннан бір-бірден текше таңдап алуды тапсырады.Тәрбиеленушілер текшедегі ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді. Тәрбиеші тәрбиеленушілерге әртістер сахнада өздерін қалай ұстайтындары туралы түсіндіреді.Олар сахналау аяқталған соң көрермендерге қарап тұрады. Ақырын бастарын изейді. Көрермендер қол шапалақтайды. Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал.Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Досымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір-біріне көмектеседі. Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-біріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады. |
Суретті плакаттар
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілерге өз жұмыстарын бағалауды айтады. Көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды. |
|
Күтілетін нәтиже:
Барлық тәрбиеленушілер: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;
дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтады, сыбырлап және қатты айтады;
кеңістікте бағдарланады (ойластырып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында
қозғалады;командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет етеді.
Көпшілік тәрбиеленушілер:түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады;басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі.
Кейбір тәрбиеленушілер:ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 27.01.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Кішкентай маса (қуыршақ театры)
Ортақ тақырып: Менің айналамды не қоршап тұр?
Сабақтың оқу мақсаттары: 0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды қайталап айту.
0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін
білдіру.
0.2.1.4 Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің
ырғақты қимылы арқылы жасау.
0.3.1.3 Заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына
көшіру.
0.3.1.5 Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып, қуыршақ
басқарудың кейбір әдістерін білу.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Тәрбиеленушілермен ынтымақтастық қарым қатынасқа түсу. Шаттық шеңберіне жинау. Айналаға алақанмен Жылулықты шашайық. Сәттіліктер күлімсіреп, Біз сабақты бастайық. Мейірімді жүрекпен, Ақпейіл тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. – Бүгін бізге Қуаныш пен Айсұлу сиқырлы сандық алып келді. Сандықтың ішінде түрлі әуендер бар екен. Олар: көңілді, қуанышты, баяу, көңілсіз әуендер. Қане, тыңдап көрейік. Әуен ырғағына қарай өздерінің көңіл күйлерін . – Бүгін бізді Қуаныш пен Айсұлу театр көрмесіне шақырды. Көрмеге саяхат жасап қайтайық.
|
Сандық, үнтаспа, вальс, полька, марш
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| Суретте қандай театр түрі бейнеленген? Бұл театрдың ерекшелігі неде? Суреттегі қуыршақтар қалай өнер көрсетеді деп ойлайсың? Көрмеге саяхат жасау. Алдын ала дайындалған көрмеге барады. Көрмеде бірнеше театр түрлерін көрсетеді, олармен таныстырады. Өздері білетін ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелеседі. Жаттығу-ойын: «Менің көңіл күйім». Таңданады
Ренжиді
Қорқады
Қуанады Күтпеген жерден алыстан,
Досым келді сағынған Ол маған абданды алып келді Арыстанның баласы – абдан Інімнің бармағын тістеді . Енді қайда қоямыз Арыстанның баласын? Досым інімді жұбатты: «Жылағаның ұят-ты. Кәне, босқа жыламай, Көңілденші, балақай!» – Қараңдаршы, сандықтың ішінде тағы бір сыйлық бар екен. Тәрбиеші сандықтың ішінен қуыршақ театрын алып көрсетеді. Қуыршақ театрымен таныстырады. Бұл – қуыршақтарды жандандыру арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақтарға актердің қолында жан бітіп, сөйлейді. Қуыршақты сөйлетумен қойылымның мазмұны ашыла қоймайды. Көрерменге ұғынықты, әсерлі болу үшін әуен мен ырғақтың да үйлесімді болуы шарт. Тәрбиеші «Кішкентай маса»ертегісімен таныс- тырады (Қосымшаны қараңыз). – Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? – Кішкентай маса қалай мақтанды? – Маса тышқанды не үшін тістеп алды? – Тышқан нелерге жолықты? – Арыстанды кім қорқытты? – Ең батыр кім болып шықты? Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген? Кейіпкер не айтты? Топқа бөлу, тапсырма беру. 1-тапсырма. Тәрбиеші ертегі кейіпкерін атайды, тәрбиеленушілер оның жүріс-тұрысын, қимылын, дауысын салады. Топта талқылайды. 2-тапсырма. «Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойы-ны. Тәрбиеші ертегінің кез келген жерінен үзінді айта-ды, топтан бір бала шығып жалғастырады Тіл ұстарту жаттығуы. Түрлі екпінде анық және дұрыс айт. Са-са-са – Ұшып келді маса. Қа-қа-қа – Көлшікте отыр бақа (қатты, сыбырлап айтады). Ертегінің соңын өзің құрастырып әңгімеле. Сахналау. Тәрбиеші балаларға қуыршақ театрын көрсетуді ұсынады. Тәрбиеші сандықтың ішін ашып қарайды. – Мына кереметті қараңдар! Сандықтың ішінде көп жұлдызшалар бар екен. Жұлдызшаларды алып көрсетеді. Тәрбиеленушілерге бір-бір жұлдызшадан таңдап алуды ұсынады. Тәрбиеленушілер жұлдызшадағы ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді | Кішкентай маса
(қолын екі жаққа жаяды). (қолдарын кеудесіне айқастыра қойып, ау-зын бұртитады). (көздерін бақырайтады). (алақайлап қолдарын жоғары көтереді). (қуанады) (таңданады).
(жылау)
(Қорқу)
(Қуану)
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Қуаныш пен Айсұлу тәрбиеленушілерге өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады. 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды |
|
Күтілетін нәтиже:
Барлық тәрбиеленушілер:
ілікпе сөз бен фразаларды айту тыныс алуды реттейді;тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасайды;
түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып, қуыршақ басқарудың кейбір әдістерін біледі.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
интонацияларды ажырата алады және оларды сыбырлап және қатты айтады;
түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін көрсетеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
заттармен және ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіреді
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 10.02.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Гастрольдік сапарға шығу»
Ортақ тақырып: Жолдар бізді қайда бастайды?
Сабақтың оқу мақсаттары:
0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.
0.1.2.4 Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін
қолдану.
0.1.2.1 Эмоциялық күйді анықтау және беру.
0.2.1.3 Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін
алдын ала сезу.
0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби
шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасау.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Тәрбиеші тәрбиеленушілермен амандасып, жақсы ынтымақтастық қарым-қатынасқа түседі. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық, Жүрек жылуын салайық, Осы жақсы лебіздерді Бір-бірімізге сыйлайық Айсұлу мен Қуаныш балаларға Астана қаласына ертегі қоюға шақырту қағазын көрсетеді Астана қаласына гастрольге шығу керектігін айтады. Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды: – Гастроль деген не? – Гастрольге шығу үшін не қажет? Балалар өз ойларын білдіріп, гастрольге шығу үшін қандай қойылым қоятынымызды, театр эмблемасы мен бағдарламасын ойластыруымыз керек деген қорытындыға келеді
| Интерактивті тақтада күннің, жүректің суреттері
Шақырту қағазы |
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| ойын: «Дайын бол». Балалар шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиешә бір сөз айта-ды, ал тәрбиеленушілер сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: күлдіргіш (клоун) – күлдіреді, көрермен – қол шапалақтайды, әртістер – рөл ойнайды, т.б. Ойымызды жинақтадық, енді эмблеманы ойлап табуға бо-лады. 1-тапсырма: Гастрольге шығатын театрға ат қойып, эмблемасын жаса. Тәрбиеленушілер театрға ат қояды, театр эмблемасын жа -сайды. Онда нені бейнелегенін түсіндіреді. 2-тапсырма. Енді әртістер өзіміз дайындалайық. Ол үшін тіл ұстарту жаттығуларын жасайық (әртүрлі ырғақпен айту).Тіл ұстарту жаттығулары: Ер-ер-ер, Әдемі қимылдайды актёр. Ол-ол-ол, Өнерге барар жол. Актерді жұрт біледі, Сахнадан көреді. Өнері жұртқа ұнаған Сүйкімді танымал жан. ойын-жаттығу: «Буги-буги» (Қосымшаны қараңыз). Әуеннің мазмұны бойынша қимыл-қозғалыстар жасау. ойын тапсырма:«Сен ертегідегі қандай кейіпкерді сомдағың келеді?»Ертегі кейіпкерлерінің суреті салынған карточкаларды таңдау ұсынылады.– Көрермен біздің қойылым қашан, қай жерде болатынын білмейді ғой?– Ол үшін біз не дайындауымыз керек? 3-тапсырма. Афишаны безендір. Тәрбиеленушілер өз бетінше түрлі түсті қарындаштармен афишаны безендіреді. – Міне, біз гастрольге шығуға дайынбыз |
Музыка әуені Ертегі кейіпкерлерінің суреттері салынған карточкалар
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Тәрбиеленушілер сабақтағы өзінің жұмысына баға береді. 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бо-яйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.
| түрлі түсті қарындаштар
|
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады;түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады.
Көпшілік тәрбиеленушілер: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі;
ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар
негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасайды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 24.02.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Драма
Тақырыбы: «Мақтақыз бен мысық» (Қуыршақ театры)
Мақсаттары: 0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу.
0.1.1.2 Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.
0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және айту.
0.3.1.4 Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу.
0.3.1.5 Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты
басқарудың кейбір әдістерін білу.
0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби
шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| (Ұ) Жағымды эмоциялық орта тудыру Педагог тәрбиеленушілерге шаттық шеңберіне тұрып, бәрінің бірге айтуын ұсынады. Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық Күннің нұрын салайық, Таза ауадан алайық, Жылуын жүрек сыйлайық, Жиналған жылы шуақты Бір-бірімізге шашайық. – Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? – Ендеше біз Қуанышпен бірге Ертегілер еліне саяхатқа барамыз. – Саяхатқа бару үшін біз жолға шығуымыз керек. – Алыс сапарға бара жатқан адамдарға қандай тілек айтуға болады? (Ұ) ойын: «Ырғаққа сал». Педагог тәрбиеленушілерге «Жолың болсын!», «Ақ жол!» деген сөзді әртүрлі дауыс ырғағына салып айтуды ұсынады. – Сапарға немен баруға болады? – Ендеше бүгінгі сапарымызға пойызбен барамыз. «Пойыз» ойыны Бір тәрбиеленуші паровоз, қалған тәрбиеленушілер вагондары болады. Шеңбер бойымен жүріп, әуенді айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды. Пойыз: Қиындықтан қашпайық, «Пойыз» ойынын бастайық: Бип-бип, бип-бип! Мен паровоз от алам, Ертегі еліне бет алам: Бип-бип, бип-пыш... Бірте-бірте тездейміз, Тез жетуді көздейміз: У-у-у.
|
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі? Оларға сипаттама бер. Осы кейіпкерлердің бейнесін ойнап көрсет. Бірінші тапсырмадан кейін тағы да пойыз болып тұрып, өлеңдерін айтып, екінші аялдамаға келеді. (Ө) 2-тапсырма. Суреттегі кейіпкерлердің диалогін әуенге салып айт. Қандай театрда сөз әуенмен айтылады? 1. Мысық көңілді дауыспен айтады. 2. Мақтақыз ашулы дауыспен айтады. 3. Сиыр жалынышты дауыспен айтады. 4. Су тасушы қыз көтеріңкі дауыспен айтады. Педагог соңғы аялдамаға бару үшін тағы да пойыз бо - лып тұрғызып, өлеңдерін айтқызады. (Ө) 3-тапсырма. Суретте не жетіспейді? Аяқтап сал. ойын-жаттығу : Ертегі кейіпкерлерінің дыбысын сал. Мысық – мияу-мияу, тауық – қо-қо-қо, сиыр – мө-ө, тышқан – шиқ-шиқ. (Т, Ө) Қуыршақ театры арқылы ойнату ( Қосымшаны қараңыз). Педагог тәрбиеленушілерге «Мақтақыз бен мысық» ертегісін қуыршақ театры арқылы ойнауды ұсынады. Тәрбиеленушілерді санамақ арқылы рөлдерге бөледі. Санамақтан ойынға шыққан тәрбиеленушілер өздеріне ұнаған образдың қуыршағын алады. Санамақ Алма кетті домалап, Өзен бойын жағалап. Кім алманы табады, Сол ойынға барады. Қалған тәрбиеленушілер көрермен болып отырады. Көрермендерге театрдағы әдеп ережелерін еске түсірту. Сабақ соңында Қуаныш ертегі қандай іс-әрекетпен аяқталғанын сұрап, эмоциясымен бөлісуін сұрайды
|
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Ө, Қ) Қуаныш тәрбиеленушілерге сабақта өзінің жұмысына баға беруін сұрайды. 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды
|
|
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:
ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;
дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айта алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
интонацияны ажыратады және дауыс мәнерін келтіре алады;
басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсе алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты
басқарудың кейбір әдістерін біледі;
ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар
негізінде кейіпкерлердің бейнесін келтіреді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 24.02.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Мақтақыз бен мысық» (Қуыршақ театры)
Мақсаты:Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу;Түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты басқарудың кейбір әдістерін білу;
Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби
шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Жағымды эмоциялық орта тудыру. Педагог тәрбиеленушілерге шаттық шеңберіне тұрып, бәрінің бірге айтуын ұсынады. Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық, Таза ауадан алайық, Жылуын жүрек сыйлайық, Жиналған жылы шуақты Бір-бірімізге шашайық. – Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? – Ендеше біз Қуанышпен бірге Ертегілер еліне саяхатқа барамыз. – Саяхатқа бару үшін біз жолға шығуымыз керек. – Алыс сапарға бара жатқан адамдарға қандай тілек айтуға болады? ойын: «Ырғаққа сал». Педагог тәрбиеленушілерге «Жолың болсын!», «Ақ жол!» деген сөзді әртүрлі дауыс ырғағына салып айтуды ұсынады. – Сапарға немен баруға болады? – Ендеше бүгінгі сапарымызға пойызбен барамыз. «Пойыз» ойыны Бір тәрбиеленуші паровоз, қалған тәрбиеленушілер вагондары болады. Шеңбер бойымен жүріп, әуенді айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды. Пойыз:Қиындықтан қашпайық, «Пойыз» ойынын бастайық: Бип-бип, бип-бип! Мен паровоз от алам, Ертегі еліне бет алам: Бип-бип, бип-пыш... Бірте-бірте тездейміз, Тез жетуді көздейміз: У-у-у |
