Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  3 класс  /  Разроботка Конспект урока

Разроботка Конспект урока

Урок самопознание отрытый урок на тему милосердие прведенный в 3 классе

31.05.2017

Содержимое разработки

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

№_______Күні:7.02.2017 ж

Тақырып: «Мейірімділік - асыл қасиет»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімді болу, шынайылық, аянбай қызмет ету.

Мұғалiм: Спанова Г.К.

Класс: 3 «Ж» Оқушылар саны: 40


Сабақ мақсаты: Оқушылардың мейірімділік қасиеттерін шындай отырып, сүйіспеншілік құндылығын ашу.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың әрдайым бір – біріне кешірімді бола білу қасиетін дамыту;

  2. Оқушыларды шынайылыққа үйрету;

  3. Отаны, елі үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн!

Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін!

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін !

Үлкенге де сіз,

Кішігеде сіз.

Баршаңызды құрметтеп, бас иеміз біз !

. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» .(баяу әуен)

Волшебная компазиция «Хрустальная грусть» 5 мин.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады

Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

а).Мақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

ә).Мақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

б)Үйге берілген эсселерін оқиды балалар

Сабақ барысын талқылау:

Мұғалім:

2.Тақырыпқа шығу

Ал енді біздің тақырыбымызды ашу үшін видеоматериалды көруді ұсынамын. (бейнебаян көрсету) «Мейірімділік»

Қалай ойлайсыздар біздің бүгінгі тақырыбымыз неге бағыттылған немесе қандай? (МЕЙІРІМДІЛІК)

Жаңа сабақ:

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Сұрақ –жауап

«Мейірімділік – асыл қасиет»

    1. Нақыл сөздіңмән мағынасын қалай түсінесің?

    2. Не себепті мейірімділікті асыл қасиет деп атайды?

    3. Адамдар не себепті мейірбандықтан алшақтап бара жатыр деп ойлайсын?

Слайдтта сұрақтар көрсетіледі

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Енді балалар оқулықтарымызда «Сары тауық пен балапандары» деген әңгіме бар,сол әңгімені мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық. (Әңгіме балаларға мультфильм түрінде көрсетіледі)

Сұрақтар:

1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім:

Тапсырма: (интер-белсенді тақтамен жұмыс)

-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.

Мұғалім:

-Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?

(оқушылар жауабы)

- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)


кішіпейіл мейірімді бауырмал


сыпайы кешірімді

Ана



әдепті жақсы жанашыр


«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Тәртіпті болуға .... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

Сыпайы болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады),

Бұзық болуға .... (болмайды),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

Шыншыл болуға .... (болады),

Арам болуға .... (болмайды),

Маман болуға .... (болады),

Жаман болуға .... (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ....! (болмайды).


Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)

Таза мөлдір.... мейірімді! (су)

Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)

Еркелеткен .... мейірімді! (атам)

Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)





















Дәйексөз:

Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

    1. Мейірімділік ережесін құрастыру

    2. Мейірімді жан деп кімді есептейсің?

    3. Мейірімді болайықшы ағайын ұғымын қалай түсінесің?

Ұлдар тобы үй мейірімділік үйін құрастырады

Қыздар тобы мейірімділік гүлін құрастырады.

  1. Топпен ән айту.

Ана туралы жыр


Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов


  1. Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр күнін,

Жинадың сен маған.

Сен берген құстардың,

Қанаты самғаған,

Балалық құштарым,

Өзіңе арналған.

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңілді көктемдей,

Көзіңнен танимын.


  1. Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ме ай, күнін,

Қолыма түспеді.

Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңілді көктемдей,

Көзіңнен танимын.


Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім:

-Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.

Ой түйіндеу

Әр топқа мейірім ағашын құрастыруға беріледі құрап қалған ағашқа қайтадан адам бойындағы жақсы, ізгілікті қасиеттерді береміз.

Сабақты бекіту:

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.



Үй тапсырмасы.

«Мейірімділік» акциясыен құрастыруе адамдарға кқолымыздан келгенше жақсылық жасап көмек беру



Соңғы тыныштық сәтi.

Адамның бойындағы құндылықтар туралы әңгімелеу. Сүйіспеншілік құндылығы мейірімділіккк алып келеді .

























































































-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Разроботка Конспект урока (2.67 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт