Тақырыбы: Ризашылық пен алғыс
Мақсаты: Оқушыларға ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен-кішеге деген сүйіспеншілігін, сыпайлық қарым-қатынасын дамыта отырып сұйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Ұйымдастыру кезеңі
5 «Т» ережесі
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге.
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге,
Ризамын, ризамын тәуелсіз еліме.
Сәлеметсіздерме құрматті қонақтар!
Здравствуйте уважаемые гости!
Hello the respected guests!
Автор: Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Расуыл мен Хасен анасына:
Расул мен Хасен: Апа, дәмді қызанақ өсіргеңіз үшін рахмет!
Анасы: Ол алғыстарынды маған айтпаңдар құнарлы, қара топырақты жерге айтыңдар!
Автор: Расул мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыстарын айтты: Расул мен Хасен: Мейрімді жер дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рахмет!
Жер: Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді, бұлтқа барыс алғыстарынды айтындар.
Автор: балалар ауыл сыртыңдағы таудың басына шықты да, бұлтқа жақындаған кезде
Расул мен Хасен: Рахмет саған жомарт бұлт! Сенің меріміңе сусындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық!
Бұлт: Сендер еңбекті бағалай біледі екенсіндер ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар!
Автор: Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да, бар дауыстарымен
Расул мен Хасен: Уа, әлемге тіршілік, бұлтқа жаңбыр берген мейрімді күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін саған көп-көп рахмет!
Күн: Ол алғыстарынды маған айтпаңдар, қызанақты отырғызып, дамылсыз бапаған адамға алғыс айтыңдар! Қызанақты дәмді еткен –ананың еңбегі
Автор: Расул мен Хасен бақшаны баптап жүрген анасына жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Анасы күлімдеп тұрып:
Анасы: Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнім береді. Еңбектеріне жұрт сүйсініп, сендерге де алғыстары мен ризашылықтарын айтатын болады. Бақшаға барып қызанақтарымызды теріп алайық.
Автор: анасы мен балалары қызанақтарды теріп үйлеріне мәз-мейрам болып кіріп кетеді.
Дәйекісөз
«Өмірге риза болып, алғыс айт»
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осы да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, барды бағалаудан басталады.
1 наурыз алғыс, ризашылық күні.
Мұғалімнің сыйы:
Балалар менің мына қапшығымда сендерге арналған сыйым бар. Бұл сыйлар жай сый емес, ризашылық пен алғыстар сыйы. Осы сыйда Осы ризашылық пен алғыс сөздерін бір-бірімізге тарту етеміз.
Рахмет, жасың ұзақ болсын, таудай бол, өркеннің өссін, бақытты бол, білімді бол, өнерлі бол, бағын жансын, мұратына жет, өнерін өрге жүзсін, азамат бол, еліңе қорған бол, айың оңыңнан тусын, алла разы болсын, мерейін үстем болсын, нұр жаусын.
Шығармашылық жұмыс:
Әріптерден бүгінгі тақырыпты шығарамыз.
Топпен ән айту
Мектеп есігін алғаш ашқанда,
Алдымнан күлімдеп қарсалатын.
Ұстаздықтан алақанында
Білімнін кілті тұрғаның сезесін.
Егеменді елінді сүюді,
Халқымен табиғатты аялауды.
Қазақстанды әр кез қорғауды
Ұйретуден жалықпаған ұстазым.
Қ/с
Ұстаздың әр сөзіне ұғынып,
Ғылымның нәрінен құнарланғанда.
Ғажайыптар әлеміне еніп
Шексіз алғыс айтамыз (ұстаздарға) біздер
Ұстаздың керек еңбегі үшін
Бас иіп бәріміз алғыс айтамыз,
Ұстаздарға жемісті еңбек
Қажімас қайрат, жарқын өмір тілейміз.
Соңғы тыныштық сәті:
Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерінді ешкімнен ешқашан аямандар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын , жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әр бір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат-Анаға мейрімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жақсы адамдарға қайрымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпандар.
Ал қазір бір-бірімізге бүгінгі күн үшін алғыс пен ризашылық сезімдерімізді білдірейік. Бір-бірлеп ортаға шығып «Бүгінгі тамаша күн үшін рахмет!»-деп ортаға келеміз.

Ризашылық пен алғыс (23.56 KB)