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| 1-тапсырма.Суреттегі кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі? Оларға сипаттама бер. Осы кейіпкерлердің бейнесін ойнап көрсет.Бірінші тапсырмадан кейін тағы да пойыз болып тұрып, өлеңдерін айтып, екінші аялдамаға келеді. 2-тапсырма.Суреттегі кейіпкерлердің диалогін әуенге салып айт. Қандай театрда сөз әуенмен айтылады? 1. Мысық көңілді дауыспен айтады. 2. Мақтақыз ашулы дауыспен айтады. 3. Сиыр жалынышты дауыспен айтады. 4. Су тасушы қыз көтеріңкі дауыспен айтады. Педагог соңғы аялдамаға бару үшін тағы да пойыз бо -лып тұрғызып, өлеңдерін айтқызады. 3-тапсырма.Суретте не жетіспейді? Аяқтап сал. ойын-жаттығу: Ертегі кейіпкерлерінің дыбысын сал. Мысық – мияу-мияу, тауық – қо-қо-қо, сиыр – мө-ө, тышқан – шиқ-шиқ. (Т, Ө) Қуыршақ театры арқылы ойнату (Қосымшаны қараңыз).Педагог тәрбиеленушілерге «Мақтақыз бен мысық» ертегісін қуыршақ театры арқылы ойнауды ұсынады. Тәрбиеленушілерді санамақ арқылы рөлдерге бөледі.Санамақтан ойынға шыққан тәрбиеленушілер өздеріне ұнаған образдың қуыршағын алады Санамақ Алма кетті домалап, Өзен бойын жағалап. Кім алманы табады, Сол ойынға барады. Қалған тәрбиеленушілер көрермен болып отырады. Көрермендерге театрдағы әдеп ережелерін еске түсірту. Сабақ соңында Қуаныш ертегі қандай іс-әрекетпен аяқталғанын сұрап, эмоциясымен бөлісуін сұрайды |
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Қуаныш тәрбиеленушілерге сабақта өзінің жұмысына баға беруін сұрайды. 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды. |
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;
дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айта алады
Түсінеді: интонацияны ажыратады және дауыс мәнерін келтіре алады;
басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсе алады
Қолданады: түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып қуыршақты
басқарудың кейбір әдістерін біледі;ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін келтіреді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:10.03.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
Мақсаты: Интонацияларды ажырата алу және оларды айту; Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау; Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Педагог тәрбиеленушілерге жағымды ахуал қалыптастырады. Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ұрайық, Күннің нұрын салайық, Таза ауадан алайық, Жылуын жүрек салайық. Жиналған жылы шуақты Бір-бірімізге шашайық. Педагог балаларға қонаққа барғанда, қонақ келгенде, мектепте, көшеде адамдар бір-бірімен қалай амандасу керектігін естеріне түсіруін ұсынады. ойын-жаттығу: «Сәлемдесу». Балаларға бірін- бірі қайталамай, әртүрлі дауыс ырғағымен және қимылдарымен сәлемдесуді ұсыну |
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| 1-тапсырма. Берілген суреттен өздерінің достарымен сәлемдескенін қайталап көрсету.Айсұлу: Әдепті баланың тәрбиесі сәлемінен-ақ көрініп тұрады. Халқымыз ежелден сәлемдесуге ерекше мән берген. Әңгімені амандасудан, есен-саулық сұрасудан бастаған. Халқымыз қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген. – Сәлемге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер? – Қазақ салтында тәулік мезгіліне қарай: «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Кеш жарық!» деп те амандасады. – Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек? – Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады. – Үйге немесе сыныпқа кірген адам отырғандармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда қалғандарымен де бірінші болып қоштасады. Адамдардың бір-бірімен сәлемдесу диалогі(балаларға атрибуттар беріп, рөлдерге бөлу). 1. Ата мен баланың сәлемдесуі. (Ассалаумағалейкүм! Уағалейкүмассалам!) 2. Ата мен әженің сәлемдесуі (Амансың ба? Есенсің бе?) 3. Әже мен немересінің сәлемдесуі (Сәлеметсіз бе? Амансың ба, шырағым?) Көптілділік: Сәлем! – Привет! Сәлеметсіз бе! – Здравствуйте! Қайырлы таң! – Доброе утро! 2-тапсырма. Қуаныш балаларды тіл ұстарту жаттығуларын жасауға шақырады: Же-же-же – мейірімді әже. Лем-лем-лем – мен айтамын сәлем. Ол-ол-ол – зерлі қамзол Педагог балаларға «Тіл дамыту және көркем әдебиет» сабағында танысқан «Кішіпейіл бала»әңгімесін еске алуды ұсынады. 3-тапсырма. Сызба бойынша «Кішіпейіл бала» әңгімесін еске түсіру. Досыңмен бірге диалог құрып айт (Қосымшанықараңыз). Педагог әңгімені сахналауды ұсынады. Балалар «Сиқырлы дорба» ішінен кейіпкерлердің суреттері бар карточкаларды алады (ана, бала, сатушы, әже). Ал қалған балалар көрермен болады. Қуаныш театрға бару үшін не керек екенін сұрайды. – Билетті қайдан аламыз? – Ендеше, кассаға барайық. 1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай! 2-бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар! 1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе? 2-бала (кассир): Әрине! (Балалар ақша төлеп, кассирден билет, бағдарлама алады). Балалар: Рақмет! Кассир: Оқасы жоқ! Балалар билеттеріне сай орындарына отырады. |
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Айсұлу мен Қуаныш балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауын ұсынады: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды |
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: бірлесе әрекет ету тәсілдерін біледі;интонацияларды ажыратады және оларды айтады
Түсінеді: тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасайды;кеңістікте бағдарланады (ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалады
Қолданады: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала
сезеді; басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 24.03.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Алтын сақа»
Мақсаты: Түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін
Қолдану; Эмоциялық күйді анықтау және беру;Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу рәсімін өткізеді. – Балалар, кәне, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге күлкімізді сыйлайық! Қол алысып кәне біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру, Қандай жақсы дос болу! – Балалар, сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқадым. Біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік! Біздің күлкіміз көңілді (қолдарын еріндеріне жақындатады),Жеткізсін жылу мен шаттықты! (Қолдарын жүрек тұсына қояды.)Бөліскен жақсы ғой өмірде (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты),Қуаныш, мейірім, бақытты (қолдарын екі жаққа созады). – Айсұлу мен Қуаныш асық ойынын жақсы көреді. Ал Айсұлу мен Қуаныштың алтын сақасын Мыстан кемпір ұрлап алыпты. Оларға бізден көмек қажет екен. Сақаны қайтару үшін Мыстан кемпірдің бізге шарты бар екен. Оның тапсырмаларын орындасақ қана алтын сақаны қайтарып алуға болады. ойын-жаттығу: «Жануарлардың кейпіне ену». Ым-ишара арқылы жануарларды келтіру. «Ғажайып дорбадағы» жан-жануарлардың суреттерін немесе ойыншықтарын алып, бейнелеп көрсетеді |
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| 1 тапсырма. Театрда бала өзін қалай ұстауы керек? Суреттен белгіле. 2-тапсырма. Артикуляциялық жаттығу жасау.орманға саяхат (тіл ертегісі) Тіл ұйқыдан оянды, Жан-жағына қарады. Аспандағы күнге қарады, Жерге түскен жапыраққа қарады. Жапырақтарды жинай бастады. Әбден жалыққан тіл орманға барады.Қарғаның дауысын естиді: қарқ-қарқ!Қасқырдың дауысын естиді: ау-у-у-у! Қасқырдан қорыққан тілҮйіне қарай жүгіреді. 3-тапсырма. Мыстан кемпір туралы қандай ертегі білесің? Мыстан кемпірдің рөлін сомдау үшін қажетті заттардың суретін белгіле. Кейіпкердің рөлін сомда. «Музыкалық тапсырма». 1. Балалар үнтаспадан бірнеше музыканы тыңдап, қандай жанрдағы музыка екенін табады. 2. Бесік жырын қандай дауыс ырғағымен айтады? 3. Патриоттық әндерді қалай орындайды? 4. Көңілді әуен қандай дауыс ырғағымен айтылады? Айсұлу балаларды тіл ұстарту жаттығуларын жасауға шақырады: Қа-қа-қа – машинаңды тақа, Алды-артыңды байқа, Табиғатты байқа, Менде үлкен сақа. Педагог:– Сендер тапсырманы толық орындадыңдар. Енді мыстан кемпір алтын сақаны Қуаныш пен Айсұлуға қайтарып берді.Кел, ойнайық! «Асық ату» ойыны.Педагог балаларды екі топқа бөледі. Белгіленген жерге 7–12 қадам) екі бала асықтарды тігіп, көмбеден сақамен атады. Сақа тиген асықты алады. Ұтылған жақ жаңадан асық тігеді. Балалар ретімен кезекке тұрып атады. Осылай ойын жалғаса береді. Ойынның соңында ең мерген баланы анықтап, мадақтау |
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Айсұлу балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауын ұсынады. 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды. |
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасайды;ілікпе сөз бен фразаларды айтуда дұрыс тыныс алуды біледі.
Түсінеді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады;өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезеді
Қолданады: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 07.04.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Көгөністер мен жемістер туралы ертегі»
Мақсаты: Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты
қимылы арқылы жасау;Өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай
білу;Басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Педагог тәрбиеленушілермен амандасып, жақсы ынтымақтастық қарым-қатынасқа түседі. «Сиқырлы жапырақ» арқылы балалар бір-біріне мейірімді сөз айтып, тілектерін білдіреді. Педагог жұмбақ жасырып, сол жұмбақтың шешуі туралы әңгімелесетіндерін айтады. Жұмбақты мұқият тыңдап, шешімін табу. Аспай піскен, Қайнамай түскен. (Жеміс) Бақшада өседі, Көп өнім береді. (Көгөніс) – Балалар, адам организміне қажет және пайдалы тағам дегенді қалай түсінесіңдер? |
Жапырақ
Көгөніс, жемістердің суреті бейнеленген слайд
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| 1-тапсырма. Сен қалай ойлайсың, көгөніс және жемістер өздерінің пайдасы туралы не айтар еді? 2-тапсырма:Тіл ұстарту жаттығуы (жылдам және жай дауыспен айту). Ша-ша-ша – есік алды бақша. Із-із-із – бақшадағы сәбіз. Ет-ет-ет – алма толы себет. Интонациямен жұмыс: Жаңылтпашты қайтала. Асан басқа жақтан Ақ сабақ асқабақ әкелді. Басқа жақтан Басқарақ асқабақ әкелді. Жағдаятты сұрақ: – Сендер қалай ойлайсыңдар, жемістер мен көгөністер ертегі кейіпкері бола ала ма? – Режиссёр деген кім? – Режиссёр болғыларың келе ме? ойын: «Мен режиссёр боламын». Педагог тәрбиеленушілерге төрт топқа бөлініп, көгөністер мен жемістер туралы өз ойларынан ертегі құрастырып, сахналауды ұсынады. 3-тапсырма: Көгөністер мен жемістерді дене мүшелерімен толықтырып, мультфильм кейіпкерлеріне айналдыр. Педагогтің басқаруымен тәрбиеленушілер көгөністер мен жемістерге көз, ауыз, қол, т.б. дене мүшелерін салып, мультфильм кейіпкеріне айналдырады. – Қуаныш бүгінгі сабаққа өзінің білетінін сендермен бөлісуге келіпті. 1. Тамақтанар алдында қолыңды жу. 2. Көгөністерді жумай жеме. Қуаныштың сұрағына жауап бер: – Актёр сахнада өзін қалай ұстауы керек? |
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Тәрбиеленушілердің сабақтағы өзінің жұмысына баға беруін сұрау: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттейді;дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтып, сыбырлап және қатты айта алады
Игереді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады
Меңгереді: тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты қимылы
арқылы жасайды;басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсед
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 21.04.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Ең керемет дәм»
Мақсаты: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттей алады;
дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтуды үйрету.
Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.Кеңістікте бағдарлану (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-қозғаушылық | Тәрбиеленушілермен ынтымақтастық қарым қатынасқа түсу. ойын-жаттығу: «Өз көңіл күйіңді көрсет». Мына сұлу әлемде Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге Күн сәулесін төгеді. – Балалар, сендердің көңіл күйлерің қалай? – Олай болса, көңілді болғанда не істейсіңдер? – Ренжігенде? – Таңғалғанда? – Қуанғанда? – Ендеше, біз бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік. тәрбиеші мақал-мәтелдің мағынасын сұрадым. Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен. |
Педагогтін артынан қайталады
Жақсы Қол шапалақтау Қабағымыз түіп жүреді көздерін бақырайту күлу |
| Ұйымдастыру-іздестіру | 1-тапсырма. Суреттегі қай баланың іс-әрекеті ұнады? Неге? Әңгімеле. Біз нанды қадірлейміз және дәмін білеміз. Басқа тамақтардың дәмі қандай болады? 2-тапсырма. Мимикалық жаттығу: беттің бұлшық етіне массаж. 1. Қышқыл тамақ жегенде. (3-4 рет) 2. Тәтті тамақ жегенде. (3-4 рет) 3. Ыстық тамақ жегенде. (4-5 рет) 4. Ащы тамақ жегенде. (4-5 рет) Көптілділік: адам – человек нан – хлеб – – Нан туралы қандай ертегі білесіңдер? «Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып беру. (Қосымшаны қараңыз.) – Сол ертегідегі тышқанның дауысын салып көрейік. 3 тапсырма.- Тышқанның дауысын салу. – Тышқан нанды көрген кезде не деді?Қалай айтты? Тәрбиеленушілер берілген сұрақтар бойынша дауыс ырғағына салып айтады.
4-тапсырма. Ертегіге қатысты суреттерді белгіле. Сахналау. Ертегіні сахналау үшін рөлдерге бөлінуіміз керек. Сол үшін бізге Айсұлу өзімен бірге қолсандық алып келіпті. Ол сандықтың ішінде тәрбиеленушілер санына сәйкес карточ-калар болады. Ертегі кейіпкерлері бар карточканы алған тәрбиеленушілер рөлдерге бөлінеді.Суреті жоқ бос карточканы алған тәрбиеленушілер көрермен болады. Сахнадағы жұмыс тәртібін еске түсіру: Актёр ойын кезінде залдағы көрермендер назарын өзіне аударады. Актёрдің сөз шеберлігі қандай болу керек? Өзіңді тыңдату үшін сөзіңді қалай жеткізуің керек? Көрерменді басқаша қалай атауға болады? (Халайық.) | Жерде жатқан нанды көтерген
Костюмдер, сахна |
| Рефлексивтік-түзетушілік | Тәрбиеші сабақта өзінің жұмысын бағалауын сұрадым. 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бо-яйды |
|
Күтілген нәтижесі:
Нені білді: ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттей алады;дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады.
Қандай түсініктерді игерді: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады;кеңістікте бағдарланады (ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі;
ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар
негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасай алады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 05.05.17ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау (сюжетті-рөлдік ойын)
Мақсаты: Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту.Интонацияларды ажырата алу және оларды айту.
Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын
ала сезу.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ұйымдастырушылық –қозғаушылық | Педагог тәрбиеленушілермен амандасып, жақсы ынтымақтастық қарым-қатынасқа түседі. Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Жүрек жылуын салайық, Осы жақсы лебіздерді Бір-бірімізге сыйлайық. – Денсаулығымыз мықты болуы үшін не істеуіміз керек? «Ыммен көрсет» ойыны. Спорт түрлерін ыммен көрсету (суда жүзу, шаңғы тебу, футбол). – Біз ауырған жағдайда бізге кім көмекке келеді? Педагог дәрігер туралы балаларға сұрақ қояды. – Жедел жәрдем орталығының нөмірін кім біледі? «Не артық?»ойыны. Ортада тұрған медициналық құралдардың арасында жемістер, көгөністер, ойыншықтар қойылған. Балалар артық затты табуы керек |
|
| Ұйымдастырушылық –ізденістік | 1-тапсырма. Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі немесе жабырқау болуының себебін анықта. Дөңгелек ішіне суретке сәйкес смайлик суретін сал. 2-тапсырма. Суретке қарап, балалар қандай дыбыс шығаратынын анықта. Қатты және жай дауыспен қайтала. – Сен қандай мамандықты таңдайсың? 3-тапсырма. Қуанышқа дәрігерге қажетті заттарды таңдауға көмектес. 4-тапсырма. Көңіл күйлерін көрсет. 1. Қуаныш дәрігерге екпе алуға бара жатыр. Ол ... (қорқады) 2. Қуаныш әжесіне дәрі алуды ұмытты. Ол ... (өкінеді) 3. Қуанышқа кішкентай баланы қарауды ұсынды. Ол ... (таңғалады) 4. Қуаныш спорттан жеңіске жетті. Ол ... (қуанады) Сюжетті-рөлдік ойын: «Емхана» (Қосымшаны қараңыз.) Балалар ана, бала, дәрігер, көз дәрігері, тіс дәрігері бар суретті алады, сол суреттерге байланысты өздері рөлдерге бөлінеді.«зейінді бол» жаттығуы. Тақырыпқа қатысты сөзді естігенде, қол шапалақтайды, басқа сөз болса, қол көтереді
|
|
| Рефлексиялық – түзетушілік
| Тәрбиеленушілердің сабақта өзінің жұмысына баға беруін, бетпердені түрлі түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бо-яйды
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: интонацияларды ажырата алады және оларды айтады;
дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айтады, сыбырлап және қатты айтады.
Игереді: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала
сезеді
Меңгереді: сюжетті-рөлдік ойындарға қатысады;
өз ойын құрдастарының ортасында білдіре алады, басқалардың пікірін тыңдай
біледі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні: 07.10.16ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Драма
Тақырыбы: «Театрға саяхат»
Мақсаттары: Кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырылып құрылған сахна
алаңында), түрлі қарқында қозғалу.
Тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің
ырғақты қимылы арқылы жасау.
Сюжетті-рөлдік ойындарға қатысу
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
| Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, қонаққа Айсұлу және Қуаныш атты кішкентай балалардың келгенін айтады. Қуаныш және Айсұлумен танысып, дос болуларын сұрайды. ойын: «Танысу».Әрбір бала қуыршақтарды қолына ұстап тұрып, «Сәлеметсіңдер ме!» – деп өздерінің атын атап, өз мінездеріне тән бір ерекшелігін айтады. (Сәлеметсіңдер ме, менің атым Тоғжан, мен көңілді қызбын) Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілермен танысқанына қуанышты екенін айтып, оларды керемет ғажайып әлемге саяхатқа баруға шақырады. Онда қуыршақтарға жан бітіп, жан-жануарлар сөйлеп, түрлі ғажайыптар болатынын айтады. Ол не деп ойлайсыңдар? (Театр) Педагог: – Балалар, саяхатқа шықпас бұрын маған айтып беріңдерші, театр туралы не білесіңдер? 1-тапсырма. Театр деген не екенін білесің бе? Театрға барып көрдің бе? Театрдан алған әсеріңмен бөліс. Қандай театрға бардың? Тәрбиеленушілердің жауаптары Негізгі сөздерді үш тілде айтып үйрену. театр – театр – theatre актёр – актёр – an actor ым-ишара – жест, мимика – gesture Айсұлу:Менің сендерге қосарым бар, «театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда әртүрлі көріністер қойылады. Театр жеке-дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Театрдың негізгі үш түрі бар: қуыршақ театры, опера театры, драма театры. Театрда ойнайтын адамдарды «актёр» деп айтамыз. Актёр – әртіс, орындаушы дегенді білдіреді | Жайлы әуен Қуыршақ Опера театры, драма театры, қуыршақ театры суреттері бейне- ленген слайдтар Қуыршақ театры: жұмсақ қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, үстел үсті театры, конус театры, қасық театры т.б. суреттерін слайд - тан көрсету
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
| Балалар, сендер театрда кімдер жұмыс істейтінін білесіңдер ме? 2-тапсырма. Суреттегі заттар не үшін керек деп ойлайсың?Тәрбиеленушілер театр қойылымдарына қажетті құралдармен танысады. Сюжетті-рөлдік ойын: «Театр»Қуаныш пен Айсұлу: – Балалар, енді театрға барайық. Ал театрға бару үшін не керек? (Билет) – Билетті қайдан аламыз? (Кассадан) – Ендеше, кассаға барайық. 1-бала: Сәлеметсіз бе, кассир апай! 2-бала (кассир): Сәлеметсіңдер ме, балалар! 1-бала: Бізге театр қойылымына билет бересіз бе? 2-бала (кассир): Әрине. Балалар ақша төлеп, кассирден билеттер алады Балалар: Рақмет! Кассир: Оқасы жоқ! Балалар билеттеріне сай орындарына отырады. «Түлкі мен ешкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы көрсету. (Қосымшадан қараңыз.)Әңгімелесу. Тәрбиеленушілер ертегі мазмұнын әңгімелеп береді. Педагог балалардың көңілін кейіпкерлердің дауыс ырғағына, көңіл күйіне аударады. Айсұлу тәрбиеленушілерге: Сендер де актёр болып ойнап көргілерің келе ме? Актёр болып ойнау үшін нені білуіміз керек? Ол үшін актерлік шеберлікті игеруіміз керек. Қанеки, әртүрлі көңіл күйді көрсете аласыңдар ма? Мысалы: қуану, ренжу, ашулану, таңдану т.б. 3-тапсырманы орындау. ойын: «Бетперделердегі көңіл күйді қайталап көрсет».Тәрбиеленушілер Әліппе-дәптердегі бетперделердің көңіл күйін қайталап көрсетеді.Айсұлу: Жарайсыңдар, балалар, сендер әртүрлі көңіл күйді көрсете алады екенсіңдер, демек сендер де актёр бола аласыңдар.ойын:«Актёрлер». Тәрбиеленушілер бір-бірден жасырын суретті көріп, дауыс-сыз, ым-ишарамен балаларға көрсетеді, балалар жасырын суретте не бейнеленгенін табады Айсұлу театрдағы тәртіп ережелерімен таныстырады. Педагог дәптердің 36-бетіндегі ережелерді оқып беріп, толықтыра отырып түсінік береді. 1. Қойылым болып жатқанда тыныштық сақтау – басты ереже. Сыбырлап сөйлесуге, орынсыз қозғалыстар жасуға болмайды. Онда тек көрерменге ғана емес, актерлерге де кедергі жасауың мүмкін. 2. Театрға кешігіп баруға болмайды. Ерте келіп, шешініп, айнаға қарап, өзіңді ретке келтіруің керек. 3. Театрға әдемі киініп келу керек. Театрға бару да мереке. 4. Қойылым ұнап жатса, шапалақ ұр, ұнамаса, шулама. 1-бөлім біткеннен кейін шығып кетуге болады. Қойылым болып жатқанда орныңнан тұруға болмайды, жаныңдағы көрермендерге кедергі жасайсың. | Театр суреттері бейнеленген слайдтар, театр мамандарының суреттері Құралдар: билеттер, көлеңке театрына қажетті құралдар Көңілді әуен |
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Рефлексия. Айсұлу мен Қуаныш балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады: көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бірлесе әрекет ету тәсілдерін игереді;
кеңістікті бағдарлай білу дағдылары қалыптасады;
сюжетті-рөлдік ойындарға қатысып, белсенділік көрсетеді.
Игереді: тірі организм мен заттардың бейнелерін ым-ишара және дененің ырғақты
қимылы арқылы жасау дағдыларын меңгереді.
Меңгереді: ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі, құралдармен жұмыс істей алу
дағдылары қалыптасады;
заттармен, ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына
көшіруді қолдана біледі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Драма
Тақырыбы:
Ортақ тақырып:
Сабақтың оқу мақсаттары
Тілдік мақсат:
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
|
|
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
|
|
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
| Тәрбиеленушілерден сабақта өзінің жұмысына баға беруін сұраңыз. 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бо-яйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады;
интонацияларды ажыратады және оларды айтады
Игереді: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала
сезеді;басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі
Меңгереді: ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар
негізінде кейпкерлердің бейнелерін жасайды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Драма
Тақырыбы:
Ортақ тақырып:
Сабақтың оқу мақсаттары
Тілдік мақсат:
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
|
|
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
|
|
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
|
|
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Драма
Тақырыбы:
Ортақ тақырып:
Сабақтың оқу мақсаттары
Тілдік мақсат:
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
|
|
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
|
|
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
|
|
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Драма
Тақырыбы:
Ортақ тақырып:
Сабақтың оқу мақсаттары
Тілдік мақсат:
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
|
|
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
|
|
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
|
|
|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Драма
Тақырыбы:
Ортақ тақырып:
Сабақтың оқу мақсаттары
Тілдік мақсат:
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
|
|
|
| Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
|
|
|
| ІҮ. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.
|
|
|

"Рухани жаңғыру" (129.47 KB)

